Открытый урок по биологии Балдырлар

Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

Биология

32-сабақ

6-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Төменгі сатылы өсімдіктер. Біржасушалы балдырлар.

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға балдырладың біржасушалы және көпжасушалы түрлеріне жалпы сипаттама беру,түсінігін жинақтау. Логикалық ойлауына біліктілігін дамытуына ықпал ету.

Күтілетін нәтиже(оқушылар үшін оқу нәтижелері)

Оқушылар балдырлардың біржасушалы және көпжасушалы түрлеріне жалпы сипаттама береді. Балдырлардың түрлерін ажырата алады. Балдырлардың адам өміріндегі маңызын біледі.

Дерек көздер мен пайдаланылған құралдар мен материалдар.(Құрал-жабдықтар)

Интерактивті тақта,

Оқыту әдіс-тәсілдері

Диалогтық әдіс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл»әдісі, «Нақты жауап» айдары, Джиксо,

Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады сол арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті артады. Өзіндік ой қорытуға,тұжырым жасауға дағдыланады.

Түйінді идеялар

Нақты ойлау арқылы ой қорыту. Оқу үдерісіндегі белсенділік.

Тапсырма көздері





Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

«Ең жақсы тілек» Плакатқа салынған ағаштың бұтағына өз достарына стикер алмаға тілектер жазу, жапсыру.

Плакатқа салынған ағаштың бұтағына өз достарына тілектер жазылған стикер алманы,жапырақтарды жапсырады.

І. Психологиялық ахуал қалыптастыруды ұйымдастыру

Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау,сыныпты түгендеу,өткен сабақты еске түсіру.

Оқушылар назар аударып тыңдайды.

Топқа бөлу «Менің көңіл күйім» суреттер арқылы бөліну. Суреттердің түстері жасыл,қоңыр,қызыл. Бұл балдырлардың хромотофорындағы хлорофилл және қоңыр,қызыл бояулары (пигменттері) болуына байланысты.

Суреттері бірдей оқушылар бір топқа жайғасады. Топ ережелерін бекітеді.

Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру. Блум таксономиясы бойынша бағалау парақшасын үлестіру.

Сабақтың бағалау критерийлерімен танысады.

1-ұпай (Білу)

4-ұпай ( Түсіну)

4-ұпай ( Қолдану)

3-ұпай (Талдау)

1-ұпай (Жинақтау)

2-ұпай (Бағалау)

Жинаған ұпайларын қалыптастырушы бағаға айналдыру,Бағалау шкаласы: «5»-12-15 ұпай

«4»-9-11ұпай

«3»-5-8 ұпай

ІІ. Тапсырма беру

І. Білу. «Миға шабуыл» әдісі.

Балдырлар қайда тіршілік етеді?

Балдырлардың қандай маңызы бар?

Жасуша дегеніміз не?

Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша менталді карта жасайды. Флипчартқа(плакат) маркермен. Слайд жасауға да болады.

ІІ. Түсіну. Кітаптағы «Балдырлар» тақырыбы топтарға бөлініп беріледі, мұқият оқып шығу.

Электрондық оқулықтан біржасушалы балдырлар бөліміндегі жаңа мәліметтерді және видео роликті мұқият тамашалап тыңдайды.

Джигсо әдісі бойынша тақырыпты бір-біріне түсіндіреді. «Біржасушалы балдырлардың түрлері», «Біржасушалы балдырлардың ұқсастығы мен айырмашылығы, практикалық маңызы» тақырыбында 3 топ постер қорғайды.


Тақырыпты мұқият оқып шығады. Оқушылар топ болып тақырыпты оқиды,өз пікірлерін айтады.

Биологиядан білімдерінің қай дәрежеде екенін көрсетеді.

ІІІ. Қолдану. Тірек -сызба

Жұптасып,топтасып жұмыс істейді,әр оқушы өз ойларын қосады. Бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді.

Сергіту сәті «Кел билейік!» интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету

Оқушылар бейнероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен жасайды.

ІV. Талдау.

Оқушылармен бірге сабақты талдау.

Тест құрастыру

Әр топ өз ойларын айтады.

Биологиялық жат жазу.



V. Жинақтау. «Нақты жауап»айдары.

Тақырып бойынша қорыту.

«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша қорытынды жасау.

Ойларын жинақтайды. Әр топ бір-бір сөйлемнен өз идеяларын айтады.



VІ.Бағалау. 1. Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті ме?

2. Түсінбеген,сендерге қиындық тудырған сұрақтар бар ма?

Кері байланыс жасау.

«Не үйрендім?, Не үйренгім келеді?»

«Екі жұлдыз,бір тілек»

Смайликтер көтеру арқылы бүгінгі сабақты бағалайды.

J-мен көп нәрсені үйрендім.

K-мен аз нәрсе үйрендім.

L-мен ештеңе үйренбедім.


Бағалау парақшаларынан баға қорын көру.

Күнделікке бағаларын қойғызу.

Үйге тапсырма.

Күнделігіне жазып алады.



© 2010-2022