Сабақ жоспары: Жемістер

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 24.11.2015 ж

Пәні: Биология

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Жемістер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға жемістер туралы жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылық:Пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып оқушылардың өй өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Адамгершілікке, жауапкершілікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен : а) амандасу

ә) түгендеу

б) сабаққа назарларын аудару

2.Үй тапсырмасын сұрау

1.Тозаңдану деген не, оның қандай түрлері бар?

2.Ұрықтану қай кезде жүреді?

3.Өсімдіктер жел арқылы тозаңдануға қалай бейімделген?

3.Үй тапсырмасын пысықтау

4.Жаңа сабақ

Өсімдік гүлдеп болғанан кейін ұрықтанған аналықтың жатыны жеміске айналады.Жемістің түзілуіне жатыны мен бірге гүлдің басқа бөліктері қатысады.Жеміс қабырғасы сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан тұрады.Бұл қабаттарды қосып жеміс серігі дейді.Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді.

Шырынды жемістер шырыны мол, жұмсақ болады.Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды деп бөлінеді.

Жидек

Жидек тәрізді

Сүйекті шырынды

Қызанақ, қарлыған, алқа,жүзім, қарақат, картоп, баклажан

Апельсин, мандарин, лимон

Бадам, грек жаңғағы, кокос пальмасы

Құрғақ жемістердің қабығы қатты, сүректенген, құрғақ (кебу) болады.

Жемістері

Мысалы

1.Бұршаққап

Асбұршақ, беде

2.Бұршаққын

Қырыққабат , шомыр, шалқан

3.Қауашақ

Сасық меңдуана, сүттіген, шегіргүл, қызғалдақ

4.Қанатты жеміс

Үйеңкі, шегіршін, қайың, шаған

5.Дән

Бидай, жүгері, арпа, тары, күріш

6.Тұқымша

Бақбақ, күнбағыс, қалуен, өгейшөп, таусағыз, кекіре

7.Жаңғақ

Емен жаңғағы, жаңғақша

8.Жинақталған жемістер

Құлпынай, итмұрын, таңқурай мен бүлдірген

5.Сабақты бекіту

1.Шырынды жемістер нешеге бөлінеді, әр түріне мысал келтіріңіз?

2.Неліктен құрғақ жеміс деп аталған?

3.Құлпынай жемісін неліктен шырынды жеміске жатқызбаймыз?

6.Үйге тапсырма

§ 23 оқу мазмұндау,кесте толтыру

7.Оқушыларды бағалау



© 2010-2022