Биология 10 кл Тема Клеточное ядро

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология пәні 10"А" сыныбы

Тақырыбы :Жасуша ядросы

Сабақтың мақсаты:

1.Ядроның құрылысы және құрам бөліктері туралы білу

2. Проблемалық сұрақтар қою арқылы логикалық ойлау қабылетін дамыту 3.Алған м білімі мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:1.Ядроның құрылысы сурет

2. Ядро, цитоплазма, эндоплазмалық тор мембраналарының байланысы

3.Хромосомалардың әр түрлі типтері суреттері

Сабақтың барысы

І. Тренинг оқушыларды 2 топқа бөлу

2. Үй жұмысын сұрау

3. Мәтінмен жұмыс

4. Проблемалық сұрақтар қою

5. Оқушылар өз пікірлерін жазу

6. Оқушылар проблемалық сұрақтарды топ ішінде талқылап , дұрыс шешімін шығару.

7.Топ ішінде қабылданған шешімді басқа топтарға айтып өздерінің пікірлерін дәлелдеу.

І. Тренинг

Бірде бір адам келе жатып өз қуыршағынан шығуға тырысқан көбелекті көреді.

Біраз уақыт өткен соң көбелек шаршағандай сыңай танытып, қозғалыссыз қалды.

Адам көбелекке көмектеспек болып, қуыршақты жарып жіберіп еді, көбелек атып шықты. Бірақ оның денесі әлсіз, қанаттары қатаймаған еді.

Ол енді ешқашан ұша алмайтын болды.

Өмірдегі және оқудағы қиындықтардан жол таба білу үшін не істеу керек?

Сенің пікірің қандай?

Биология 10 кл Тема Клеточное ядроБиология 10 кл Тема Клеточное ядроБиология 10 кл Тема Клеточное ядроБиология 10 кл Тема Клеточное ядро

Оқушылардың пікірі тыңдалады?

ІІ. Үй жұмысы

Өткен тақырыптар бойынша тест жұмысы жүргізіледі интерактивті тақтада және оқушыларғада жазбаша беріледі топта талқылап дұрыс жауаптарын белгілейді.

Тест жұмысы орындалып болған соң тексеруге қарсы топпен жұмысты алмастырып интерактивті тақтадағы дайын жауаптары арқылы бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды.

0-1 қате "5" 2-3 қате "4 4 көп қате "3"

Өтілген тақырыптар бойынша тест жұмысы

1. Жасушаның митоздық және мейоздық бөлінуіне тікелей қатысады

а) цитоплазма б) эндоплалмалық тор в) рибосома г) жасуша орталығы

2. Қозғалу органоиды

а) миожіпшелер,кірпікшелер,өсінділер б) митохондрия в) вакуоль г) лизосома

3. Құрамында минералды тұздар, көмірсулар, әр түрлі органикалық қышқылдар, танинндер

пигменттер болады

а) пластидтер б) митохондрия в) вакуоль г) лизосома

4. Жасушаның қандай органоидында нәруыз биосинтезі жүреді

а) цитоплазма б) эндоплалмалық тор в) рибосома г) мембрана

5.Мембранасыз органоид

а) цитоплазма б) рибосома в) лизасома г) жасуша орталығы

6. Фотосинтез процесі жүзеге асады.

а) пластидтер б) митохондрия в) вакуоль г) лизосома

7.Жасушаның энергетикалық станциясы

а) гольджи жиынтығы б) митохондрия в) вакуоль г) лизосома

8.Нәруыз , май, көмірсулар синтезделеді

а) цитоплазма б) эндоплалмалық тор в) рибосома г) пластидтер

9. Лизосоманы ашқан ғалым

а) К. Портер; б) Де Дюп, в) Р.Келликер г) Р. Альтман

10. Циnоплазмамен жанасып жатқан жасушаның астыңғы қабаты

а)қыртысты мембрана б) эндоплалмалық тор в) рибосома г) плазмалық мембрана

Тест жұмысының жауаптары:

1.Г 3.В 5.Б 7.Б 9.Б

2. А 4.В 6.А 8.Б 10.Г

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

Жаңа сабақ "Блум таксаномиясы" бойынша өткізіледі

Оқушылар "Жасуша ядросы" деген жаңа сабақтағы мәтінді іштей оқиды.

І. БІЛУ.

1.Прокариод , эукариод дегеніміз не?

2.Ядро неше мембраналы органоид?

3.Көп ядролыларды атаңдар?

4.Ядро қандай құрам бөліктерден тұрады?

5.Жасушаның тіршілік цикілі неше кезеңнен тұрады аттарын ата

6. Интерфаза дегеніміз не? Екі топ 6-сұраққа бірдей жауап береді.

Бастапқы 3 сұраққа бірінші жауап берген топ, қалған 3 сұраққа екінші топ жауап береді. Екі топқа бірдей 6 жауапты айтқызбаймыз уақытты үнемдеу керек.

ІІ.ТҮСІНУ.

Ядроның құрам бөліктері туралы түсінгендеріңді сызба құру арқылы өз сөздеріңмен

сипаттап топ ішінде талқылап әр топтан бір оқушы тақтада қорғайды.

