Мутациялық өзгергіштік. Цитоплазмалық мутация. (10сынып)

Бекітемін:                                                                      Х а сынып.   Сабақтың тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік.Цитоплазмалық мутация   Сабақтың мақсаты 1.Білімділік:Оқушыларға мутациялық өзгергіштіктің  цитоплазмалық түрлері, олардың себептері,организмге әсері туралы білім беру.   2.Дамытушылық:Оқушылардың биология ғылымына қызығушылығын тудырып, ғылыми дүние танымын,жеке тұлғасын,коммуникативтік біліктілігін дамыту.   3.Тәрбиелік:Ұжымшылдыққа,өз ойларын айта білуге,адамг...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Х а сынып.

Сабақтың тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік.Цитоплазмалық мутация

Сабақтың мақсаты 1.Білімділік:Оқушыларға мутациялық өзгергіштіктің цитоплазмалық түрлері, олардың себептері,организмге әсері туралы білім беру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың биология ғылымына қызығушылығын тудырып,

ғылыми дүние танымын,жеке тұлғасын,коммуникативтік біліктілігін дамыту.

3.Тәрбиелік:Ұжымшылдыққа,өз ойларын айта білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық

технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,проектор, үлестірмелер, сурет-плакаттар.

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мутациялық өзгергіштік.Геномдық мутация . Анеуплоидия.

І)Зейін аудару

1.Мутация дегеніміз не? Бұл ұғымды қалыптастырған кім?

Мутация дегеніміз-организм генотипінің,яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері-гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын,тұқым қуалайтын өзгергіштік.Бұл ұғымды ең алғаш рет голландиялық ботаник Х.Де Фриз қалыптастырды.

2.Мутагендер дегеніміз не,олардың қандай түрлері бар?

Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады,оларды мутагендер деп атаймыз.Мутагендердің 3 түрі бар:физикалық,химиялық ,биологиялық.

3.Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутацияның қандай түрлері бар?

Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар гендік, хромосомалық, геномдық, цитоплазмалық болып бөлінеді.

4.Гендік мутация дегеніміз не?

ДНҚ құрамындағы генде өзгеріс болады.ДНҚ-дағы нуклеотидтердің орны өзгереді,ДНҚ молекуласындағы бір нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін,немесе бір нуклеотидтің орнына басқа нуклеотид орналасады.

5.Хромосомалық мутация

Хромосомалық мутация түрлі хромосомалық өзгерістерге байланысты болады.Бұл жағдайда хромосомалардың құрылымы өзгереді.Ондай өзгерістер хромосомаішілік және хромосомааралық болып келеді.

6.Хромосомаішілік мутацияның қандай топтары бар?

Хромосомаішілік өзгерістерге мыналар жатады:дефешенсия-хромосома ұштарының жетіспеушілігі;делеция-хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы;инверсия-хромосома бөлігінің 1800-қа бұрылуына байланысты гендердің орналасу ретінің өзгеруі;дупликация-хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі.

7.Хромосома аралық мутацияның қандай топтары бар?

Хромосомааралық өзгерістерге хромосоманың бір бөлігінің оған ұқсас емес басқа бір хромосомамен ауысып кетуі жатады,оны транслокация дейді.

8.Геномдық мутация дегеніміз не?

Геномдық мутация дегеніміз-жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік.

9.Геномдық мутацияның қандай түрлері бар?

Митоз бен мейоз кезінде хромосома саны теңдей бөлінбей,не көбейеді,не азаяды.Көбейсе полиплоидия,азайса анеуплоидия немесе гетероплоидия деп атайды.

10.Полиплоидия

Гаплоидты хромосома санының еселеніп көбеюін полиплоидия деп атайды.Полиплоидия құбылысы табиғатта кеңінен тараған,олар табиғи жағдайлардың әсерінен пайда болатындығы дәлелденді.Мәдени өсімдіктердің көпшілігі табиғи полиплоидты формалар.Хромосома санының еселену дәрежесіне қарай 3n-триплоидты,4n-тетраплоидті,5n-пентаплоидті болып келеді.

