Урок по биологии на тему Қанайналым жүйесі (8 класс)

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сынып

Тақырыбы: Қанайналым жүйесі. Жүрек пен оның қызметі
Мақсаты:

1. Қанайналым жүйесі мүшелерімен, жүрек, қан тамырларының қызметімен танысу.

2. Жаңа материалдық қабылдай отырып, оқушылардың өз бетімен білімін толықтыру дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Жүректің қалыпты жұмысын жақсарту және зиянды заттардың жүрекке кері әсері барын ұғындыру.

3. Денсаулықтарын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Жинақылыққа, зейін қоя білуге үйрету.


Жоспарланатын нәтиже:


Пәндік нәтиже: адамның қанайналым жүйесі, адам ағзасы және олардың маңызын білу; салауатты өмір салтын сақтау;
Тұлғалық нәтиже: салауатты өмір салтын сақтауынан, өз-өзіне қызмет етуінен, өз ағзасын күтуінен көрініс табуы тиіс;
Жүйелі-әрекеттік нәтиже: қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана білуінен көрініс табуы тиіс.


Жұмыс түрі: оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топтық жұмыс.


Қажетті құралдар: «Қанайналым», «Жүректің құрылысы», кестелері, тонометр, секундомер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері, математика


Өзекті сұрақ: «Жүрек үздіксіз тоқтамай қалай жұмыс жасайды? Ол тынығады ма?»


Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
- Бір бірімізге күлімсіреп қарап, амандасайық. Демді терең ішке тартып, демді шығарайық. Біз байсалды, деніміз сау, қайырымды, мейірімді және ақжарқын балалармыз. Бір-бірімізге тек қана жақсы тілектер тілейік.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы сұралады. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Әр топ оқушылары кезекпен ата-анасынан алған сұхбаттарын оқиды және талқылайды.

III. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою


«Миға шабуыл» стратегиясы
- Біз бүгін адам организмі туралы білімді толықтыруды жалғастырамыз. Кәнеки, балалар, мен бірнеше жұмбақ оқимын, ал сендер шешуін табасыңдар.
Таппайтын тағат,
Тығулы сағат. (Жүрек)
Сыртқа шығар жолы тұйық,
Түсі шымқай қызыл сұйық. (Қан)
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қанайналым жүйесі. Жүрек және оның қызметі»

IV. Білімді белсендіру
Кіріспе әңгіме
- Жүрек қайда орналасқан? (Оқушылар жауабы)
- Қанайналым жүйесі туралы не білесіңдер? (Оқушылар жауабы)
- Жүректің қызметі қандай? (Оқушылар жауабы)
- Ал енді, балалар, қолдарыңды сол жақ кеуделеріңе қойып тыңдаңдар. Не сезіледі?
- Бірқалыпты соғып тұрған жүректің дыбысын естідік. Ол өмір бойы үздіксіз жұмыс істейді.
- Кеуделеріңде соғып тұрған жүректің мөлшерін білгілерің келе ме?
- Жұдырықтарыңды түйіңдер. Кеуделеріңе дәл осы көлемде жүрек соғып тұр.
- Жүрек -бұлшық ет.
- Бұлшық ет қандай жұмыс атқарады?
- Жүрек тоқтамай жиырылып және босаңсып тұрады. Сондықтан да біз оның бірқалыпты соғуын естиміз.
- Қалай ойлайсыңдар, жүректің қызметі қандай?
Оқулықпен жұмыс
Оқулықта берілген мәтінмен танысып, суреттермен жұмыс жүргізіледі.
- Жүрек неше бөліктен тұрады?
- Күретамырдың қызметі қандай?
- Қанның адам организміндегі рөлі қандай?
- Ересек адам организміндек неше литр қан бар?
Практикалық жұмыс. Оқушыларға парақша таратылып беріледі.
- Балалар, айтыңдаршы, жүрек соғысын қалай анықтауға болады ?
- Жүрек жұмысын тамыр соғуынан білуге болады
- Тамырдың соғуы арқылы дені сау немесе ауру адамды анықтауға болады ма?
- Қолдарыңнан тамыр соғуын табыңдар
- Тамыр соғысын есептеңдер.
- Сенің жүрегің минутына неше рет жиырылып, босаңсиды?

1 минуттағы тамыр соғысының саны:

отырғанда

тұрғанда

10 рет отырып, тұрғаннан кейін

Парақшаға / дәптерге жазып алыңдар. Қандай қорытынды жасауға болады?
Сергіту сәті.
Орындарынан 10 рет тұрып, 10 рет отырады
- Енді тамыр соғысын қайта есептеңдер.
- Қандай қорытынды шығарасың?
Қорытынды: организмге күш түскенде бұлшық еттердің көбі жұмыс істей бастайды. Олар көбірек тамақ пен ауаны қажет етеді де, жүрек оларға көп қан айдайды.
«Идеяға толы себет» ойыны
Оқушылар өз идеясын жазады, топқа талқылайды, дұрыс жауаптарын себетке салады. Басқа топ мүшелері оны алып оқып, өз жауаптарымен салыстырады.
- Әр адамның дені сау және жүрегі мықты болу үшін не істеу керек? (Жүректі нығайту керек)
- Жүректі қалай нығайту керек?

Жеке жұмыс (1 минут уақыт беріледі)
Топтық жұмыс (3 минут уақыт беріледі)

V. Білімді бекіту
Өзекті сұрақты талқылау
Дәптермен жұмыс
Мәтіннен оқиғаны бойынша жүрек және оның қызметі туралы берілген тапсырманы жеке орындайды. Ұжымдық тексеру.


VI. Сабақты қорыту Қанайналым мүшелерін ата.
Қанайналым жүйесі басқа қан жүйемен бірлесіп жұмыс істейді. Қалай? Дәлелде.
Егер адамнан қан кететін болса, оны тоқтату үшін не істеу керек?


VII. Рефлекция

Сабақта маған ……. ұнады.

Маған ……….. қызықты болды.
Менде мынандай сұрақ бар…………


VIII. Үйге тапсырма



© 2010-2022