ОРГАНИЗМДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТІРШІЛІК ОРТАЛАРЫ. оқушыға үлестірме

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Практикант: Мухатаева З.

Пән мұғалімі:Ахметова Э

Әдіскер: Қисымова А.Қ.

Уақыты :

Күні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Организмдердің негізгі тіршілік орталары.

Күтілетін нәтиже: Организмнің тіршілік ортасы ұғымының мәнәі, түрлерін, олардың организмге әсерін меңгерту.

Сабақтың құрылымы:

1.Ақпарат блогы

2.Логикалық тапсырмалар блогы

3.Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

4.Интеллектуалды тренинг блогы

5.Күтілетін нәтиже блогы

Оқыту әдісі:Проблемалық

Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:Көмектеседі,құрастырушы,танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалау.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:Белсенді іздену

Танымдық тапсырмалар:ЛТ,ЖБЕА,ИТ.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: Күтілетін нәтижеге жоспар бойынша оқулық материалын ақпарат блогындағы слайдтарды пайдалану арқылы қол жеткізу,ЛТ блогы бойынша қортынды шығарады.

Оқушыда дағды қалыптастыру:Сөйлеу,логикалық ойлау,салауатты өмір сүре алу,өзін бағалай алу,ұжымда жұмыс жасай алу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер: Организм тіршілік орталары,биотоп,су тіршілік ортасы, құрлық ауа тіршілік ортасы, топырақ тіршілік ортасы, организмдердің өзі тіршілк ортасы .

Ақпарат көздері: Ж.Шілдебаев,Ж.Қожантаева,Л.Аманжолова Биология.9- сынып.Алматы «Мектеп» 2009

С.Г.Мамонтов,В.Б.Захаров,Н.И.Сонин,Ә.Қ.Қисымова Биология.Жалпы заңдылықтар.9 - сынып.Дрофа - Алматы 2006

М.Қ. Гильманов. Биология 9- сынып Алматы «Атамұра » 2005

Сабақты бағалау:ЖБЕА,ИТ(бонус)

Үй тапсырмасы:


Ақпарат блогы

Жоспар:

  1. Организмнің тіршілік ортасы ұғымы, оның мәні .

  2. Организмдердің тіршілік ортасының түрлері.

  3. Организмнің тіршілік ортасына бейімделуі .

1. Организмнің тіршілік ортасы.

Организмнің тіршілік ортасы деп - кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруына қолайлы табиғи - тарихи қалыптасқан ортаны айтамыз .

Басқаша мекен ортасы немесе биотоп деп атаймыз .

Биотоп - нақтылы түрдің әрқайсысы үшін белгілі тіршілік орны.

2. Организмнің тіршілік орталарының түрлері.

  1. Су тіршілік ортасы

  2. Құрлық - ауа тіршілік ортасы.

  3. Топырақ тіршілік ортасы

  4. Организмдердің өзі тіршілік ортасы

2.1 Су тіршілік ортасы .

- Жануарлардың 150 мың

- Өсімдіктердің 10 мыңнан астам түрі тіршілік етеді. Су қолайлы орта болғаны мен, өзіне тән ерекшеліктері де болады.

Су тіршілік үшін: жоғары жылу өткізгіштік, жоғары тығыздық , ауа тығыздығының шамамен 800есе артуы, мөлдірлілік, тұтқырлылық т.б. қолайлы қасиеттері болады.

Қиындықтары: су қысымының жоғарлылығы, оттегінің аз болуы, жарық мөлшерінің аздығы.

2.2 Құрлық-ауа тіршілік ортасы.

- Организмдер үшін күрделі өзгерістер үздіксіз жүріп жататын, табиғаты сан қилы орта.

- Онда температураның, ылғалдылықтың, қысымның құрамы үнемі өзгеріп отырады.

- Осыған орай, онда тіршілік ететін организмдер осы күрделі өзгермелі ортаға бейімделеді.

- Тірі организмдердің әр түрлі формалары тіршілік етеді.

2.3 Топырақ тіршілік ортасы.

- Топырақтың беткі құнарлы бөлігі көптеген түрлі организмдердің тіршілік ортасын құрайды .

- Топырақ құрамы құрлық , ауа сияқты өзгермелі емес. Біра қиындық тығыздалу, оттегінің аз болуы, СО2 - концентрациясының жоғары болуы мен ерекшеленеді.

2.4 Организмдердің өзі тіршілік ортасы.

- Өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің көптеген өкілдері екінші бір организм есебінен тіршілік етеді. Мұндай организмдер паразиттер деп аталады.

- Бұндағы ерекшелік - оңай сіңірілетін қорек, тұрақты температура, судың үнемді болуы, бәсекелес организмдердің болмауы.

Қиындығы: 1) оттегінің тапшылығы;

2) жарықтың болмауы;

3) кеңістіктің шектеулі болуы;

4) Тіршілік ететін иенің қорғануы.

3. Оганизмдердің тіршілік ортасына бейімделуі .

Құрлық - ауа организмдері :

  • Атмосфералық оттегімен тыныс алады .

  • Өкпе ұрлысы күрделенген, ауа қапшықтары мен лептесіктерімен тыныс алады.

  • Дене құрлысы күрделі (сүйектері қуыс)

Су организмдері:

  • Еріген оттегімен тыныс алады.

  • Жүзуге бейімделген

  • Жүзбе қанаттары болады

  • Өсімдіктерге бекініп тіршілік етеді.

Топырақ организмдері :

  • Оттегі аз ортада

  • Жарық молшерін аз қажет ететіндер

  • Шіріту, байыту, бұзу - организмдер

Паразит организмдер.

  • оттегінің тапшылығы

  • жарытың болмауы

  • кеңістіктің шектеулі болуы

  • тіршілік ететін иенің қорғануы.

Тіршілік ортасы дегеніміз не?

Тіршілік ортасының түрлері.

Организмнің тіршілік ортасына бейімделуі.

Мысал келтір

(жануарлар)




Логикалық тапсырмалар блогы.

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

 Деңгейлік тапсырмалар:


І деңгей тапсырмалары

1. Кез - келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруына қолайлы табиғи қалыптасқан орта қалай аталады ?

2. Құстар қай ортаға бейімделген?

3. Қазіргі кезде организмдердің жер шарында негізгі неше тіршілк ортасы бар?

4. Қорек үшін уақытша бір организм денесінің сыртында кездесетін паразиттер ?






ІІ деңгей тапсырмалары

1. Организмдердің өзі қалайша тіршілік ортасы бола алады?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ІІІ ДЕҢГЕЙ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Су мен топырақта тіршілік ететін организмдердің ерекшелігі неде ?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________


Интеллектуалды тренинг блогы

ТОПтЫҚ ЖҰМЫС.

________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________

Күтілетін нәтиже блогы

_______________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

@Үй тапсырмасы.

________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________

© 2010-2022