Тұқым және жеміс тақырыбына ашық сабақ

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрақ және шырынды жемістермен таныстыру.

Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, тірек сызбалар, тест, жеміс.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, қайталау.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Өтілген тақырыптарды қайталау.

а) Тірек - сызбаларды пайдалана отырып, проблемалық сұрақтарға жауап алу.

Табиғат

өлі тірі

адам, жануар, өсімдік, тамыр

Өсімдік, сабақ

Жапырақ

ІІІ. Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу.

1. Көктемде жерге енемін,

Ылғалда өсіп-өнемін.

Менің өскен жемісім,

Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)

2. Аспай піскен,

Қайнамай түскен. (Жеміс)

Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.

Күнделікті өзіміз жейтін жемісті ата - аналарың күтіп, баптап өсіреді. Олар неше түрлі жеміс береді.

Ал жемістер қайдан шығады?

Сызба арқылы түсіндіру:

Тұқым өскін гүлден түйін

Жеміс жемістің ішіндегі тұқым

ІV. Оқулықпен жұмыс.

А) Жемістің пайда болуы

Ә)Тұқым мен жемістің әр өсімдікте пісіп-жетілуі. Өсімдіктердің тұқымы алуан түрлі болады. (Жергілікті жермен байланыстыру)

Шыршы - бүр

АҒАШ Қарағай - бүр

Емен - жаңғақ

Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктерді атаңдар.

- Алма, қауын, қарбыз, қияр, т. б.

Шырынды Өсімдік сыйы

Дәрі-дәрмек Құрғақ

Бүкіл өсімдіктер жемістің ішінде болатын тұқымынан өседі.

(Оқулықтан оқыту)

Венн диаграммасын құру

Оқулықпен жұмыс. Теріп оқу.

1. Адамның негізгі қорегі

2. Тұқым арқылы көбею

3. Ағаштар

4. Бақбақ

5. Селеу, қара сұлы

V. Сергіту сәті.

VІ. Оқушыларды топқа бөліп тапсырмалар беру.

І топ. Тұқымның суретін салу.

ІІ топ. Түрлерін ажырату

ІІІ топ. Тест.

VІІ. Сабақты бекіту.

«Бәйге» ойыны арқылы қорыту, бағалау.

1. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады?

2. Өсімдік не арқылы көбейеді?

3. Тұқым мен жеміс өсімдіктердің қандай мүшесі?

4. Шиенің тұқымы қандай?

5. Егістік өсімдіктерінің тұқымы қалай аталады?

6. Бақабақ, қоға өсімдіктерінің тұқымы қалай аталады?

7. Өсімдіктің тұқымы қалай аталады?

8. Жапырақтағы жасыл бояу . . .

9. Тұқым қалай тарайды?

10. Жемістер қалай бөлінеді?

VІІІ. Экологиялық тапсырма.

1. Әдемі қызыл гүл көрдің. Не істейсің?

2. Табиғатты қалай қорғайсың?

ІХ. Үйге тапсырма.

1. «Тұқым және жеміс» мәтінін оқу.

2. Жемістердің суретін салу.

Х. Бағалау.



© 2010-2022