• Преподавателю
  • Биология
  • Биология пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Биология пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№12 сабақ Биология 7 «А,Ә» сыныптар 08.10.15ж. Сабақтың тақырыбы:Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері Сабақтың мақсаты: Білімділік : Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру. Дамытушылық: Сабаққа деген белсенділіктерін арттыра отырып, ой-өрістерін дамыту. Тәрбиелік : Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің ерекшеліктерін бір- бірінен ажырата білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың өту технологиясы: дамыта оқыту Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, карточкалар, сөзжұмбақ, салыстырмалы кесте Сабақтың көрнекілігі: плакат, карточкалар. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі А)Сәлемдесу және түгелдеу. Ә)Кітап, дәптерлерін тексеру Б)Зейіндерін сабаққа аудару II.Үй тапсырмасын тексеру Өткен материал бойынша еске түсіру. Сұрақтар: 1.Ішекқуыстылар типінің неше класы бар және олар қалай аталады? 2.Регенерация дегеніміз не және ол қандай жәндіктерге тән? 3.Аралық жасушалар дегеніміз не? 4.Ішекқуыстыларда неше қабат болады және олар қалай аталады? 5.Ішекқуыстылардың тыныс алу мүшелері? 6.Ішекқуыстыларда газ алмасу қалай жүреді? 7.Жоғары сатыдағы жануарлар мен жәндіктердің қаңқа сүйектерінің қызметі? 8.Медуза құлағы дегеніміз не? 9.Планула мен медузаның айырмасы неде? 10.Отырықшы ішекқуыстылардың денесі қандай болады? 11.Бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік ететін ішікқуыстылар? 12.Планула дегеніміз не? 13.Эктодерма қандай қызмет атқарады? 14.Қаңқалар үйіндісінен не пайда болады? 15.Энтодерма қандай қызмет атқарады?

Сөз жұмбақ:

1.Ішекқуыстылардың сыртқы қабаты? (эктодерма) 2.Аналық және аталық жасушаларының қосылу үдерісі дегеніміз не? (ұрықтану) 3.Жүйедегі жүйке жасушаларынан не түзіледі? (жүйке торы) 4.Теңіз суында жүзіп жүретін ішекқуыстылар? (медузалар) 5.Отырықшы ішекқуыстылар белгілі бір затқа төменгі жағымен бекінетін дененің бөлігі не деп аталады? (табан) 6.Актинияларды басқаша қалай атайды? (теңіз гүлі 7.Барлық ішекқуыстылардың сыртқы қабатында-эктодермада қандай жасушалар болады? (атпа) 8.Табақша тәрізді ішекқуыстылардың құлақты медуза деген түрін басқаша қалай атайды? (аурелия) 9.Теңіз дауылын алдын-ала болжайтын аспап ? (медуза құлағы) 10.Ішекқуыстылар типінің класы? (гидратәріздестер)

III. Жаңа сабақ кезеңі Жалпақ құрттар - екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер. Бұлардың денесін тері-бұлшықетті қапшық қаптайды. Эктодерма мен энтодерма аралығында дененің үшінші қабаты- аралық қабат мезодерма (грекше «мезос»-аралық, + «дерма»-тері) орналасады. Алайда денесінде қуыс болмайды. Ішкі құрылымы онша күрделі емес, мезодерма қабаты жұмсақ дәнекер ұлпадан тұрады. Жалпақ құрттардың басым бөлігі паразит құрттар. Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы гельминтология (грекше «гелминс» - құрт, ішекқұрт, «логос»-білім) деп аталады.

Жалпы саны 15 мыңнан аса түрлерді біріктіретін жалпақ құрттар 5 класқа жіктеледі. Біз тек теңіздерде және тұщы суқоймаларында мекендеп, көбінесе денесін қаптаған ұсақ кірпікшелердің жәрдемімен қозғалатын кірпікшелі құрттар класына, сыртқы пішіні мен ішкі құрылысы кірпікшелі құрттарға ұқсас болғанымен паразиттік өмір сүретін сорғыштар класына, өзіндік асқорыту мүшесі жоқ, паразиттік жолмен тіршілік ететін таспа құрттар класына ғана тоқталамыз. Бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ пішінді болғандықтан, жалпақ құрттар деп аталады.

Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы- денесі екі қабаттан емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма аралығынан аралықжасушалы қабат - мезодерма пайда болады. Мезодермадан әр түрлі мүшелер мен мүшелер жүйесі пайда болады. Дене жабынын цилиндр тәрізді жасушалардантұратын жабын ұлпасы - эпителий қаптайды. Эпителий жасушаларындакірпікшелер бар. Жүйке жүйесі дененің бас бөлімінде орналасады. Ол жүйке түйіндерінен басталып, денені бойлай екі бағана түзіп, созылып жатады. Екі бағананы көлденең орналасқан жүйкелер байланыстырады.

Жалпақ құрттардың типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларында болмаған жаңа жүйесі бар. Ол зәршығару яғни қажетсіз заттарды бөлу жүйесі деп аталады. Бұл бұған дейін тірі ағзаларда болмаған.

Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың барлығында қантарату және тынысалу жүйелері мүлде жоқ. Бүкіл денесімен тыныс алады. Асқорыту мүшесі екі бөліктен құралған: жұтқыншақ, ішектің ортаңғы бөлігі. Артқы ішегі мен аналь тесігі болмайды. Қосжынысты (гермафродит) жәндіктер.

Кірпікшелі құрттар класы. Ақ сұлама- еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт. Ол кірпікшелерінің көмегімен суда еркін жүзіп, қимылдайды. Қимылын реттейтін бұлшықеттер болады. Сыртқы қимылға сақиналы бұлшықеттер, аралыққабат қимылға қиғаш бұлшықеттер, ішкі қабат қимылын біріңғай салалы бұлшықеттер реттейді.Ал ішкі қабаттағы қимыл бырыңғай салалы бұлшықеттермен реттеледі. Кірпікшелі құрттардың аузы,асқорыту,зәршығару және жыныс мүшелері бар.

Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Мыс:ақ сұламаның қарапайым көзшелері бар.Сипап -сезу сезімталдығы едәуір арта түскен.

Ақ сұлама жұмыртқадан дамып, піллә түзеді. Ол жыныссыз да, жынысты да жолмен көбейеді.

Сорғыш құрттар класы. Қоректік денеге сорғыштармен жабысады. Екі сорғышы болады: аузында және бауырында. Осы сорғыштардың көмегңімен денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Денесіндекірпікшелері болмайды. Негізгі иесіеің бауырындағы өт жолында сорғыштармен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш деп аталады. Ересек бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді. Ол негізгі иесі мал, үй хайуанаттары, т.б, кейде адамда аралық иесі -кіші тоспа ұлу денесінде тіршілік етеді.

Таспа құрттар класы. Бұлар адамның және жануарлардың ішкі мүшелерінде паразиттік ететін эндопаразит жәндіктер. Паразиттік тіршілікке ерекше бейімделгендердің бірі- сиыр цепені. Ересек цепен-адамның ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның яғни сиырдың денесінде жармасып алып тіршілік етеді.

IV. Сабақты бекіту. 1. Сұрақ - жауап жұмысы 1.Тип неліктен жалпақ құрттар деп аталады? 2.Жалпақ құрттар типінің неше класы бар? 3.Жалпақ құрттар қайда тіршілік етеді? 4.Гельминтология дегеніміз қандай ғылым? 5.Жалпақ құрттарда жаңадан қандай жүйе қалыптасқан? 6.Сірқабық дегеніміз не? 7.Жалпақ құрттардың денесі неше қабаттан тұрады? 8.Жалпақ құрттар неліктен эндопаразит деп аталады?

2. Кестемен жұмыс

«Ақ сұламаның ішкі мүшелері»

У. Сабақты қорытындылау

Кестеге ішекқуыстылар типі мен жалпақ құрттар типінің бір-бірінен айырмашылығы мен ортақ белгілерін жазу.

Ішекқуыстылар типі Ортақ белгілері Жалпақ құрттар типі

VІ. Үй тапсырмасын беру.

1. § 42. оқу және § соңындағы сұрақтарға жауап іздеу.

2. 103,104,105-суреттерді салу.

VIІ. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділіктеріне және жинаған ұпайларына қарай бағалау. Рефлексия.«Жалпақ құрттар» пирамида кестесін құру



© 2010-2022