Қоршаған ортаның ластануы 9 сынып

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физикалық факторлар нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы

Жариялады: Erketai Қаралды: 15832

Наурызбаева Жұлдыз - КМҚК «Құрылыс колледжі» ШҚОӘББ, 2-курс студенті
Ғылыми жетекші: физика және астрономия пәні оқытушысы Серікова Назерке Рымбекқызы
КМҚК «Құрылыс колледжі» ШҚОӘББ
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР НӘТИЖЕСІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ
Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.
1.1.Табиғи ластану
1.2. Жасанды ластану.
1.3. Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы
1.4. Атмосфераның физикалық әсерлермен ластануы
1.4.1. Дiрiлдеу және шу.
1.4.2. Электромагнитті өрiстер
1.4.3. Фондық электромагниттік өрістер.
1.4.4. Радиоэлектронды құралдардың ЭМ өрiстерi.
1.4.5. ТД және радиохабар.
1.4.6. Ұялы байланыс.
1.4.7. Энергетика және электрлік көлiк.
1.4.8. Компьютер және кеңсе техникасы.
1.4.9. Тұрмыстық техника.
1.5. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары
1.6. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер[/i]

Кіріспе
Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы, жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрес. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.

Негізгі бөлім
2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.
Өндiрiстiң қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нəтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды деуге болады. Адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке үлкен əсер етедi.

Атмосфералық ауа - түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегi, 0,93% аргон, 0,03% көмiрқышқыл газы бар. Ал қалған 0,01% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б газдардың үлесiне тиедi. Жер бетiнде оттексiз тiршiлiк жоқ. Ол жасыл өсiмдіктердiң тiршiлiк əрекеттерi нəтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер су мен көмiрқышқылынан фотосинтез процесi кезiнде оттектi бөледi. Ал басқа барлық тiрi организмдер оттектi тек пайдаланушылар болып есептеледi. Көмірқышқыл газы атмосфераға тiрi организмдердің тыныс алуы, отын түрлерiнiң жануы, органикалық заттардың ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамындағы көмiрқышқыл газы мөлшерiнiң көбеюi адам мен жануарлар организмiне зиянды əсер етеді.
Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады.

1.1.Табиғи ластану.
Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi.
Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық шаңның түзiлуiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар - бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т.б. түрiнде жəне өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi.

Атмосфералық шаң Жер бетiнде жүретiн кейбiр процестер үшiн белгiлi роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшiн, олай болса жауын-шашынның түзiлуiне əсер етедi. Бұнымен қатар күн радияциясын сiңiрiп тiрi организмдердi күннiң зиянды сəулелерiнен қорғайды.
Жер бетiндегi заттардың биологиялық ыдырауы, оның iшiндегi топырақ бактерияларының тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак, көмiрсутектер, азот, көмiртек оксидтерiнiң орасан зор мөлшерiнiң түзiлуiне əкелiп соғады.
2.2. Жасанды ластану.

Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт түрлерi, əсiресе автомобильдердiң жанармайларының жану өнiмдерi болып табылады. Есептеулер бойынша, (слайд) автомобильдерден бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы - 9%, көмiртек оксидi -4%, көмiрсутектер - 0,5%, оттек - 4%, сутек -2%, альдегидтер - 0,004, азот оксидтерi - 0,06%, күкiрт оксидтерi - 0,006% барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенiн анықтады. Атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған.

Қазiргi кезде бүкiл əлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүрiп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшiн қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемi 2,5 млн автомобиль, Парижде - 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал əрбiр мың автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi, т.с.с отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Яғни физико-химиялық қоспалар тыныс алу кезiнде адам мен жануарларға аса зиянды.

Келесі ластаушыларымыз - жылу электр станциялары. Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80 т көмiр жағып, атмосфераға шамамен 5т күкiрттi ангидрид жəне 16-17 т күл бөледi. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен əсер ететiн жағылатын отынның сапасы, жағу əдiстерi, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетiн трубалардың биiктiгi. ЖЭС газға көшiру зиянды қалдықтар мөлшерiн бiршама азайтады.
Зиянды газдарды авиациялық транспорт та бөледi. Есептеулер бойынша, реактивтi самолеттер ұшу кезiнде 1 сағатта 0,7 кг/м3 альдегидтер, 6,5 кг көмiртек оксидi, 1,7 кг көмiрсутектер, 4,3 кг азот оксидтерi, 6,3 кг/м3 қатты бөлшектер бөледi екен.

