Конспект Есту мүшесі

Сабақтың тақырыбы: Есту мүшесінің құрылысы. Есту гигиенасы.Сабақтың мақсаты: есту мүшесінің құрылысымен қызметімен гигиенасымен таныстыру. Оқушыларға қосымша мәліметтер беру . Сабақтың міндеттері:Білімділігі – құлақтың адам өміріндегі маңызымен таныстырып, оның өмірдегі пайдасын айту, құрылыс қызметімен таныстыруТәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту. Адамгершілікке, ізденімпаздыққа, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.Дамытушылығы –есте сақтау, көру қаб...
Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект Есту мүшесіКонспект Есту мүшесіСабақтың тақырыбы: Есту мүшесінің құрылысы. Есту гигиенасы.

Сабақтың мақсаты: есту мүшесінің құрылысымен қызметімен гигиенасымен таныстыру. Оқушыларға қосымша мәліметтер беру .

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі - құлақтың адам өміріндегі маңызымен таныстырып, оның өмірдегі пайдасын айту, құрылыс қызметімен таныстыру

Тәрбиелілігі - адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту. Адамгершілікке, ізденімпаздыққа, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылығы -есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: видео роликтер, слайд суреттер,

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Оқушыларды төрт топқа отырғызып, үйге берілген көздің адам өміріндегі маңызы суреттер, сөзжұмбақтар, рефераттар жұмыстарын тексеріп, топпен алмастыра шешу

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Есту мүшесі

  1. Сыртқы құлақ

  2. Ортаңғы құлақ

  3. Ішкі құлақ

Сыртқы құлақ:

  • Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолды жатады.

  • Құлақ қалқаны дыбыстарды қабылдауға бейімделген

  • Есту жолы құлақ қалқанын ортаңғы құлақпен байланыстырады.

  • Сыртқы құлақ ортаңғы құлақтан дыбыс жарғағы арқылы бөлінеді

  • Ол дыбыс толқындарын механикалық тербеліске түрлендіріп, ортаңғы құлақтың есту сүйекшелеріне береді.

Ортаңғы құлақ:

  • Самай сүйегінде орналасқан және есту сүйекшелері бар тар қуыс

  • Есту сүйекшелері:

  • балғашық, төстік, үзеңгі буын арқылы қозғалмалы байланысқан

Конспект Есту мүшесі

Конспект Есту мүшесі

Ішкі құлақ:

  • Самай сүйегінде тереңірек орналасқан

  • Шытырман орналасады.

  • Иірімнен тұрады, ол екі жарым орам құрайды

  • 24 мың талшықтан тұрады, талшықтар дыбысқа жауап береді.

Конспект Есту мүшесі

Есту мүшесінің гигиенасы туралы айту.

Есту жолының түбінде құлық бөлетін бездер орналасқан. Құлықтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микроптардан жабыстыру және ұстау үшін қажет. Жиналған құлық бөлініп, құлақты жуған кезде сыртқа шығарылады. Салдыр-салақ адамның құлағында құлық жиналып, тығын түзуі мүмкін. Ол естудің нашарлауына әкеліп соғады. Құлықты әр түрлі заттармен алуға болмайды мысалы түйреуіш, сіріңке т.б. Бұл дабыл жарғағын зақымдап, есту нашарлауы мүмкін.

Ортаңғы құлақ аурулары жұқпалы аурулармен ауырған кезде (скарлатина, баспа, тұмау) мұрын-жұтқыншақтан микроптар мұрын шырышымен есту түтігі ортаңғы құлаққа түскенде пайда болады.

Құлақ ауырған кезде дәрігерге көріну қажет. Есту мүшесіне адам күнделікті әсер ететін қатты шу зиян келтіреді. Соның салдарынан адамның құлағы нашар естіп, мазасызданып, ұйқысыздыққа әсер етуі мүмкін. Бұл көптеген ауруларға әкеліп соқтырады.

IV. Сұрақтары

  1. Есту сүйекшесі (балғашық)

  2. Құлақтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микроптардан жабыстыру және ұстау үшін қажет. ( құлық)

  3. Дыбыс тербелістерін бұрмаамай жеткізеді? (дабыл жарғағы)

  4. Ішкі құлақта орналасады? (шытырман)

  5. Сыртқы құлақ бөлімі (сырғалық)

V. Сызықты диктант

1.Адам туылғаннан бастап есту әлемін қабылдайды?( иә)

2.Егер бала саңырау болып туылса, онда ол ешқашан ауызша сөзді меңгере алмайды (иә)

3. Есту сүйекшелеріне шытырман жатады (жоқ)

4. Есту мүшесі 4 -ке бөлінеді (жоқ)

5. Есту жолының түбінде құлық бөлетін бездер бар (иә)

6. Құлықты түйреуіш, сіріңке сияқты заттармен алады (жоқ)

7. Есту жолы құлақ қалқанын ортаңғы құлақпен байланыстырады (иә)

8.Құлақ маңдай бөлімінде орналасқан (жоқ)

9. Қатты шу құлақ естімеуіне әкеледі (иә)

10 Құлақтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микроптарды жабыстыру және ұстау үшін қажет (иә)

VI. Мектеп мейірбикесінің кеңесі

Конспект Есту мүшесі

Мектеп мейірбикесі оқушыларға құлақ гигиенасы туралы мәліметтер береді

VII. Бинго ойынын ойнату бекіту тапсырмалары

Конспект Есту мүшесі

Конспект Есту мүшесі

VIII. Құлақтың менің өмірімдегі маңызы тақырыбында шағын эссе жазу

IX. оқушыларға үй тапсымасын беру. Есту мүшесінің құрылысы, қызметі, гигиенасы тақырыбын оқу. 44 суретті салу. Сұрақтарға жауап беру.

X. Бағалау







Өтес орта мектебі



Тақырыбы: Есту мүшесі құрылысы мен қызметі. Есту гигиенасы

(8 - сынып)







2014 ж.

© 2010-2022