ХХІ ғасыр көшбасшысы

«ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»МАҚСАТЫ: -Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; -Биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру; -Берілген тапсырмаларды орындауда табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге үйрету;Білім бәсекесі: 9 СЫНЫП оқушылары арасында оздырыладыЖарыс бөлімдері: 1.« Бәйге»2.«Полиглот» /Тілөнер/3.«Ғажайып жетілік»/Ізден,ойлан,тап/4.«Егер мен...» /Тапқырлық/5.«Шешен...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»

МАҚСАТЫ: -Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін

дамыту;

- Биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;

- Берілген тапсырмаларды орындауда табандылықпен

шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге үйрету;

Білім бәсекесі: 9 СЫНЫП оқушылары арасында

оздырылады

Жарыс бөлімдері: 1.« Бәйге»

2.«Полиглот» /Тілөнер/

3.«Ғажайып жетілік»/Ізден,ойлан,тап/

4.«Егер мен...» /Тапқырлық/

5.«Шешендік өнер» /Ділмар/

6.«Жорға»

Музыкалық үзіліс

/Жарысқа қатысушыларды таныстыру сәті/

«Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе -білім»

М.Әуезов

Бүгінгі таңда егемен елімізге білімді де білікті, жан- жақты

жастар қажет. Ұлылар сөзіне назар аударсақ:

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар- деген екен

Жүсіп Баласағұн

Ал, құрметті сайыскерлер өздерінің ұшқыр ой, терең білім мен тапқырлықтарыңды және биология пәнінен алған білімдеріңді асқақтата көрсетіңдер!

I. БӘЙГЕ /Сұрақ саны -20 . Биология ғылымы салаларынан .Сұраққа

жауап берген оқушы- 10 ұпай еншілейді. Егер дұрыс жауап

берілсе, келесі ойыншы жалғастырады. Жауабы дайын

ойыншы жалаушасын көтереді./

1.Қанша геологиялық эра бар... /5/

2.Қай өсімдікті Орта Азияның «ақ алтыны» деп атайды... /мақта/

3.Ең тез, жылдам өсетін өсімдік... /Бамбук/

4.Организм құрылысын зерттейтін ғылым ... /анатомия/

5.Желбезек саңылаулары 5-7жұп болатын балықтар /шеміршекті/

6.Австралияның байырғы тұрғындары тіліндегі «түсінбедім» деген аң аты

/кенгуру/

7.Рефлекс құбылысын зерттеген ғалым... /И.П.Павлов/

8.Мидің орташа салмағы /1300-1400г/

9.Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруын қалай

атайды /эпидемия/

10.Күннің жарық энергиясының әсерінен болатын құбылыс /фотосинтез/

11.Ішексорғыдан адамда пайда болатын ауру /аскаридоз/

12.Бүлінген жердің қайта қалпына келу құбылысы /регенарация/

13.Ұша алмайтын құс ... /түйе құс, пингвин/

14.Қан ұйымайтын ауру /гемофилия/

15.Дүние жүзіндегі ең биік ағаш /эвкалипт/

16.Жануарлардың мінез-құлығын зерттейтін ғылым /этология/

17Адамның күн сайын белгілі бір мезгілде оянуы, ұйықтауы, тамақтануы

қалай атлады... /биологиялық ырғақ/

18.Барлық тірі ағзалар дың ең кіші өлшемі /жасуша/

19.Жабайы итмұрыннан шығалырған іріктеме... /раушан/

20.Әртүрлі органоидтары бар жасушаның негізгі бөлігі... /цитоплазма/

21.Туған жерінен қыста да, жазда да кетпейтін құс... /бозторғай/

II.ПОЛИГЛОТ. «Тіл қаруы сөз, сөз қаруы -ой»

«Тіл ұлттың жаны, халықтың үні»

Оқушыларға адам, табиғат, еңбек туралы мақалдар айтылады. Онда бір сөзін тастап кетемін,сол сөзді тауып үш тілде жауап беруі керек.

Толық жауапқа-20 ұпай, жартылай жауап-10 беріледі.

1.Көз қорқақ, ............. батыр. / Қол,рука,hand/

2.Адамды адам еткен......... /еңбек,труд,labour/

3.Денсаулық үшін ең қажет өмір өзегі...... /ауа,воздух,air/

4.Бабалар еккен шынарды....... саялар /балалар,дети,children/

5.Денсаулық- зор....... /байлық, богатство,riches/

6.............. тіршіліктің- тірегі. /су, вода,water/

7.Он..... кессең, бір ..... ек. /тал,дерево,tree/

8.Тәні саудың - ..... сау. /жан, душа,soul/

9.Адам көркі шүберек, ағаш көркі .../жапырақ, лист,foliaqe/

10.Қыз өссе елдің көркі, .... өссе жердің көркі. /гүл,цветок,flower/

III.ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК

Ғалымдар 10 20 30

Табиғат таңғажайыбы 10 20 30

Әртүрлі сұрақтар 10 20 30

1.10/1.Фотосинтезде хлорофилдің ролін алғаш сипаттаған ғалым

/К.А.Тимирязев/

20 .Ежелгі Грекиядағы философ, әрі дәрігер.Темперамент пен дене бітімінің төрт типі туралы білімді тұжырымдады.Этикалық тәртібі

мен адамгершілік қасиеті жоғары дәрігерлердің үлгісі болып саналады.