Атлант мұхиты арқылы ұшып өтетiн бiр реактивтi самолет, 8 сағат ұшу кезiнде осы уақытта 25000га жердiң орманы бөлетiн оттектi жұмсайды екен. Атмосфераның антропогендi ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркəсiптерi, транспорт, термоядролық қаруларды сынау, т.б. арқылы жүредi. Бұлардың əрқайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлi қоспаларды атмосфераға бөлiп шығарады. Ауа кеңiстiгiн ластайтын қосылыстар көмiртек оксидтерi, күкiрт пен азот қосылыстары, көмiрсутектер мен өндiрiстiк шаң тозаң. 1 жыл iшiнде атмосфераға 200 млн тонна көмiртек оксидi (СО), 20 млрд тонна көмiрқышқыл газы, 150 млн тонна күкiрт оксидi, 53 млн тонна азот оксидтерi , 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер бөлiнедi.

Биосфераның ауыр металдармен ластануы - ғылыми техникалық прогресстiң аса маңызды проблемаларының бiрi болып отыр. Кейбiр есептеулер бойынша бүкiл адамзат қоғамы кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген болса, оның түрлi техника, құрал жабдықтар, қондырғылардағы мөлшерi 6 млрд тонна ғана, олай болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге болады. Бұдан басқа жыл сайын өндiрiлген сынап пен қорғасынның 80-90% биосфераға таралған. Көмiр жанған кезде күл жəне түрлi газдармен бiрге қоршаған ортаға таралатын кейбiр элементтердiң мөлшерi олардың өндiрiлген мөлшерiнен де асып түседi.

Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге зиянды əсерiн тигiзедi. Көмiрқышқыл газы инфрақызыл сəуленi - жылу сəулесiн сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына əкелiп соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның мөлшерi (көлем бойынша) 20%, бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан қорғап тұрады жəне бактерицидтiк қасиетi бар.

Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi таңдағы аса маңызды проблемалардың бiрi болып отыр. Қышқыл жаңбырлар ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн тежейдi. Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылып, су мен топырақта көп мөлшерде жинақталып тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм өлiмге ұшырайды.

2.3. Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы
Атмосфераның радиоактивтi ластануы нəтижесiнде радиациялық əсер ету байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып саналады. Радиациялық əсер - радиоактивтi ыдырау кезінде бөлiнетiн радиоактивтi сəулелердiң əсерi. Бұл сəулелер кейбiр химиялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиоактивтi сəулелер адам организмiнiң тiрi тканьдерi арқылы өтiп, биологиялық процесстердi бұзып, организмде түрлiше физикалық, химиялық жəне физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады.
Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қарапайым космостық сəулелерден бастап, экологиялық катастрофалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом ядролық станциялардағы авариялар, т.с.с. Радиоактивтi элементтердi өндiру мен атом қондырғыларын, двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн. Радиоактивтi заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олардың азғантай дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметiне зиянды əсер етедi.

Атмосфера радиоактивтi заттармен əсiресе, атом жəне сутектi бомбалардың жарылуы кезiнде ластанады.
Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануарлардың қалдық өнiмдерi арқылы да таралады. Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады, т.с.с.
1945 жылы августа Жапонияның Хиросима мен Нагосаки қалаларында жарылған атом бомбаларының зардаптары əлi күнге дейiн сақталуда. 1949жылы Семей жеріндегі ядролық сынақтың зардаптары да әлі сезілуде. 1963 жылы Москва қаласында бейбiтшiлiк сүйгiш мемлекеттердiң бiразы бiрiгiп, ядролық қаруды атмосферада, космос кеңiстiгiнде жəне су астында сынауға тыйым салу туралы келiсiмге (менорандум) қол қойды. Қазірде Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан алғаш ел ретінде танылып отыр.

