Сабақтың тақырыбы: § 56. Көбейудің маңызы, көбейу мүшелерінің құрылысы мен қызметі

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11.04.2015 жыл

Биология пәні

Сабақтың тақырыбы:

§ 56. Көбейудің маңызы, көбейу мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

Сабақтың мақсаты:

Организмнің дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, оған әсер ететін факторлар туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

Өз бетінше тұжырым, қорытынды жасауға, еркін жауап қатуға үйрету

Нәтиже

Аналық жыныс жүйесі. Жұмыртқа жасушасының дамуы. Аталық жыныс жүйесі туралы білімдірін кеңейтеді

Сабақтың түрі, типі:

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Білім берудегі жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту тәсілі; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақтың көрнекілігі:

маркер, қағаздар, оқулық.

Сабақ барысы: 1 мин

Қызуғушылығын ояту. Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Үй тапсырмасын бақылау және жинақтау. 6 мин

1. Теріде түзілетін дәрумен түрі. (Д)
2. Су мен тұздың артық мөлшерінің тері арқылы шығуы. (зәр бөлу)
3. Биологиялық сүзгі.(Бүйрек)
4. Зәр жинайтын мүше. (қуық)
5. Терінің шел қабатының ұлпасы. ( май)
6. Терінің үстіңгі қабаты ұлпасы. (эпителий)
7. Нағыз тері қабаты ұлпасы. ( дәнекер)
8. Нағыз тері қабаты (дерма)
9. Терінің беткі қабаты. (эпидермис)
10. Тері ауруларын емдеуші дәрігер. (дерматолог)
Жұмбақтар.
1. Тау басында бәйтерек, Бәйтерекке су керек. (бас, шаш)
2. Өзінің жаны жоқ
Жандыға жабысып күн көреді. (тырнақ)
1. Газды да алмастырады, Суды да бөледі.
Ыстық, суығыңды да сезеді, Күте білсең аурудан да қорғайды. (тері)
2. Жас кезінде қара орман,
Жыл өткен сайын ағарған. (шаш)

Жаңа сабақ:

§ 56. Көбейудің маңызы, көбейу мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

10 мин

Оқушыларға ойтүрткі жасау. Оқушылардың алдына сұрақ қоя отырып, мәселенің тақырыбын ашу

Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

Түсіну

7 мин

Мәтінмен танысып, жаңадан терминдерді жазып алыңдар.

Жеке жұмыс Даралық ой туғызу, жеке тұлға пікірі.

Қолдану

7 мин

Көбею туралы түсінікті толықтыру

Топтық жұмыс.

Өз ойларын қорғайды.

Талдау

5 мин

Көбею мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері

Топтық жұмыс ретінде орындайды.

Жинақтау

7 мин

Бастапқы пікірлерді шолу.

Оқушылардың сабақ соңындағы түйін сөзі. Не білдім? Не білемін? Білгім келеді?

Бағалау

2 мин

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділіктеріне және жауаптарына қарай өздерін - өзі бағалайды.

Мынадай критерилер бойынша бағаланады. Суреттің салынуы, атаулары және жіктелуіне, қорғалуына байланысты.

Ең жоғарғы балл: 5 балл

Бағалаудың шартты белгілері

+ 5 балл ( толық сәйкес)

+ 4 балл ( толымсыз сәйкес)

+ 2-3 балл (жартылай сәйкес )

- 0-1 балл (толығымен сәйкес емес)Сауалнама: Сұрақтарың бар ма? Бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса, несімен ұнады?

Үйге тапсырма: Келесі тарауды оқып, қосымша ақпарат жинап келіңдер.

Менің пікірім: Сабақ аяқталды. Рахмет. Сау болыңдар.

Оқушылар өздерінің жауаптары мен жасаған жұмыстарына талдау жасап, бағалау



© 2010-2022