/Гиппократ/

30. 1978 жылы информасоманы ашқаны үшін Мемлекеттік сыйлықты иеленді...Академик- /М.Ә.Айтхожин/

2.10/2.СЫЙЛЫҚ /Африкалық тұйе құс аяғындағы бес саусақпен

тышқанды ұстап алды/ Жауап - /иә, жоқ/

20. Ең ірі адамтектес маймыл /Горилла/

30. Дүниежүзілік маңызы бар суда жүзетін құстардың мекені ретінде

құрылған қорық./Бұл жылыстайтын құстар мен әлемде өте көп ұя

салатын қоқиқаздардың орны /Қорғалжын қорығы, 1968ж./

3.10/1. /Залға сұрақ/ Ақ көйлекті, көк желек, орманда орны бір бөлек, әннің

аты деседі, сызды жерде өседі /Қайың/

20. «Терісіне сыймаған» деп қай бауырымен жорғалаушы туралы

айтылған... /жылан түлегенде/

30.Аңшы,саятшы жігіттердің топ болып, бірнеше күн бойы аңға шығуы...

/Салбурын/

IV.ТАПҚЫРЛЫҚ « Ізден, ойлан, тап!

Сиқырлы сандық 1. Бұл сандықтағы зат, тағам арқылы ағзаға сіңеді.

Егер бұл элемент адамға жеткіліксіз болса, гормон

жеткілікті бөлінбейді адам ауруға ұшырайды.

Ауру белгілері: бездердің ұлпалары өсіп, ұлғайып салмағы-1кг-ға

жетеді. Жас балалардың бойы өспей, ақыл-есі кем

болып, жыныстық жетілуі тоқталады.

Бұл қандай элемент? /Йод/

2.Голландияға барған бір сапарында І Петр ерекше гүлді өсімдікті

ұнатады. ХVII ғасырдың соңында ол Петербургке оның тұқымдарын

жібертеді. Жақсы өніп-өскен бұл дақыл елге кеңінен тарала бастайды.

Ал одан орыс агрономы А.Т.Болотов 1779 жылы-ақ пайдалы өнім алуға болатынын ашқан. Бұл өнім қалай аталады? /Күнбағыс майы/

V.ШЕШЕНДІК ӨНЕР «Табиғат саған ана ма, әлде әншейін пана ма?»

/Ресми дауласу: жақтаушы- даттаушы/

Тақырыпқа сәйкес пікірді жақтаушы бастайды, кейін ретімен

даттаушы жалғастырады.

VI.ЖОРҒА ( А-Ә нұсқада сұрақтар )

Бұл бөлімде ойын барысында ең көп ұпай жинаған екі оқушы

қалады, қалған ойыншылар жарыс жолынан «ойыннан жеңілсе де,

өмірден жеңілмеңдер»- деген тілекпен шығарып салынады.

Екі ойыншының бірі (ұпайы азы) қалташадағы нұсқаның бірін таңдайды.

Ал, кезек бойынша «А» нұсқасын таңдаған ойыншы кезекті бастайды.

Берілетін уақыт -1минут. Жалпы ұпай - жауабына қарай ( 10ұпай) .

А нұсқа сұрақтары:

1.Бриология зерттейді? /мүктерді зерттейтін ғылым/

2.Адам қолымен өсірілетін өсімдік /мәдени/

3.Тамырда болмайтын үдеріс /фотосинтез/

4.Жасушаны зерттейтін ғылым /цитология/

5.Жасушаның реттеуші орталығы /ядро/

6.Жүрек дәрігері /кардиолог/

7.Жүректің сыртқы қабаты /эпикард/

8.Аш ішектің ұзындығы /5-6 м./

9.Әр сезім мүшесі басталады /рецептордан/

10.Сөз арқылы емдеу /психотерапия/

Ә нұсқа сұрақтары:

1.Күн гүлі деп аталған өсімдік / күнбағыс/

2. Латынша тері қалай аталады /дерма/

3.Аспанда бір орында жылжымай, жерге қонбай, көктемде тынбай

сайрайтын жазық дала құсы /бозторғай/

4.Суда жүзсе де ешқашан суға сүңгімейтін құс /бірқазан/

5.Кеңірдектің жалғасы /бронхы/

6. Баспа ауруының қоздырғышы /стрептококк/

7. «Экология» деген терминді ғылымға енгізген ғалым ? /Э.Геккель/

8.Гликоген қай мүшеде қорға жиналады /бауырда/

9.Алгология зерттейді /балдырларды/

10.Сүліктен бөлінетін ерекше зат /гирудин/

Білім бәсекесін қорытындылау және «Жеңімпаз ойыншы»

марапаттау рәсімі.


© 2010-2022