Көру мүшесі сабақ жоспары

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«______»__________201____жыл

Сынып:8

Сабақ тақырыбы: Көру мүшесі. Көз құрылысы. Қызметі. Орталығы. Сығырлық. Қырақтылық. Гигиенасы. Алғашқы жәрдем.

Білімділік: Көру мүшесінің құрылысының ерекшеліктерін, оның бөліктерінің қызметін, өзара байланысын анықтау;

Дамытушылық: Көру анализаторының мысалында «анализатор» ұғымын қалыптастыру; «аккомодация»мысалдар келтіре алуға дағдыландыру

Тәрбиелік: Көру қабілетіне әсер ететін факторлардан сақтану, көру мүшесінің гигеналық ережелерін білуге үйрету.

Құрал-жабдықтар: «Көру мүшесінің құрылысы» кестесі, «Көру анализаторының құрылысы және қызметі» презентация.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Біз әлемді танимыз, өсеміз, ақпараттар қабылдаймыз, оқимыз, сеземіз.

Сұрақ: Қай мүшелеріміз арқылы әлемді танимыз?? Күтілетін жауаптар: көз, құлақ, тіл, тері, мұрын арқылы.

Әрине дұрыс бұл мүшелердің барлығы сезім мүшелеріне жатады. Бүгін біз көру анализаторының құрылысын оқи отырып, ағзамыздың құрылысына саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз. Біздің көзіміздің қызметі жайлы, қоршаған әлемді қабыладудағы рөлі, неге көзімізді қорғауымыз керектігі жайлы әңгіме қозғаймыз. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Көру анализаторының құрылысы және қызметі» (Дәптерлеріне жазады)

2. жаңа материалмен таныстыру

2.1 көрудің маңызы.

Біз алуан түрлі түстердің, иістердің, дыбыстардың арасында өмір сүреміз. Бірақ солардың ішінде көру арқылы қоршаған әлемді қабылдауымызға көбірек әсер етеді. Бұл ерекшелікке ертедегі оқымыстылар да көп мән берген.Платонның айтуы бойынша құдайлар барлық мүшелердің ішінде ең алған жарық қабылдайтын көзді жаратқан. Құдайларды ертедегі мифтерден кездестірсек те, көру мүшесі арқылы қоршаған ортадан 90 пайыз ақпаратты алатынымыз шындық. И.М.Сеченовтың есептеуі бойынша көру мүшесі адамға минутына 1000 түрлі әсер бере алады.

Таңертең тұрғанда өзіме жақын адамдарымның жүздерін көре аламын.

Таңертең далаға шықсам, күнді, бұлтты, жасыл шөптердің арасындағы қызыл-сары гүлдерді немесе қар жамылған аппақ даланы көре аламыз.

Коридорда келе жатып, мен оқушыларымды көріп, олардың қуанғандарын, ренжігендерін көре алам.

Рафаэль, Рембрандт, Пикассо... - "Оны көру керек", - бір-бірімізге осылай дейміз..

"Менің көзіме қара", - дейміз.Себебі, В. Гюго "көз - жан айнасы" деген. Сол көздерден өтірік пен шындықты, жақсылықты, жамандықты ажырата аламыз.

Енді, сол бізді қоршап тұрған әдемі бейнелердің бәрі, көгілдір аспан, достарымыздың бейнелері, күн жоғалып кетті деп елестетсек не болар еді. Қараңғылықта өмір сүру қалай болар еді?

Барлық ақпарат құралдарынан естіп жатырсыңдар, желтоқсан айында қараңғылық басады, жарық болмайды деп, осының бәрі қандай қорқынышты.

Түрікмен халқында мынадай мақал бар: "От глазных болезней человек не умирает, но и о его здоровье никто не придет справляться".

Ежелгі Египетте көзге қарап адамға диагноз қоятын болған. Қазіргі кезде бұл әдіс ИРИДИОДИАГНОСТИКА деп аталады.Көздің қасаң қабығында әрбір мүшенің аймағы болады, ауырған кезде сол аймақ нүктесі қараяды.

"Көз қарашығыңдай сақта", - ең қымбатыңды сақтау туралы айтылған..

Жануарлардан ерекшелігіміз, түстерді ажарыта аламыз, бірақ ультракүлгін сәулелерді, полярлы жарықты қабылдамаймыз, ал олардың көмегімен тұманда кейбір жәндіктер бейімделе алады.

