Эссе «Ғаламдық преспективалар және жоба жұмысы» пәні зерттеуге негізделген пән

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе «Ғаламдық преспективалар және жоба жұмысы» пәні зерттеуге негізделген пән.

Мусина Бакыт Жунусовна

С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы

мектеп-лицейінің биология мұғалімі

Степногорск қаласы

Ақмола облысы

[email protected]


«Ғаламдық преспективалар және жоба жұмысы»

пәні зерттеуге негізделген пән.


«Жаһандық мақсат - саяси-экономикалық және

рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын,

ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер,

өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны

тәрбиелеп қалыптастыру»


«Ғаламдық преспективалар және жоба жұмысы» пәні оқушыларға көптеген мүмкіндік береді, соның ішінде ғылыми-зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Ғылыми зерттеу дағдылары оқушыларға зертеушілік деректерді зерделу үшін негізгі және қосымша дерек көздер табуына мүмкіндік береді. Ал зертеу - фактілерді анықтау мақсатында жаңа білімдерді іздеу немесе жүйелі тексеру болып табылады. Осы пәнді оқығанда ғылыми зерттеуге негізделген оқыту мен оқуға арналған негізгі тәсілдермен таныстым. Бұл тәсілдердің негізгі ерекшелігі - оқушыларға сұраққа жауап беру үшін немесе мәселені шешу үшін дәлелдер қолданады. Сол дәлелдерді шешу тәсілдері құрымдалған зерттеу, яғни мұғалім оқушылар ұстанатын тәсілдерді егжей-тегжей, әр қадамды сипаттау арқылы түсіндіреді екен. Оқушылар өздері тапқан дәлелдер негізінде мәселеге түсініктеме береді, талқылайды және қорытынды шығарады. Бұл зерттеу мұғалімнің қадамымен жүреді, яғни мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеу болады. Мұғалім бағыт беріп отырады, сұрақтар тізімін береді. Оқушылар өздеріне қажетті тақырыпты таңдайды. Кейін ашық зертеу - бұл зерттеуде оқушылар зерттейтін, дәлелдейтін сұрағына және жауап беру тәсілдерін іздейді, өзі таңдайды. Осы зерттеулердің ішінде ашық зерттеу өте тиімді болып табылады. Өйткені, оқушыларға зерттеу мәселесін қарастыру үшін бірнеше мүмкіндіктер ұсынады. Зертеу материалдардың құрамы оқушымен анықталады. Олар өздеріне ең қызықты болып табылатын тақырыптарды немесе болашақ кәсібіне қатысты зерттеу тақырыптарын таңдауға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, жетістік критерийлері қарастырылады. Оқушы оқу мақсатына жетті ме, талпынды ма, себебін анықтайды.

Мектептің жүрегі - мұғалім, білікті ұстаз. Сондықтан казіргі таңда ең маңызды мәселелердің бірі - педагог мәртебесін көтеру. Осы бағытта мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында 2015 жылда Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектепбі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында «Ғаламдық преспективалар және жоба жұмысы» пәні бойынша курсын аяқтадым. Әрине әлемдегі үздік практиканы меңгерген «жаңашыл мұғалім» мектеп жүйесіне жаңаша леп әкеледі, білім беру қызметінің сапасын жаңа деңгейге жеткізеді деп үкімет бізге үлкен сенім артып отыр.

Жалпы «Ғаламдық преспективалар және жоба жұмысы» пәні оқушыларға қол жеткен білімдерін кеңейту және жаңа білімдер алуға, ғылыми топшылауларды тексеруге, табиғат мен қозғалуын көрініс табатын заңдылықтарды анықтауға, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылауға, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізуімен қатар ғылыми ізденістермен айналысуға мүмкіндік береді. Жаһандану жағдайында әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылу және сол деңгейді ұстап қалу болып табылады. Бұл пән арқылы ғылыми негіздерден мәлімет беріп қоймай, дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуына, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу біздің қолымызда екенін ұмытпайық.


© 2010-2022