Бақылау жумысы биология 2-токсан (6-сынып)

Раздел Биология
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып Биология Жартыжылдық бақылау жұмысы

Дұрыс жауабын тауып, сөйлемді толықтырыңдар (3б)

1-нұсқа

2-нұсқа

1

... - өсімдіктер дүниесін зерттейтін ғылым.

... - тірі табиғаттың ерекшеліктері мен саналуандылығы туралы ғылым.

2

Фотосинтез процесіне ең қажетті жағдай - ... .

Өсімдіктің басты вегатативті мүшелері - ... және ... .

3

Гүлді өсімдіктердің жемістері ... және ... болып бөлінеді.

Гүл бөлімдері- ... .

Қай тұжырым дұрыс? (2б)

4

  1. Бір өсімдік барлық тіршілік ортасында өмір сүреді.

  2. Өсімдік - біртұтас жүйе.

  3. Жер бетінде төрт тіршілк ортасы болады.

  1. Өсімдіктерді олардың тиімділігін білу үшін оқу керек.

  2. Дәрілік өсімдіктер - емдік қасиеттері бар өсімдіктер.

  3. Балдырлар тек сулы ортада өмір сүреді.

Атқаратын қызметіне қарай микроскоп бөлімдерінің аттарын жазыңдар (4б)

5

  1. Жарық түсіру

  2. Көзбен қарау

  3. Затты қарау

  4. Ұлғайтып көрсететін әйнектер орналасқан бөлімі

  1. Көру түтігінің бекітілген жері

  2. Қарайтын затты орналастыру

  3. Микроскоптың барлық бөліктері бекітілген тірегі

  4. Көру түтігін қозғау

Көп нүктенің орнына жасуша бөлігінің атын жазыңдар (3б)

6

  1. ... Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекеттеріне қатысады.

  2. ... Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып, өсімдікті түрлі түске бояйды.

  3. ... Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер.


  1. ... Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.

  2. ... Көбеюге қатысады.

  3. ... Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды.

Тұжырым тұсына қай ұлпаға жататынын жазыңдар (2б)

7

  1. Өрік, шие, шабдалы, жаңғақ сүйектері.

  2. Хлоропластары бар тірі жасушалар тобы.

  1. Жарақаттанған жердің қалпына келуі.

  2. Көмірсулар, нәруыздардың қорға жиналуы.

Берілген өсімдіктердің санын дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазыңдар. ( 5б )

  1. Пияз 2. Қауын 3. Сәбіз 4. Жүгері 5. Асқабақ 6. Күріш 7. Күнбағыс 8. Қамыс 9. Асбұршақ 10. Жоңышқа

8

Кіндік тамыр

Шашақ тамыр

Берілген сипаттамалардың тұсына тиісті мүшелердің (тамыр, сабақ, жапырақ) аттарының бас әрпін жазыңдар (4 б)

9

  1. Бүкіл тірі ағзаларға керекті қоректік зат жиналады.

  2. Топырақтан минералды тұздарды сіңіреді

  3. Жерасты және жерүсті мүшелерін жалғастырады.

  4. Өткізгіш бөлімі бар.

  1. Газ алмасу, су буландыру жасушалары болады.

  2. Түктерінен желімтек сұйықтық бөлінеді.

  3. Бағаналы және борпылдақ жасушалары бар мүше.

  4. Буын және буынаралығы болады.

Бағалау критерийлері: «5» - 21-23 б, «4» - 15 - 20б, «3» - 6-14б, «2» -1-5б.



© 2010-2022