2.4. Атмосфераның физикалық әсерлермен ластануы
1.4.1. Дiрiлдеу және шу.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңiнде атмосфераның шумен ластануы да бiрқатар зардаптарын тигiзуде.
Айнымалы физикалық өрiстiң әсері болатын серпiмдi денелерде пайда болатын аз механикалық тербелiстер дiрiлдеу деп аталады.
Дiрiлдеулерге, ең алдымен, дыбысты жатқызуға болады.
Серпiмдi орталардың естiлмейтiн тербелiстерi де, естiлетiндері де акустикалық тербелiстердi қамтиды. Дыбыс тербелiстерi - бұл 16Гц - пен 20кГц аралығындағы тербелiстер. 16Гц-тен төмен жиiлiктегі тербелістер - инфра дыбыс, 20кГц-тен жоғары тербелістер - ультрадыбыс деп аталады.
Шу - әр түрлi қарқын және жиiлiктегі периодтық емес дыбыстардың жиынтығымен анықталады. Адамдарды қоршаған шулар әртүрлi қарқында болатындығын білеміз, мысалы: сөйлеу тiлi - (децибел) 50-60Дб; серена - 100Дб; жеңiл автомобильдiң қозғаушысының шуы - 80Дб; қатты музыка - 70Дб; кәдiмгi пәтердегi шу - 30-40Дб.

Шу адамның организміне, оның физиологиялық белсендiлiгiне әсер етедi және белгілі мөлшердегі әсерлердің жинақ күші адам организмінде түрлі ауытқушылықтарды шақыра алады, алдымен адамның дыбысты қабылдау қабілетінің төмендетуiне, кереңдiкке алып келуі мүмкін.
Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесiне əсер етiп, есту органдарының қызметiн нашарлатып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке - психикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Бұнымен қатар гипертония, асқазанның жарасы, организмнiң эндокриндiк системасының бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына, нерв клеткаларының дегенерациялануына əкеп соғады. Үздiксiз қатты шу əсерiнен перифериялық қан тамырлары тарылып, бұлшық еттер мен миға қанның келiп жетуi қиындайды. Деңгейi 130 децибелден асатын шу акустикалық травмалар туғызады.
Батыстың бiрқатар елдерiнде əскери аэродромдар маңындағы елдi мекендер тұрғындарының үнемi ұшып тұратын реактивтi самолеттердiң шуынан жүректiң миокардi инфаркт, жыныс органдары қызметiнiң əлсiреуi сияқты аурулар жиiлеген. Ал кенеттен болған қатты шу əсерiнен жүректiң тоқтап қалуы да байқалады. Жануарларда да, əсiресе үй құстарында жұмыртқалар салу, сиырлардың сүт беру қабiлетi төмендейтiнi байқалған.
1.4.2. Электромагниттi өрiстер

Қазірде электромагниттi өрiстердегі ионданбайтын сәуле шығарулар адамзаттың қоршаған экологиясында өте көкейкестi сұрақтардың біріне айналды, әсіресе бұл жерде қазiргi тұрмыстық техника, ұялы телефондар, плеер, компьютер сияқты құралдардың әлсiз және аса әлсiз электромагниттік өрістерді шығаратындығын ескеру қажет.
Қазіргі қолданыста жүрген тұрмыстық техниканың шығаратын әлсіз ЭМ тербелістерінің қоршаған ортаға, сау адамға, оның организміне ұзақ әсерiн анықтаудың сенiмдi құралдары жоққа тән.
1.4.3. Фондық электромагниттік өрістер. Электромагниттi өрiс деп ұзақ уақыт бойы тірі және тiрi емес объектілерге әсер ететiн жасанды және табиғи сипаттағы ионданбайтын сәуле шығаруды айтады.

