Біржасушалы балдырлар ұзақ мерзімді сабақ жоспары ( 7 сынып)

Біржасушалы жасыл балдырлар бұдан шамамен 1,5 млрд жыл бұрын п.б. Бір өкілі – хламидомонада. Ол тоқтау суларда мекен етеді. Хломидомонаданың жасуша қабықшасы жасунықтан тұрады. Жақсы жетілген екі талшығы, алдыңғы жағында жиырылғыш вакуоль және қызыл көзшесі болады. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. жыныссыз көбейгенде жасушасы 2-ге,4-ке, 16-ға 32-ге бөлінеді.
Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7

Күні

Тақырыбы: Біржасушалы балдырлар

Мақсаты: Білім алушыларға тірі ағзалар дүниесіндегі орын алатын төменгі сатыдағы жасушалар тобына жататын біржасушалы балдырлар туралы мәлімет беру.

Міндеті: Таллом, хламинодомонада, хлорелла терминдеріне толық анықтама беріп, олардың маңызын түсіндіру

Дамытушылығы: Білім алушылардың төменгі сатыдағы өсімдіктер ішіндегі біржасушалы балдырлар туралы білетін білімдерін одан әрі толықтырып, дамыту.

Білімділігі: Білім алушылардың біржасушалы балдырлардың көбею ерекшеліктері, құрылысы, маңызы туралы білімдерін толықтыру

Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, отандық өсімдіктерге қызығушылығын арттыруға, ұжымшыл болуға баулу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Құрал - жабдықтар: Біржасушалы балдырлар суреттері, электрокөрсетілімдер, флипчарттар

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Балдырлар туралы жалпы мәлімет

2. Жасыл балдырлар

3. Хлорелла мен хламидомонада балдырлары 1. Балдырлар теңіз, көл, өзендер және тоқтау суларда, топырақта тіршілік етеді. Олардың біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Таллом - денесінде ұлпалар болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік. Жасшалары бір ядролы. Цитоплазмасында органоидтары мен вакуольдері болады. Балдыр жасушасындағы хлоропластарды-хромотофор деп атайды. Балдырлар талшықты не талшықсыз жеке жасушалар және шоғырлар күйінде кездеседі. Олар өсімді, жынысты, жыныссыз көбейеді

Өсімді Жынысты Жыныссыз

Балдырлар жасушалары екіге бөлінеді. Жіп тәрізді балдырлар талломы бірнеше бөлшекке бөлінеді. Аталық және аналық жыныс жасушалары қосылып зигота түзеді. Бір талломда түзілген гаметалар не әр түрлі талломның бойында п.б гаметалар қосылады Талломдағы арнайы қалтадан біржасушалы талшығы бар зооспоралар түзіледі. Кейде талшығы болмайды. Зооспоралар төсемікке бекініп өніп, балдырға айналады.

Балдырлар түсіне қарай

Жасыл Қоңыр Қызыл

2. Біржасушалы жасыл балдырлар бұдан шамамен 1,5 млрд жыл бұрын п.б. Бір өкілі - хламидомонада. Ол тоқтау суларда мекен етеді. Хломидомонаданың жасуша қабықшасы жасунықтан тұрады. Жақсы жетілген екі талшығы, алдыңғы жағында жиырылғыш вакуоль және қызыл көзшесі болады. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. жыныссыз көбейгенде жасушасы 2-ге,4-ке, 16-ға 32-ге бөлінеді.

Хлорелла да біржасушалы балдырға жатады. Оның хломидомонададан айырмашылығы оның тез қозғалатын екі талшығы және көзшесі болмайды. Екі балдырлармен де суда жүзетін балықтар қоректенеді.

Хлорококк - топырақта, ағаштың діңінде өседі. Әсер етуші факторлар

IІІ. Бекіту.Алгология - ботаниканың балдырларды зерттейтін бөлімі. Хлорелл ғарышқа ұшырылған алғашқы өсімдік.

ІV. Сабақ қорытындысы: Балдырлар көбіне суда, ылғалды топырақта, таста және ағаш дініңде тіршілік ететін төменгі сатыдағы өсімдіктер. Балдырлар хлорофиллден және пигменттерден құралады.

V. Бағалау

VІ. Үй тапсырмасы: 14-параграфт оқып, сұрақтарға жауап беру.

© 2010-2022