Конспект Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

-сабақ Тақырыбы: Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы

Мұғалімнің аты жөні

Смет Гүлжамал

№190 орта мектеп

Қазалы ауданы ,Ақтан батыр ауылы

апта

-күн

Сабақ-

Уақыты

Сабақ атауы

Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы

Сілтеме атауы

Биология анықтамалығы

11-сынып авторы Р.Сәтімбеков Р.Әлімқұлова ,Ж.Шілдебаев

Биология әдістемелік нұсқаулық

Жалпы мақсат

оқушыларға ұрықтану процесін, өсімдіктердегі эндосперге, диплойдты және триплойты жасушалардың дамуын, Навашин, аталық және аналық гаметалардың дамуын түсіндіру
ә) Оларға ұрықтану туралы ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, ой - өрісін дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру;
г) көбеюдің және тозаңдану мен ұрықтанудың күрделі екенін айту

б) Алған білімдерін өздіктерінен пайдаланады.

в) Өз беттерімен зерделеп, зерттейді.

Міндеттері

Тозаңдану мен ұрықтанудың өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғыну.
Гүл - тұқыммен көбею мүшесі екендігі туралы қорытынды пікірге негіз қалау.
2. Гүл, гүлдің құрылысы, көбею жөніндегі білімдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сабаққа белсене қатысу арқылы сындарлы ойлауға ,пікірлерін еркін айтуға ,өз ойларын жеткізіп талдауға машықтанады.

Негізгі идеялар

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ұжымдық мәдениетін қалыптастыру, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау

арқылы теориялық ойлауын, білімін кеңейтуге ықпал жасау.

Тапсырмалар Wiki

материалдары

Power Point «білім беру платформасы»

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Уақыты

Мұғалім -іс әрекеті

Оқу іс -әрекеті

5-минут

І.Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен амандасу,түгелдеу, сәттілік тілеу

25-минут

ІІ.Маңызын арттыру

  1. Тозаңдануға қажетті тозаңқапта жиналатын түйіршік. (тозаң).
    2. Аталық гамета. (спермия).
    3. Жыныс клеткасы. (гамета).
    4. Тұқымбастама ұшындағы жіңішке өзек. (тозаңтүтік).
    5. Екі жыныс клеткасының қосылуы. (ұрықтану).
    6. Аналық гамета. (жұмыртқажасуша).

    1. Гүлдің жыныс мүшесінің бірі. (Аталық).
    2. Тұқымбастамадан дамитын, жеміс ішінде болатын өсімдік негізі. (Тұқым).
    3. Гүлдің жыныс мүшесі. (Аналық)
    4. Аталығы да, аналығы да бар гүл. (Қосжынысты).
    5. Аналықтың екінші бөлімі. (Мойны).
    6. Аталық және аналық гүлдері бар өсімдік. (Бірүйлі).
    7. Гүлдің мүшелері орналасатын бөлімі. (Гүлтабан).
    8. Жіңішке гүл дамып жетілетін гүл бөлігі. (Гүлсағақ).
    9. Аналықтың жеміс дамитын бөлігі. (Түйін).
    10. Тозаң жиналатын орын. (Тозаңқап).
    11. Түйіннен пайда болатын өсімдік негізі. (Жеміс).
    12. Аналықтың бірінші бөлімі. (Аузы).

  2. Жаңа сабақ
    Жынысты көбею - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері - аталық пен аналық.
    Тозаңдану дегеніміз - аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді.
    Ұрықтану дегеніміз - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ұрықтану тозаңданудан кейін болады. Егер де сперматозоид жасушасы бір ғана жұмыртқаны ұрықтандырса оны моноспермиялы, бірнеше сперматозоид ұрықтандырса полиспермиялы деп атаймыз.
    Аналықтың жабысқақ сұйықтық бөлінгенде аналық аузына түскен тозаң жіңішке түтікше шығарып, өнеді. Тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетеді.
    Жатындағы көпжасушалы тұқымбүршігінің ішінде жұмыртқа жасушасы мен ең ірі жасуша болады. Тозаң түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша бар. Тозаң түтікшесінің ұшы тұқым бүршігінен түйіскенде 2 жасушаның біреуі жұмыртқа жасушасымен қосылып ұрықтанады. Екінші жасуша тұқым бүршігінің ең ірі жасушасымен қосылады. Мұны қосарлы ұрықтану дейді, бұл құбылысты ашқан ғалым С. Г. Навашин. Ұрықтанғаннан соң тұқым бүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды

Топпен жұмыс

1тапсырма
ұрықтану дегеніміз не
моноспермиялы ұрықтану
полиспермиялы ұрықтану
өсімді және генеративті дегеніміз не
қосарланып ұрықтану дегеніміз не
аталықтгаметалар қалай дамиды
аналық гаметалар қалай дамиды
.

1.Бүгінгі сабақта не білдік?

2.Жұппен жұмыс жасау тиімді орындалды ма?

3.Әсіресе, сабақтың қай кезеңдері ұнады?

4.Бүгінгі сабаққа беретін бағаң?

5-минут

ІV Білімді жинақтау және жүйелеу

Семантикалық карта

Жұппен жұмыс

Жеке жұмыс

5-минут

V.Оқушылар білімін бақылау және бағалау

5-минут

VІ.Сабақты қорыту ,бағалау хабарлау

Сабақтың жабдықтары

Мультимедиа,интерактивті тақта ,маркер,қарындаш

Келесі тапсырмалар

Келесі оқу

Тәжірибелік сабақты бағалау

Сабаққа өзгертулер енгізу

Топтық жұмыстар қорғау,жұптық жұмыстар



© 2010-2022