Табиғатта табиғи сипаттағы электромагниттік өрiстер бар. Табиғаттағы төмен жиiлiктi (жүздеген килоГцке дейінгі) ЭМ толқындарға мыналар жатады: атмосфералық электр, табиғи тау жыныстарының табиғи магнетизмi; теңiз суының қайтуы және тасуы құбылыстары; жердегi магнитосфераға күн желінiң әсерi; атмосфералық электрдiң жылжымалы зарядтарымен әрекеттесетiн ғарыштық бөлшектердiң әр түрлi ағындары; полярлық жарқыраулар.
Аталған электромагниттік толқындар көздерiнің арасында, атмосфералық электр эрісінiң көздерiн 0,003-30 МГц жиiлiктерi аралықтарында санау керек.
1.4.4. Радиоэлектронды құралдардың ЭМ өрiстерi. Жасанды сипаттағы электромагниттік толқындарға радиоэлектронды құралдардың шығаратын толқындарын жатқызамыз

1.4.5. ТД және радиохабар. Радиотолқындар басқа электромагниттік өріс толқындарымен салыстырғанда аса жоғары қуатты, ұзақ уақыт бойы үздiксiз ағымда жұмыс iстеу үшiн арналған. Радио және телестанцияның негiзгi міндеті қоршаған кеңiстiкке ЭМ өріс толқындарын тиiмдi шығару болып табылады, сондықтан да оны қоршаған ортаға және адамдарға қолайсыз әсер етуші бастапқы фактор ретінде қарау керек. Мұндай ЭМ өріс шығарған толқындар адамдардың басым көпшілігіне әсер етеді.
Санитарлық талаптарға сай, адамдар тұратын ғимараттарда, емдiк, мәдени, бала оқытатын мектептер және орта білім беру оқу орындарында ЭМ өріс әсерін ұзақ уақыт пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
1.4.6. Ұялы байланыс. Ұялы байланыс құралдарының қазiргi адамдардың күнделiктi өмiрiне жаппай енгiзілуі оның зиянды әсерін ескеру қажеттілігінен туындаған басты мәселе болып тұр.

Негізінен ұялы телефондардың шығаратын әлсіз ЭМ өрістерінің адам организміне зияны бар екендігі кеңінен талқылануда.
1.4.7. Энергетика және электрлік көлiк. Электрлік көлiк бүгiнде өмiрдiң ажырамас бөлiгіне айналды, дегенмен оның адам денсаулығына әсеріне басты назар аударылмайды. Көп жағдайларда, жолаушылар электрлік көлiктiң электромагниттiк қауiпсiздiгiнiң дәрежесi жайлы ойланбайды.
Зерттеулері нәтижесінде электрлік көлiктiң әсері оны пайдалану жағдайында мүмкіндігінше өзгеретіндігі анықталған. Яғни көліктің жылдамдық алуы мен тоқтауының 0,01 - 50Гц аралықтарында қозғалыс кезіндегі магниттiк индукциясының мәні төмендегідей өзгереді: троллейбустардың жүргiзушiлерiнiң кабиналарында - 49 - 325 мкТл, трамвайлардың жүргiзушiлерiнiң кабиналарындағы - 160 - 220 мкТл, жолаушылар салондарда - 265 мкТл-ға дейiн, қаладан тыс электрлік көліктерде - 75 - 85 мкТл-ға дейін.

1.4.8. Компьютер және кеңсе техникасы. Адам ағзасына зиянды әсері жағынан дербес компьютерлер ұялы байланыстың сенiмдi бақталастары болып табылады. Зерттеулер, ДК-мен жұмыстың 45 минутынан кейiн қолданушылар организмінде маңызды шамадан тыс жүктеулер айқындалатындығын көрсетедi.
Қазiргi заманда кеңсе үшiн маңызды техникалық құралдар компьютер, телефон, ксерокс - адам ағзасына өте қауіпті. Компьютердің жүйелік блогы мен мониторынан шығарылатын электромагниттi сәулеленулер компьютердің айналасына толық таратылады, қауіпті электромагниттік өріс аймағы 2,5 м-ге дейін жетуі мүмкін.

