ЖИТС/ АИВТ – қатерлі ғасыр дерті

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖИТС/ АИВТ – қатерлі ғасыр дертіЖИТС/ АИВТ – қатерлі ғасыр дертіЖИТС/ АИВТ – қатерлі ғасыр дертіЖИТС/ АИВТ – қатерлі ғасыр дертіЖИТС/ АИВТ – қатерлі ғасыр дертіЖИТС/ АИВТ – қатерлі ғасыр дертіЕсиркепова Акалтын Аманбаевнаның сыныптан тыс сабағының жоспары

Тақырыбы

ЖИТС/ АИВТ - қатерлі ғасыр дерті

Мақсаты

Оқушылар ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) пайда болу тарихы, оның адам өміріне қауіптілігі және алдын алу шаралары туралы ой қорытады. Қосымша деректер арқылы өз ойын тұжырымдауға үйренеді. Салауатты өмір салты қалыптасады

Ұйымдастыру

2 мин

Оқушыларды түгендеу

Оқушыларға жылы атмосфералық жағдай туғызу (бір-бірімізге күлу)

Денсаулыққа қатысты сөздер арқылы топқа бөлу: Денсаулық, саламатты Қазақстан, өмір, болашақ

Сілтеме

Интернет ақпараттары, АКТ (бейнежазба), слайдтар, қосымша материалдар

Әдіс- тәсілдер

Диалогтық оқыту (сұрақ- жауап), сыни тұрғыдан ойлау (ассоциация), АКТ (бейнежазба), бағалау (смайликтер арқылы)

Оқыту нәтижесі

Жалпы оқушыларда ЖИТС/ АИВТ туралы толық түсініктері қалыптасады. Сауалнама жазу арқылы білімін нақтылайды. Берілген тапсырмаларды орындап және талдай алады. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасай алады, өздерінің ой пікірлері қалыптасады.

Негізгі түйін

Денсаулық - зор байлық.

Тапсырмалар

12 мин





15мин

5мин





7мин

Диалогтық оқыту. «Ортада қаламсап» әдісі (ашық- жабық сұрақтар арқылы)

ЖИТС туралы ең алғаш кімнен естідіңіз?

ЖИТС қандай жолдар мен жұғады, одан сақтану шаралары қандай?

ЖИТС - тің шығу тарихы туралы не білесіз?

АИВТ деген не?

ЖИТС - тің алдын - алудың қандай шаралары бар? Өз пікіріңізді айтыңыз

«ЖИТС/ АИВТ - қатерлі дерт » бейне жазба көру

2- тапсырма. СТО. Ассоциация әдісі

житс



3- тапсырма. Сауалнама.

«Сіз ЖИТС туралы не білесіз?» «Д» - дұрыс, «Қ» - қате екенін белгілеу:

ЖИТС-пен ауыратын адамды құшақтау қауіпті

Қ

Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖИТС-ты жұқтырып алуға болады

Қ

Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті

Д

ЖИТС-пен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немесе бір бутербродты тістесең ЖИТС вирусын жұқтыру мүмкін емес

Қ

Жыныстық қатынас, есірткі және ЖИТС мәселелерін мектепте талқылау - дұрыс идея

Д

ЖИТС-ты вирус қоздырады

Д

ЖИТС денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады

Қ

ЖИТС негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде

Д

ЖИТС - ға байланысты проблемалардың бірі - жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін

Д

Дүние жүзілік СПИД - пен күрес күні - 1 желтоқсан

Д

Оқушылардың «Өз өмірім-өз қолымда» атты театрландырылған көрінісі.

Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын білдіреді.

ЖИТС/ АИВТ – қатерлі ғасыр дерті

Бағалау

Оқушылар смайликтер арқылы көрсетті.



Мұғалімнің жазбасы

Оқушылар бүгінгі сабақта аса қызығушылық пен белсенділік пен қатысып отырды. ЖИТС туралы бейне жазба арқылы шығу тарихы, қай жылдары бұл дерттің өршігені және жұғу жолдары мен танысып, ЖИТС дертінің аса қатерлі екендігі туралы біраз мағлұматтар алғанын айтты. Сондай - ақ оқушылар өздері бұрыннан білетін мағлұматтарын ортаға салып, пікір алмасты, әркім өз ойын айтып толықтырып, тұжырымдады. Оқушылар кері байланыс арқылы баланың басына , Не түйдім? Не айттым? Не көрдім деген сұрақтарға жауап бере отырып бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын қорытындылады. Сабақ сыныптан тыс болғандықтан бағалау қолданылмайды, бірақ мен оқушылардың көңіл күйлерін білдіру үшін үш түрлі смайликтер қолдандым.



© 2010-2022