Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар

Раздел Биология
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалпы биология

Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.

Сабақтың мақсаты: 1. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар туралы

теориялық ойлау қабілеттерін дамыту.

2. Жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

3. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар туралы

ұғымды дамыта оқыту.

Сабақтың көрнектілігі: мазмұнына қарасты суреттер, тірек сызба, тапсырмалар.

Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояты, сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың барысы:

І. Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау- мотивациялық кезең

Қызығушылықты ояту

Біз не білеміз?1-ші тапсырма 3 ұпай

1.Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарға ежелгі философтардан кім ықпал етті?

2.Демокрит және Арестотельдің тіршіліктің пайда болуына қандай көзқарастары болды?

3.Тіршіліктің пайда болуы туралы мәселеге сендердің қандай пікірлерің бар?

ІІ. Сараланған бөлім. Операциялық - орындаушылық кезең.

Оқулықпен жұмыс 1-ші тапсырма 5 ұпай

Мәтінді оқу Мәтінмен жұмыс

Шарты: Сынып екіге бөлініп, мәтін оқылады.

Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.

Алғашқы жасушалар пайда болуы туралы сурет бойынша не айта аламыз

2-шi тапсырма 5 ұпай

Тіршіліктің өздігінен үниеге келуі, тіршіліктің мәңгілігі, панспермия теорияларын «қуаттайтын» және «теріске шығаратын » дәлелдеп келтіріңдер.

3-шi тапсырма 4 ұпай

«Доп лақтыру» ойыны

Шарты: допты бір-біріне лақтыра отырып, «Тіршіліктің пайда болуы» туралы пікір алмасады.

Ой тұжырым

Аспан денелері, соның ішінде Жер шары бұдан 4,5-5 млрд жыл бұрын пайда болған. Жер тарихының алғашқы кезеңінде сутек және оның қосылыстары өте көп мөлшерде болып, оттек бос күйінде болмады. Жердің бастапқы тарихында Күннен таралған ультракүлгін сәулелер бірден-бір энергия көзі болды. Жер тарихының алғашқы кезеңіне тек химиялық эволюция жүріп отырғандығы туралы А.И. Опарин болжам жасады. Жер тарихында алғаш рет биологиялық мономерлер түзілді, олардан бірте бірте нәруыздар және нуклеин қышқылдарының (РНҚ, ДНҚ) қосылыстары пайда болды. Жер бетіндегі алғашқы организмдер- протобионттар. Сырты жұқа су қабықшасынан тұратын көп молекулалы жиынтық коацерванттар деп аталады.

ІІІ. Кіріктірілген бөлім Рефлекциялық-бағалау кезең

Мен не білдім? 5 ұпай


  1. Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы нешеге бөлінеді?

  2. Қандай ағзалардың шығуы жануарлар дүниесініңтің дамуына себеп болды?

  3. Тіршілік пайда болуына қандай алғышарттар қажет?

  4. Тіршіліктің пайда болуы туралы қандай теориялар бар?

  5. Қазіргі жағайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе?

ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

р/с

Тапсырмалар

Мұғалім берген

ұпай саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

І-1

Тапсырма №1

3

ІІ-1

Тапсырма №1

5

ІІ-2

Тапсырма №2

5

ІІ-3

Тапсырма №3

4

ІІІ

Тапсырма №1

5

Барлығы

22

Бағалау критерийі:

15-20 ұпай - «5»,

10-15 ұпай - «4»,

7-10 ұпай - «3».


© 2010-2022