1.4.9. Тұрмыстық техника. Қазiргi тұрмыстық техника бүгінгі күнде адам үшін электромагниттік сәуле шығару көзі болып қалуда. Электр тогымен коректенетін барлық тұрмыстық техника электромагниттік өріс көздері болып табылады. Ең қуаттысы - ультратолқынды пештер, аэрогриль, электрлік плиткалар. Ультратолқынды пештерден (УТП) басқа барлық тұрмыстық техника жиілігі 50Гц электромагниттік толқындарды пайдаланады. УТП-терде жұмысшы жиілігі 24ГГЦ-тi құрайтын өрiстiк арнайы ультратолқынды өріс генераторлары қолданылады.
1.5. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары

Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн əрқашан зиян. Түтiннiң құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзiлуiне əкеп соғады. Тiптi кейбiр жағдайларда улы заттардың жинақталуы нəтижесiнде адамдардың аса қауiптi аурулары мен өлiмiне себеп болады. Бiрқатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нəтижесiнде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды. Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшiлiгi түссiз, иiссiз болып, организмге бiрден əсер ете қоймайды. Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабiлетiн төмендетiп, жөтел, бас айналу, дыбыс жолдарының спазмалары, өкпенiң түрлi аурулары, организмнiң жалпы улануын туғызып, түрлi ауруларға қарсы тұра алу қабiлетiн төмендетедi.
Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерiнен шыққан газдар, түтiн, iрi қалалардың үстiнде пайда болатын түрлi шаңдар Күн сəулесiнiң Жердiң бетiне түгел түсуiне кедергi келтiредi. Ультракүлгiн сəулелерiнiң жетiспеушiлiгi балаларда авитаминоз жəне рахит ауруларын туғызады.
Атмосфераның құрамындағы зиянды заттардан жануарлар мен жабайы аңдар да уланады. Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы фторлы жəне мышьякты қосылыстардан бал аралары уланып, олардың бал жинау қабiлетi төмендейдi. Бiрқатар мемлекеттерде жабайы аңдардың (бұғы, қоян мен қырғауыл, т.б.) атмосфераның құрамындағы күкiрттi газ, мышьяк, сурьманың əсерiнен улану оқиғалары көп кездеседi.

Өсiмдiктер үшiн əсiресе улы болып саналатыны күкiрттiң, фтор, хлордың қосылыстары мен көмiрсутектер. Олар ауылшаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен зиян келтiредi.
1.6. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдары
Атмосфералық ауаның ластануымен күресу мəселесi күрделi, жан-жақты жəне үлкен материалдық шығындар мен күштi қажет етедi. Дегенмен ғылыми-техникалық прогресстiң қазiргi заманғы даму деңгейi адам организмi мен қоршаған ортаға зиянды əсер ететiн заттардың түзiлуiн жəне бөлiнуiн азайтып, ластанудың алдын-алудың iс-шараларын жасауға мүмкiндік бередi.

Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын жəне зиянды қалдықтардың мөлшерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн iс-шараларды төмендегiдей 3 топқа бөлуге болады:
1. Зиянды қосылыстар түзiлетiн технологиялық процестердi жақсарту жəне мүмкiндiгiнше зиянды заттар аз бөлiнетiн жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу.
2. Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту жəне ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуiн азайту немесе мүлде болдырмау.
3. Зиянды қосылыстарды бөлетiн объектiлердi тиiмдi орналастыру жəне жасыл өсiмдiктердi көптеп отырғызу, егу.
Қорытынды

Сөз соңында айтарым, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсек, өзіміздің Жер - Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР

1. Безуглая Э.Ю., Расторгуева Г.М., Смирнова И.П. Чем дышит промышленный город.- Д., 1991.
2. Данилов А.Д., Королев И.Л. Атмосферный озон - сенсации и реальность. - Л., 1991.
3. Банников А.Г., Рустамов А.К., Вакулин А.А. Охрана природы.- М., 1985.
4. Саданов А.Қ., Əбжəлелов А.Б., Асқарова Ұ.Б. Экология.- Алматы, 2001.
5. Новиков Г.Л. Основы общей экологии и охраны природы - М., 1979 г.
6. Фурсов В.И. Охрана природы в сельском хозяйстве.- Алматы, 1987 г.
7. Канаев А.Т., Сагындыкова С.З. Экология окружающей среды Казахстана. Алматы, 2002 г.
8. Ревель П., Ревель Ч. Среда нашего обитания.- М., 1994.



© 2010-2022