11.Анеуплоидия

Анеуплоидия немесе гетероплоидия хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады.Бұл құбылысты ең алғаш К.Бриджес дрозофила шыбынындағы жыныспен тіркесіп тұқым қуалау заңдылығын зерттеу барысында байқаған болатын.

ІІ)Ақпараттық құзыреттілік. (электрондық оқулықпен жұмыс)

ІІІ. Жаңа сабақ Мутациялық өзгергіштік.Цитоплазмалық мутация

1)Өз бетімен жаңы тақырыпты меңгеру. «Дана үкілер»

А)Таныс және таныс емес. (Мәтіннен сізге алдында таныс болған және сізге мүлдым таныс емес ұғымды табыңыз)

Б)Иллюстрациялық бейнелеу. (Мәтіннің негізгі ойын сызба арқылы бейнелеңіз)

2) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

«Тірек мәтін» Цитоплазмалық мутация.

Цитоплазмалық тұқым қуалауды зерттеудің негізін 1908-1909 жылдары неміс ғалымдары К.Корренс пен Э.Баур салған.Цитоплазмалық тұқым қуалау негізінен аналық жолмен жүреді,өйткені аналық жасушада цитоплазманың мөлшері көп,ал аталық жасушада цитоплазма мөлшері аз.Сонымен цитоплазмалық мутация плазмогендердің өзгеруі нәтижесінде организм белгілерінің өзгеруі болып табылады.Плазмогендер тек пластидтер мен митохондрияларда ғана болады.

(Электрондық оқулықтан мутациядық өзгергіштік туралы көрсету)

ІҮ. Бекіту тапсырмалары: А) Сұрақтарға жауап беру.

1.Мутациялық және модификациялық өзгергіштікті салыстырыңдар.

2.Мутациялық өзгергіштіктің мәні неде?

3.Полиплоидтар дегеніміз не,оның маңызы қандай?

В) Есеп шығару. .Полиплоидия.

Қызылша өсімдігінің хромосома жиынтығының диплоидты саны 2n=18.Негізгі санды -х-ты қолданып,мынадай өсімдік түрлерінің:а)үшплоидты;ә)тетраплоидты;б)пентаплоидты,гексаплоидты хромосома жиынтығын анықтаңдар.

Шешуі:Егер қызылша өсімдігінің диплоидты саны 2n=18-ге тең болса,ал гаплоидты жиынтығы,жыныс жасушаларының мейоздық жолмен бөлінуіне байланысты гаплоидты саны:n=9-ға тең.

Жауабы:а)үшплоидты 3*х=3*9=27 ә) тетраплоидты 4*х=4*9=36 б) пентаплоидты 5*х=5*9=45 гексаплоидты 6*х=6*9=54

С) Тест жұмысы: 1.Мутация тудыратын факторлар

А)мутагендер В)анеуплоидия С)гетероплоидия Д)токсиндер Е)полиплоидия

2.Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм генотипінің өзгеруі

А)генотиптік өзгергіштік В)тұқымқуалайтын өзгергіштік С)Модификациялық өзгергіштік Д)мутациялық өзгергіштік

Е)модификациялық,мутациялық өзгергіштік

3.Әр түрлі жұпқа жататын пішініне қарай ажыратылатын хромосомалар

А)гаплоидты В)гомологты емес С)гомологты Д)аллельді Е)соматикалық

4.Хромосомалардың қызметі

А)органикалық заттарды тасымалдау В)тұқымқуалау С)бөліну,ақпараттарды тасымалдау Д)көмірсуларды тасымалдау Е)нәруыздарды синтездеу

5.Цитоплазмалық тұқым қуалауды зерттеудің негізін салған

А)К.Коренс,Э.Баур В)Э.Чермак-Зейзенаг С)С.С.Четвериков Д)И.Н.Вавилов Е)К.де Фриз Жауаптары: 1.А; 2.С; 3.В; 4.В; 5.А;

ҮІ.Үй тапсырмасы: Мутациялық өзгергіштік.Цитоплазмалық мутация

ҮІІ. Бағалау.


© 2010-2022