Ендеше біздің көзіміз қалай құрылған?

2.2 Көз құрылысы. (Таблица, презентация).

1. қосымша бөліктер. (оқулық сур.38 84 бет)

2. көз алмасы құрылысы. (оқулық рис 38 бет 84)

А) ақ қабықтың қызметі.

Б) қасаң қабық. қарашық, көзбұршақ. Функциясы.

В) торлы қабық. (оқулық 43 сур. бет 85) құрылысы күрделі. Көз алмасының түп жағында шар тәрізді ақ дақ /соқыр дақ/, оның жанында сары дақ болады. Торлы қабықта жарықты сезетін жасушалар өте тығыз орналсқан. Бұл жасушалардың пішіндері таяқша, құтышалар болып келеді. Сары дақ құтышалар жасушаларының жиянтығынан түзілген, жарықты жақсы сезеді. Соқыр дақта жарықты сезетін жасушалар болмайды, жарық сәулесін қабылдамайды. Сондықтан оны соқыр дақ дейді. Соқыр дақ - көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері.

Таяқша тәрізді жасушалар/120 млн./ арқылы адам түнде, ымырт жабылған кезде жақсы көреді. Құтыша тәрізді жасушалар /7 млн./тек жарық жақсы түскенде ғана тітіркеніп, заттың түсін ажыратады.А дәрумені жетіспесе жарықты қабылдау қабілеті нашарлайды.

2.3.Көз гигиенасы

1. Көзге затты жақын ұстамау. 30 см-ден жақы болмау керек. Көздің бұлшықеттеріне күш түседі, көзбұршақтың қисықтығы өзгереді, тез шаршау және көздің көруі нашарлайды.

2. Жарықтың үнемі дұрыс түспеуінен жақыннан көргіштік пайда болады.

3. Табиғатта болу -көздің демалуына арналған ыңғайлы орын.

4. Жүріп келе жатқан көлікте және жатқанда кітап оқуға болмайды.

5. Көзді әр түрлі жарақаттардан, әсіресе балаларды сақтау керек.

6. Темекі, ішімдіктер, улы заттар көру мүшесінің жүйке жүйесін зақымдалуын тудырып, көру қабілетін нашарлатады.

Сергіту сәті. Көздеріңді жаттықтыру үшін қатты жұмып, 5-ке дейін санап, ашу керек және осыны 5-6 рет қайталау.Шаршағанды басып, қабақ бұлшықеттерін жаттықтырады. Қанайналымды жақсартып, көз бұлшықеттерінің босаңсуына ықпал етеді.

Жаңа материалды бекіту.

Сұрақ: Неге біздің қарашық үлкейіп кішірейеді?

жауаптар: __________________________________

Қарашықтың көлемін ортаңғы ми реттейді, егер жарық күшті болса, жүйке импульстері ортаңғы ми орталығына барады, сәйкесінше ол қарашықты рефлексті түрде кішірейтеді.Егер жарық аз болса, қарашық рефлексті түрде ,үлкейеді, нәтижесінде бейне анық көрінеді.

Оқулықтағы №3 зертханалық жұмысты орындау. Көру жітілігін анықтау.

Тәжірибе. Оң жақ көзіңді жауып, сол жақ көзіңмен картондағы тесіктен терезеге немесе қабырғаға қара. Тесік диаметрін еске сақта, енді оң жақ көзіңді ашып, сол жақ көзіңмен тесік диаметрін бақыла. Не байқадыңдар? Тесік кішірейіп, тарылған сияқты. Себебі, оң жақ көздің торлы қабықшасы күшті жарықтандырылады. Торлы қабықшаның рецепторлары ортаңғы ми орталығына барады, сол кезде ми рефлексті түрде бір уақытта екі көздің де қарашықтарын тарылтады. Сол себептен осындай құбылыс байқалады. Шын мәнінде, тесік емес, қарашық тарылады. Енді оң жақ көзіңді жауып, тесік диаметрінің өзгеруін бақыла. Сосын тесіктің қайтадан үлкейгені байқалады.

Сабақ қорытындысын шығару:

  1. Сабақ мақсатын оқы..

  2. Сол мақсатқа жеттік пе?

  3. Сабақта не көмектесті және не кедергі жасады?

  4. Өзіңді бағала: «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық».

Үй тапсырмасы: §19,20 1,2 тапсырманы орындау. 62 бетте кесте толтыру



© 2010-2022