Жыныс генетикасы. Тұқым қуалайтын аурулар. (9 сынып)

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жыныстық генетиканың анықталуы. Тұқым қуалайтын аурулар

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:Жыныстық генетиканы анықтау, тұқым қуалайтын аурулар туралытолық мәлімет беру

2. Дамытушылық мақсаты: Тақырыптың ең негізін анықтап, талдау жасай білуге, салыстыруға үйрету.Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.

3. Тәрбиелік мақсаты: Білімділік пен сауаттылыққа тәрбиелей отырып, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдісі: Презентация сабақ

Көрнекіліктер: слайдтар, кеспе суреттер, тапсырмалар, түрлі-түсті карточкалар, эмблемалар, бағалау парағы

І. Үйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.

Топқа бөлу ХХ- тобы

ХУ - тобы

Топ басшысын сайлау. Топ басшысына бағалау парағын беріп, түсіндіру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Термин сөздермен жұмыс «Сен білесің бе?»

  2. Жұппен жұмыс. Есептер шығару

Сабақты бастамас бұрын мына проблемалық сұрақтарға ойланып жауап берейік:

Болашақ дүниеге келетін нәрестенің жынысын алдын ала болжауға немесе анықтауға бола ма?

Жас нәрестенің қыз не ұл бала болып туылуы неге байланысты?

Неге бір отбасында дүниеге келген балалардың бірінің дені сау, ал бірі тұқым қуалайтын ауруға шалдығады?

Жұмбақ:Табиғатқұпиясы таусылған ба?

Кездесертіріағзаларекі дара,

Аталық пен аналықжыныстардың

Біледіқұрылысын жеке дара.

Білсеңізайтыңызшы, бұлқайсала? (жыныс генетикасы)

Дұрыс ондай болса бүгінгі сабағымызда не білеміз деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Жаңа тақырып.

1 топ тапсырмасы

«Жынысты алдын ала анықтау»

2 топ тапсырмасы

«Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау» оқушылар тапсырманы алдық ондай болса плакатқа тірек сызба жасап алып, берілген тақырыпты түсіндіреміз.(5мин)

«Кім жылдам?» 2 топқа есеп беріледі кім жылдам және дұрыс шығарған оқушы өз баллын алады.

Оқушыларға мәлімет. Оқушылар біз жынысты анықтау мен тіркесіп тұқым қуалау туралы мәлімет алдық енді тұқым қуалайтын ауруларға тоқталатын болсақ . Тұқым қуалайтын аурулар 2 топқа бөлінеді

  1. Хромасомалықаурулар

  2. Гендік аурулар

Хромасомалық аурулар хромасома санының өзгеруінен және олардың құрылымының бұзылуынан пайда болады. М ысалы: Клайнфельтер 47х, Шершевский Тернер синдромы 45х, Трисомия 47 х әйелдерде, Даун синдромы 21жұп хромосомалар үшеу.

Гендік аурулар гендердің өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Олар тұқым қуалайтын аурулар.

Мысалы: Брахидактилия-қысқасаусақтылық, полидактилия-алты саусақ- аутосомды доминантты.

Альбенизм, фенилькетонурия-кемақыл - аутосомды рецессивті.

Жыныспен тіркесіп рецессивті -гемофилия, дальтонизм, рахит

Әкесінен тек ұлына берілетін құлақ қалқаншасының жүнді болуы- гипертрихоз гені У х тіркесіп тұқым қуалайды .

Оқушылар осы аурулар туралы қосыша материалдар оқиды.

Жыныс генетикасы.Тұқым қуалайтын аурулар. (9 сынып)

«Жеті атасын білмеген жетесіз» демекші тұқым қуалайтын аурулардың туыстық некеде ауру балалардың дүниеге келуіне ықпал жасайды.

Кеспе суреттер мен жұмыс. Оқушылар хромосомалық және гендік ауруларды бөлек орналастырып, түсінік береді

ІҮ: Бекіту тапсырмалары. Эссе жазу «Егер мен... » 2мин

  • 10 сөйлемнен кем емес

  • 1,2 қанатты сөздер, афоризмдер болуы керек

  • Өмірден мысал келтіріп, байланыстыру маңыздылығы

  • Эсседе егерде мен........ ойын жазу керек

Ү. Үйге тапсырма. Жынысқа тіркес белгілердің тұқымқуалауға арналған генетикалық есептер шығару

ҮІ. Бағалау. Топ басшысы балдарын санап, бергеннен кейін тиісті бағалары қойылады

12-15 балл-5

9-11 балл -4

0-8 балл - 3

© 2010-2022