Конспект урока: Тірек-қимыл жүйесін қайталау

Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні

10.12.2015 ж. Сабақ№ 27

Биология 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесін қайталау.

Сілтеме

Оқумен оқудағы жаңа тәсілдер(МАН40-42 беттер), диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлануды дамыту.( МАН 50 бет, Александер (2001,2008). Диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау ж/е оқуды бағалау. ( МАН -59 б) . Биология ,8 сынып оқулығы

Мақсаты

Оқушылардың адам қаңқасы және сүйектің құрамы туралы, тірек-қимыл жүйесі туралы алған білімдерін толықтыру, ой өрісін, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту; оқушылардың өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту, ынтымақтастыққа салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тірек-қимыл жүйесі туралы біледі, өзін-өзі реттей алады, топпен жұмыс жасай алады, бірін-бірі бағалауға үйренеді.

Көрнекілігі

интербелсенді тақта, кесте тапсырмалар, суреттер, қима тапсырмалар

Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, даярлығын тексеру, ынтымақтастық атмосферасын құру, сүйек аттары арқылы топқа бөлу.

Білім

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Модуль

Түсіну

(10 мин)

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін адамның дене бөліктері туралы жұмбақтар шешу

Бір таудың алпыс сегіз саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар.
/Алпыс сегіз тамыр, он екі мүше/.

Бар екен бір жыланның отыз іні,
Түп-түзу бұл жыланның жоқ дүр міні.
Ғажайып бір мінезі тағы да бар,
Шықпайды бір інінен күндіз-түні.
/Жұлын/.

Қимылда қос шебер,
Талай-талай іс бітер.
/Екі қол/.

Екі батыр қазына іздейді,
Екі батыр жол іздейді.
/Қол мен аяқ/.

Топпен жұмыс:

1-тапсырма: Білім минуты(биологиялық диктант)

1 топқа:

1.Дене қаңқасына … … мен …. … жатады. (омыртқа жотасы, кеуде қуысы)

2. Остеондар-… жасушалары. (сүйек)

3. Адам қаңқасының сүйектері …,… және… болып жіктеледі. (қысқа, жалпақ, ұзын)

4. … … кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін.

(дұрыс отырмаған кезде)

2 топқа:

1. Кеуде қуысын … …, … мен …. құрайды. (арқа омыртқалары, қабырғалар, төс)

2. Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне … …, … …, … … және майда 26 сүйектен тұратын …, … және … … жатады. (ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, бақай)

3. Қысқа сүйектерді …, …, … сүйектері құрайды. (омыртқа, білезік, алақан)

4. Ұзақ уақыт аяққа күш түскенде, тар және биік аяқ киім кигенде- …. пайда болады.

(жапақтабандылық)

3 топқа:

1. Иық белдеуі … … мен … … тұрады.(екі жауырын, екі бұғана)

2. Омыртқа жотасы …-… тұрады. (33-34)

3. Аяқ қаңқасы (жамбас белдеуі) омыртқа жотасының … … және екі … … тұрады.

(сегізкөз бөлімі, жамбас сүйегі)

4. Қаңқаның сүйектену процесі дене өсуі тоқтағанда …-… жасқа қарай аяқталады. (22-25)

2-тапсырма:

«КӨРЕЙІК ТЕ, БІЛЕЙІК.» Топтық жұмыс

Әр топқа бөлек тапсырма

лар беріледі,сол тапсырма

ны орындап,хабарлаушы сөйлейді:

1 топқа:

Сәйкестендіру тест

2 топқа:

Графиктік тест

3 топқа:

Сүйек сынғанда, буын шыққанда, сіңір созылғанда көрсетілетін көмек





Тақырыппен таныстыру











Әр топқа тапсырманы береді;































Топтық тапсырма, деңгейлік және жас ерекшелігіне байланысты тапсырма береді













Топпен жұмыс жасай отырып, зерттеу жұмысын жүргізеді.













Топпен жұмыс жасай отырып, зерттеу жұмысын жүргізеді.

























Топпен жұмыс жасай отырып, зерттеу жұмысын жүргізеді

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Топпен жұмыс.

Жеке жұмыс.



Диалогтік оқыту, сұрақ қою

Оқытуды басқару және көшбасшылық

СТО

АКТ- ны пайдалану. (интерактивті тақта, ноутбук)







ОүБ және ОБ







Диалогтік оқыту, сұрақ қою



















АКТ- ны пайдалану. (интерактивті тақта, ноутбук)


Қолда

ну

(12 мин)

3-тапсырма:

«Суреттер сөйлейді...»

Визуалды айғақтармен жұмыс (өз ойларын постерге салу)

Топтық тапсырма, деңгейлік және жас ерекшелігіне байланысты тапсырма береді.

Визуалды айғақтармен жұмыс істеу.

Сергіту сәті 2 мин

Талдау, жинақ

тау

(7 мин)

«Тірек-қимыл жүйесі» тарауы бойынша 5 сұрақ құрап , басқа топқа қою

Сонымен, бүгін сабақта не үйрендік?

Оқушылар тақырыпты қорытындылайды.

Бағалау

(5 мин)

Бағалау парағын топ басшысына бағалату.

Топ мүшелерінің қойған бағаларымен салыстыра отырып бағалайды.

Топ басшылары бағалау парағындағы топ мүшелерінің бағасын оқиды.

ОүБ және ОБ

Рефлек

сия (кері байла

ныс 5 мин)

Кері байланысқа оқушыларға «мадақтау сэндвичі» деп аталатын рефлексияны қолдану

Оқушылар өздерінің ой-пікірлерін айтады

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Орындауға арналған тапсырма

лар

(2 мин)

Төмендегі сөздердің мағынасын ашу

Сөз сүйектен өтті

Сүйегі асыл адам

«Менің денсаулық сақтаудағы қолданатын әдістерім» эссе жазу

Үй тапсырмасын береді

Үй жұмысын белгілеп алады

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Тексерілді:





«И.Ф.Халипов атындағы №1 мектеп жасына дейінгі

шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»

мемлекеттік коммуналдық мекемесі







«Тірек-қимыл жүйесі» тарауын қайталау



(ашық сабақ)

8 «А» сыныбы



Биология пәні мұғалімі: Шарипова Н.Т.







2015-2016

Конспект урока: Тірек-қимыл жүйесін қайталау.Конспект урока: Тірек-қимыл жүйесін қайталау.

Конспект урока: Тірек-қимыл жүйесін қайталау.Конспект урока: Тірек-қимыл жүйесін қайталау.

Конспект урока: Тірек-қимыл жүйесін қайталау.

© 2010-2022