Биология пәнінен Ас қорыту жүйесі тақырыбына сабақ жоспары. (8 класс)

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №44

Бекітемін:

Күні:

Пәні: Биология

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы

Ас қорыту жүйесі: ас қорыту жолы, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек; ас қорыту бездері (сілекей бездері, асқазан бездері, ұйқыбез, бауыр, ішек бездері)

Мақсаты

Асқорыту мүшелерінің құрылысы туралы түсінік беру

Күтілетін нәтижелер

А)Асқорыту мүшелерінің құрылысын біледі;

В)Әр мүшенің құрылысының ерекшелігін ажырата алады;

С) Ас қорыту мүшелерінің маңызына баға береді

Керекті жабдықтар

Кесте, оқыту әдістемесі, презантация, видеоролик

Қолданылатын әдістер

Үй тапсырмасын тексеруде «Сұрақтары бар қорап», Тұсаукесерде «Атаулар туралы үш сұрақ», жаңа тақырыпты меңгертуде «Жарнама» әдісі; бекітуде «Кубик» ойыны, Кері байланыста «Post it».

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1

мин

12

мин

Сыныппен амандасу, суреттер арқылы 3 топқа бөлу.

Шаттық шеңбері:Күлімдеп күн бүгін де,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін де,

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін де,

Қарады баршаға.

Үй тапсырмасын тексреу: «Сұрақтары бар қорап» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

1.Асқорыту деген не?

2.Фермент деген не?

3.Тамақ деген не?

4.Өсімдіктекті өнімнің негізгі құрамы қандай заттар?

5.Жануартекті өнімдер құрамына қандай заттар кіреді?

6.Организмдегі негізгі құрылыс материалы

7.Организмде көмірсулардың артық мөлшері қалай жиналады?

8.Негізгі энергия көзі болып табылатын қоректік заттар

9.Организмде витаминдер жетіспеушіліген пайда болатын ауру.

10.Организмде әртүрлі заттардың еріткіш рөлін атқаратын зат 11.Асқорыту мүшелерінде күрделі органикалық заттар қандай өзгерістерге ұшырайды?

12.Жануартекті тағамдарды ата

13.Өсімдіктекті тағам өнімдерін ата

14.Қанға өзгеріссіз сіңірілетін заттар

Оқушылар амандасады. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Суреттер көмегімен топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланып, бағалау парағы үлестіріледі. Сұрақтары бар қораптан оқушылар сұрақтар суырып, ойланып жауап береді. Білмей қалған сұрақтарға басқа оқушылар жауап беру құқығына ие болады. Топ басшылары топ мүшелерінің берген жауабына орай бағалау парағына бағаларын қояды.

Тұсау-кесер

3

мин

«Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі арқылы жаңа сабаққа көшу. Ол үшін жаңа тақырыпқа қатысты үш сөзді тақтадан жазып қойып әр топқа сұрақтар қоямын. Ауыз, асқазан, бауыр.

1.Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

2.Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

3.Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Көрсетілім: Ас қорыту жүйесі.

Оқушылар тақтада жазылған сөздерге қатысты сұрақтарға ойланып жауап береді. Жаңа тақырыптың не туралы болатынын анықтауға әрекеттенеді.

Негізгі бөлім

20 мин

4 мин

Жаңа тақырыпты «Жарнама» әдісі арқылы меңгерту.

  1. Әр топқа тақырыптар бөліп беріп, мәтінмен танысуға 5 минут уақыт беру.

  2. Топта талдау. 2 минут.

  3. Жарнамалық баннер құрастыру. 5 минут.

  4. Жұмыстарын ортаға шығып қорғау.6 минут

І топ.Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш.

ІІ топ. Асқазан, аш ішек, тоқ ішек.

ІІІ топ. Бауыр және ұйқы безі.

Формативті бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек.

Кеңейтілген тапсырмалар:

1Биология пәнінен Ас қорыту жүйесі тақырыбына сабақ жоспары. (8 класс).Адасқан мүшелер: асқорыту мүшерін

ретімен орналастыру.

1.Асқазан

2.Ауыз қуысы

3.Аш ішек

4.Тік ішек

5.Жұтқыншақ

6.Тоқ ішек

2. Биологиялық диктант.

Асқорыту мүшесі _________ басталады. Өңеш ұзындығы ___ см бұлшықетті түтік. ________ aсқорыту жүйесіндегі ең ірі без.

Астың қорытылмаған қалдығы аш ішектен _________ өтеді.

Астың қорытылуы аш ішек пен ________ aяқталады. Аппендикске ас қалдығы және микробтар түскенде __________ пайда болады.

3. Түйін сөз.

Топ басшыларына топ мүшелерінің жауаптарына орай бағалау ұсынылады.

Оқушылар мәтінмен танысып, топта талдайды. А3 қағазға маркерлер және суреттер көмегімен жарнамалық баннерлер дайындайды. Топ бір-бірін «екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды.

Кеңейтілген тапсырмаларды әр оқушы өз мүмкіндігіне қарай даярлайды.

Суреттердегі мүшелерді ретімен орналасуын табады.

Биологиялық диктанттағы жасырылған сөздерді алған білімдеріне сүйене отырып табады.

Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.

Қоры-тынды

Үйге тапсырма

Рефлексия

2

мин

1 мин

2 мин

«Кубик» ойыны. Ойын сүйегіндегі сандарға байланысты жауап береді.

1.Сілекей бездері қайда орналасқан? (Ауыз қуысында)

2.Өт қабы орналасқан жер. (Бауыр)

3.Асқорыту жолының көлемді ұлғаюы (Асқазан)

4.Ұйқыбез бен бауыр өзектері ашылатын мүше (Ұлтабар)

5.Аш және мықын ішекте болатын жіңішке өсінділер (Ішек бүрлері)

6.Ұйқыбез өндіретін сөлдің ортасы қандай? (Сілтілік)

§43.Тақырыпты оқу.

«Post it» тәсілі арқылы оқушыларға тақырып туралы өз стикерге жазып күту ағашына орналастыру ұсынылады.

Сабақ бойы ең белсенді әрекет еткен топ анықталады.

Бағаларымен танысады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды.Өз ойларымен бөліседі.

М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектеп

Бағалау парағы

Уақыты:_________________

1.Сабаққа қатысушы мұғалім жөніндегі мәлімет

Аты-жөні_______________________________________________________

Мектебі: _______________________________________________________

2.Сабақ беруші мұғалім жөніндегі мәлімет

Аты-жөні:_______________________________________________________

Мектебі:________________________________________________________

3.Ашық сабақ туралы пікір:

__________________________________________________________________

______________________________________________________________________

4.Ұсыныс

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Сабақта белсенді болуы

Жаңа сабақ

Постер қорғау

Қосымша сұрақтарға жауабы

Қорытынды

© 2010-2022