БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ КӨБЕЮI ЖӘНЕ ДАМУЫ

БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ КӨБЕЮI ЖӘНЕ ДАМУЫ Насекомдар даражыныстылар,  жыныс диморфизмi байқалады. Жыныс диморфизм —  бұл аталық пен аналықтың көлемi, формасы, дене түсiндендегi айырмашылықтары. Айырмашылықтар өте айқын болуы мүмкiн, мысалы, аналықта аяқтар, қанаттар, айқын ерекшеленген басы болмауы  мүмкiн. Ұрықтануы iштей. Аналықтар ұрықтанған жұмыртқалар салады. Кейбiр насекомдарда партеногенез немесе“таза ұрықтану” құбылысы кездеседi. Мұндай түрлердiң көптеген ұрпақтары тек аналықтардан ғана тұрады: ...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ КӨБЕЮI ЖӘНЕ ДАМУЫ

Насекомдар даражыныстылар, жыныс диморфизмi байқалады. Жыныс диморфизм - бұл аталық пен аналықтың көлемi, формасы, дене түсiндендегi айырмашылықтары. Айырмашылықтар өте айқын болуы мүмкiн, мысалы, аналықта аяқтар, қанаттар, айқын ерекшеленген басы болмауы мүмкiн.

Ұрықтануы iштей.

Аналықтар ұрықтанған жұмыртқалар салады. Кейбiр насекомдарда партеногенез немесе"таза ұрықтану" құбылысы кездеседi. Мұндай түрлердiң көптеген ұрпақтары тек аналықтардан ғана тұрады: аталықтар болса - өте сирек кездесетiн құбылыс.

Насекомдардың дамуы екi жолмен жүредi:

1. Шала түрленiп даму тiкқанаттыларға, тарақандарға, дәуiттерге тән. Шала түрленiп даму келесi схема бойынша жүредi: жұмыртқа - дернәсiл- ересек түр (имаго). Жұмыртқадан ересек насекомға ұқсас, бiрақ кiшi көлемдi, қанаттары және жыныс жүйесi толық дамымаған дернәсiл шығады. Дернәсiл өсiп, бiрнеше рет түлегеннен соң ересек насекомға айналады.

2. Толық түрленiп даму - қосқаннаттыларға, жарғаққанаттыларға, қаттықанаттыларға тән. Толық түрленiп даму келесi схема бойынша жүредi: жұмыртқа - дернәсiл - қуыршақ - ересек түр (имаго). Дернәсiл құрылысы мен мiнез-қылығы жағынан ересек насекомдарға ұқсамайды. Дернәсiл қарқынды қоректенедi, бiрнеше рет түлегеннен соң қозғалмайтын қуыршаққа айналады. Қуыршақта мүшелердiң қайта құрылымы жүрген соң, оның iшiнен ересек насеком шығады.

БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ

Биосферада:

- Гүлдi өсiмдiктердiң негiзгi тозаңдатқыштары.

- Өсiмдiк қоректi пайдаланып, оны жануар ақуыздарына - басқа жануарлар қорегiне айналдырады.

- Биосфераның санитарлары.

Шаруашылық саласында:

- Жоғары өсiмталдығы мен биосалмағы оларды қорлар үшiн күресте адамның бәсекелесiне айналдырады (олардың iшiнде көптеген зиянкестерi бар).

- Қансорғыштар үй жануарларының өнiмдiлiгiн азайтады.

- Адамда жұқпалы және инвазионды аурулар қоздырғыштарының тасымалдаушылары болып табылады.



© 2010-2022