Урок на тему: Тыныс алу мүшелері

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок на тему: Тыныс алу мүшелері«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі» ММ








Ашық сабақ

Тақырыбы :« Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері. »


8 сынып







Тупишева Жанат Сұлтанқызы

үшінші (базалық) деңгейде сертификатталған

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты

биология пәні мұғалімі.


Әулиекөл, 2015

Білім пирамидасы

Мақсаты: Тыныс алу үшелерін сипаттау, мүшелерді ажырата білу, мүшелер арасындағы байланысты түсіндіру.

Оқу нәтижелері: 1.Тыныс алу мүшелерін сипаттай аламын

2.Тыныс алу мүшелерін ажырата аламын.

3.Мүшелер арасындағы байланысты түсіндіре аламын.

Негізгі ресурстар : интерактив тақтасы, А форматындағы қағаздар, кері байланыс парағы.

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды 4 топқа бөлу.(үшбұрыш,төртбүрыш,бесбұрыш, алтыбұрыш арқылы )

Тренинг«Сәлемдесу »

2.Үй тапсырмасын тексеру

Дұрыс және бұрыс стратегиясы

1.Қан айналым мүшелерін зерттейтін ғылым кардиология деп аталады

2.Адамның жүрегінің салмағы 250-300 грамм

3.Жүрек кеуде қуысының оң жақ бөлігіне қарай орналасқан

4.Адамның жүрегі 4 бөлікті

5.Жүректің бұлшықетті қабаты эндокард

6.Қан тамырлары: салатамыр, көктамыр, қылтамыр

7.Көктамырда оттегіне қаныққан қан ағады

8.Жүректің қызметің баяулататын жүйке жүйесінің бөлігі симпатикалық бөлім деп аталады

9.Қан арқылы жүрек жұмысы гуморальді реттеледі

10.Жүрекке ғана тән қасиет автоматия деп аталады

Дұрыс жауаптар

1.Б 2.Д 3.Б 4.Д 5.Б 6.Д 7.Б 8.Б 9.Д 10.Д

0-3 2 ұпай

4-6 3 ұпай

7-8 4 ұпай

9-10 5 ұпай

3.Жаңа сабақ.

Миға шабуыл: Тыныс алу мүшелері туралы не білесіңдер ?

(Оқушылар айтқан ойларын интерктивті тақтасына жазамын )

Оқу мәтіні 4 бөлікке бөлініп, әр топқа жеке жұмыс оқушылар мәтінді

оқулықтан оқиды.(5 мин )

  1. топ. Тыныс алу мүшелерінің маңызы, құрылысы

  2. топ.Өкпе құрылысы

  3. топ.Өкпедегі газ алмасу

  4. топ.Ұлпадағы газ алмасу

Топпен жұмыс:топ іщінде мәтінді талқылайды.(3 мин )

Постер жасайды.(5 мин )

Топ жұмысының нәтижесін топ мүшесі қорғайды,сұрақтарға жауап береді.(5 мин )

Оқушылар табыс критерийлері бойынша бағалайды.

Сергіту сәті. Интерпретациялық сұрақтар.

Бекіту.

Білім пирамидасы

1.Қарапайым сұрақ

Тыныс алу дегеніміз не?

2.Нақты сұрақ

Өкпің қызметі қандай?

3.Ойландыратын сұрақ

Шылым шегетін адамдарда өкпе көпіршіктері тозады, оны қалай жаңартады және қалай?

4.Шығармашылық сұрақ

Тыныс алу мүшелері мен қан айналым мүшелері арасында қандай байланыс бар?

5.Практикалық сұрақ

Сыртқы тыныс алуды белгілі бір тәртіппен жазыңдар?

Бағалау ағашы.Кері байланыс

Үй тапсырмасы

Тыныс алу мүшелері

«Тыныс алу мүшелері зақымданғанда алғашқы көмек көрсету» эссе жазу



















© 2010-2022