Жүрек. Қан айналым жүйесі. 8 сынып

Жүрек. Қан айналым жүйесі. 8 сыныпқа биология пәнінен жасалған сабақ жоспары.  Сабақтың мақсаты, міндеттері анықталған. Бұл тақырып 8 сынып бағдарламасы бойынша ең маңызды тақырыптардың бірі болып саналады. Әр оқушыға жүректің құрылысы мен қан айналым жүйесін білу мамандық таңдағанда үлкен роль атқарады. Қан айналым мүшелері мен жүректің құрылысы туралы түсініктері қалыптасып, организм тіршілігі үшін маңызын біледі.  Жүректің құрылысындағы ерекшеліктерді қарастыру, оқушылардың оқулықтағы мәтін м...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 «А» сыныбындағы биологиядан сабақ жоспары

Сабақтынтақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүрек жәнеқантамырларыныңқұрылысы.

Өмір бойы тоқтамастан жұмыс істейтін

Демалысты білмейтін, қуанышқа, қайғығада шыдайтын - ол біздің Жүрек (слайд №1)

Сабақтың мақсаты: Оқушылар жүрек құрылысымен, қанайналымның маңызды қызметтерімен танысады (слайд № 3)

Cабақтың міндеттері: (слайд № 4)

1. Білімділік.Оқушыларды жүректің құрылысы , қанайналымның маңызды қызметтерімен таныстыру.

2. . Дамытушылық Оқушылардың белсенділігін арттыру. әрекетін басқару оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.

3. Тәрбиелік. Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: Жаңа материалмен танысып, оқу

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлаумен бірге ғылыми зерттеу әдісін қолдану

Сабақтың пәнаралық байланысы: Валеология,медицина.

Сабақтыңкөрнекілігі: сызба-нұсқа, слаидтар.

Сабақтыңбарысы:

І. Ұйымдастырукезеңі (1-2 мин) (көңіл көтеретін видео ролик)

Амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығын, үй жұмысына деңгейлік тапсырмаларды, «инсерт» кестелерін тарат. Топқа бөлу

ІІ. Үй жұмысын тексеру: Деңгейлік тапсырмалар

ІІІ. . Жаңа сабақты талдау

ІVБекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VІ. Бағалау.

І. Амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығын, үй жұмысына деңгейлік тапсырмаларды, «инсерт» кестелерін тарату. Топқа бөлу. Сабақтың этаптарымен таныстыру (слайд №6)

ІІ. Жаңа сабақты талдау:

Ғылыми-зерттеу жұмысы (жеке орындалған презентация) (Амиржанова Айгерім)

Жүрек және қан тамырларының құрылысы Адамның жүрегі оң жақ және сол жақ. бөліктен тұрады. Жүректің әр бөлігі құлақша мен қарыншадан құралады. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Жүректің қақпақшалары деп, құлақша мен қарынша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлім.Қақпақшалар текқарыншажаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады. Адамның жүрегі 4 бөлімнен тұрады: екі құлақша, екі қарынша.Қанның тұйық жүрек-қантамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозгалуықан-айналым деп аталады.

Жүрек -пішіні конус тәрізді, кеуде куысыньң сол жақ жартысына жақын, екінші -бесінші қабырға деңгейінде орналасқан қуыс бұлшық ет мүшесі. Ересек адамның жүрегінің массасы 250-300 г. Жүрек сүйықтықтың аздаған мөлшері бар жүрек қабындаорналасқан. Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланыстыболады. Оң жағы үш жақтаулы қақпақша, ал сол жақ бөлікте қос жақтаулы қақпақшаболады. Қарыншалар жиырылған кезде сіңір жіпшелері қақпақшалардың жүрекше жаққа ашылуына жол бермейді. Сол жақ Қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпеартериясы шегінде айшық тәрізді қақпақшалар болады. Олардың пішіні - жартылай дөңгелек терең қалта тәрізді. Бұл қақпақшалар қанды жүрек қарыншасынан артерияға өткізеді, бірақ қанның артериядан карыншаларға кері ағуына кедергі келтіреді Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабат - эпикард жүрек бетін қаптайды, ортаңғы бұлшық ет қабаты - миокард еріксіз жиырылатын ерекше көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан түзілген. Ішкі қабат - эндокард жүректің ішкі қабатын жөне жүрек қакпақшаларын түзеді.Он жақ қарынша қабырғасы - жұқалау, ал жүрекше қабырғасы одан да жұқа болады.

Топпен жұмысқа ұсынылған

Артериялар - қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар . Олардың ішіндегі ең ірісі - қолқа (аорта). Ол сол жақ қарыншадан басталып,артерияларга тармақталады. Артерия қабырғасы қалың, иілгіш және серпімді. Олардың құрамына арасынан созылгыш талшықтар өтетін бірыңғай салалы бұлшық еттер кіреді.Артерия жүректен қашықтаған сайын тармақталып, капиллярларга айналатын, арнасының диаметрі, шамамен, 100 мкм артериолага айналады.

Капиллярлар - ең жіңішке қан тамырлары. арнасы 4-20 мкм құрайды, ал қабырғасы жалпақ жасушалардың бір қабатынан тұрады Онда ұлпаның 1 мм2-нде 200-ден көпкапилляр бар. Адамда капиллярлардың жалпы саны 2 млрд. Капиллярға таралғанартерия қаны біртіндеп вена қанына айналады да, венаға түседі.Капиллярдың венаұшы бірігіп венула түзеді, ол венаға айналады

Веналар - мүшелер мен ұлпалардан жүрекке агатын ірі тамырлар. Вена қабырғасыартерия ағасынан жұқа, сондай-ақ бұлшық ет және созылғыш талшықтар аз . Венаның ішкі қабырғасы қанының бағыты бойынша орналасқан қалта тәрізді

Топтардың кластерлерін презентациялау.

Бекіту: Мұғалімнің қорытындысы (слайд 7-12)

"Ыстық орындық" ойыны. Әр топтан 1 оқушыға 5 сұрақтан

әйкестігін тап (слайд 14)

Оқушыларды бағалау

ІV. Үйге Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы.

№ 1 Зеренді орта мектебі

















8 "А" сыныбында биология пәнінен ашық сабақ



Тақырыбы: "Жүрек. Қанайналым жүйесі"













Өткізген:

Биология және химия пәнінің мұғалімі Исабекова К.Қ.





2013-2014 оқу жылы





© 2010-2022