І ТОП ІІ ТОП

Биология 10 кл Тема Клеточное ядроБиология 10 кл Тема Клеточное ядро

Әр топ тірек сызбаларын қорғаған кезде ядроның құрылысы суреттеріне тоқталып сандармен не бейнеленгенін түсіндіре кетеді.

ІІІ. ҚОЛДАНУ.

Білген, түсінген білімдеріңді қолдана отырып ядроның құрам бөліктерін сәйкестендіріңдер

Хромосома

а) Ядроның бөлінуге дайындық кезеңі ;

Ядрошық

ә) Шар тәрізді тығыз денешік;

Ядро шырыны

б) ДНҚ ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік;

Ядро

в) Хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз ;

Гистон

г) Ядро қабықшасының ішіндегі қуыстарды толтырып тұратын қоймалжың зат;

Интерфаза

д) құрамында ДНҚ, ядро шырыны, ядрошық, РНҚ құрамдас бөліктері болады

Сәйкестендіру жауаптары

хромосома

ядрошық

ядро шырыны

ядро

гистон

интерфаза

Б

Ә

Г

Д

В

А

ІV.ТАЛДАУ

Төменде бірнеше жасушаның органоидтары берілген

I II IV V III

Биология 10 кл Тема Клеточное ядроБиология 10 кл Тема Клеточное ядроБиология 10 кл Тема Клеточное ядроБиология 10 кл Тема Клеточное ядроБиология 10 кл Тема Клеточное ядро

Мына сипаттар қандай органоидқа тән екеніне талдау жасаңыз

1.Жасушаның бөлінуіне тікелей қатысады

2. Энергия станциясы

3.Тасымалдау қызметін атқарады

4.Көбеюге қатысады

5.Тұқым қуалау ақпаратын сақтап ұрпақтан ұрпаққажалғастырады

А) 1-І, 2-ІІ, 3-ІІІ, 4-V, 5-IV

В)1-III, 2-II, 3-I, 4-V, 5-IV

С)1-II, 2- III, 3-V, 4-I, 5-IV

D)1-II, 2-III, 3-I, 4-V, 5-IV

Е) 1-I, 2-III, 3-IV, 4-V, 5-II дұрыс нұсқаны табыңдар. Жауабы: D

V. ЖИНАҚТАУ

Суреттегі хромосоманың әр түрлі типтерін талдай отырып қандай типке жататынына дәйектеме келтіріріп тақтада дәлелде

І. ТОП ІІ. ТОП

Биология 10 кл Тема Клеточное ядроБиология 10 кл Тема Клеточное ядро

VІ. БАҒАЛАУ

Балдырдың сыртқы көрінісі саңырауқұлаққа ұқсайды, биіктігі - 5см, сабағы тамыры және қалпақшасы болады. Қалпақшаның пішіні әр түрлі: жалбырлы және дөңгелек тәрізді болып келеді. Сабағы мен тамыры байланысатын бөлігінде ядро орналасқан.

Кесілген бөліктерін биолог ғалымдар теңіз суына салып тәжірибе жасаған

Теңіз балдырына жасалған тәжірибені талдай отырып А нұсқасынан қандай қортындыжасайсың , Б- нұсқасынан қандай шешім қабылдайсыз? Дәлелді жауап беріңіз.

Биология 10 кл Тема Клеточное ядро

Биология 10 кл Тема Клеточное ядро

Бағалау бөлімінің жауаптары

А-нұсқасында балдырдың қалпақшасын сабағынан кесіп алып теңіз суына салғанда балдырдың төменгі жағы қалпына келмеді , ал төменгі жағын суға салғанда біраз уақыттан соң қалпақшасын қайта қалпына келтіреді, себебі төменгі бөлігінде ядро бар.

Бұл тәжірибеден "Ядрода қалпақшаның пайда болуына қажетті ерекше бірзат бар деген қортындыға келеміз.

Б-нұсқасындақалпақшасы желбіреген балдыр алынды .

Желбіреген пішіндісінің қалпақшасын кесіп алыптастап, сабағын,

оны дөңгелек пішінді ядросы бар бөлігіне телиді. Осы кезде дөңгелік пішінді қалпақ пайда болады. Бұл құбылыс-дөңгелек пішінді балдыр ядросындағы тұқым қуалайтын ақпаратқа байланысты болатындығының дәлелі.

Осы тәжірибелерден жасушаның тіршілік әрекетінде ядроның тұқым қуалайтын қасиетінің маңыздылығы айтылады.

Демек , жасушаның тіршілік әрекетінде ядро мен цитоплазманың арасында тығыз байланыс болады.

РЕФЛЕКЦИЯ

«Не үшін»

1.Екі көзің не үшін керек?-жақсыларды көру үшін

2.Екі қолың не үшін керек?-елге көмек беру үшін

3.Құлақ не үшін керек?-ақыл кеңес тыңдау үшін

4.Тіл мен жақ не үшін керек?-ақиқатты айту үшін

5.Ал аяғың не үшін керек?-шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін

6.Ал бүгінгі сабақ не үшін ұнады? Әлде ұнамады?

Әр оқушы пікірлерін стикерлерге жазып өмір ағашына жабыстырады.

Биология 10 кл Тема Клеточное ядро



© 2010-2022