Генетиканың даму тарихы (10 сынып)

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10сынып

16.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: §45. Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.И.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Гибридологиялық әдісі. Моногибридті шағылыстыру. Доминанттылық және ажырау заңдары. Гаметалар тазалығының заңы, оның цитологиялық негіздемесі.

Мақсаты: Генетиканың даму тарихы туралы оқушыларға түсінік беру, Г.Мендель заңдарын түсіндіру ой-өрісін кеңейту, ақпаратты өз бетінше меңгерту арқылы сыни ойлауға үйрету, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақ міндеті:

  • оқушыларға тақырыпты өз бетінше оқып талқылауға, білім алуға көмектесу;

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау..

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  • Оқыту мен оқу ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану

Сабақтың тақырыбы

§1. Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.И.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Гибридологиялық әдісі. Моногибридті шағылыстыру. Доминанттылық және ажырау заңдары. Гаметалар тазалығының заңы, оның цитологиялық негіздемесі.

Мақсаты

Оқушылардың өздігінен білім алуын дамыта отырып, өз жауапкершілігін сезінуге, ойын толық жеткізе алуға, өзінің пікірін қорғай білуге және бірін-бірі тыңдай білуге үйрету ойлау қабілетін қалыптастыру Тақырыпты тереңдей ашып, шапшаң ойлануға, ұтымды жауап беруге баулу, сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін ұштау.

Күтілетін нәтиже

Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады;

Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;

Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді;

Өз бетімен ізденіске бейімделеді.

Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді;

Экологиялық, адамгершілік тәрбие беріледі;

Сілтеме

10 сыныптың «Биология» оқулығы, эл.оқулық, Диалог негізінде оқыту

Сын тұрғысынан ойлау

Ресурстар

Интербелсенді тақта, электронды оқулық ,оқулық, стикер, А-4,т.б.

Өтілетін уақыты

45 минут

Үйге тапсырма

суреттерді салу , кестемен жұмыс

Сабақтың барысы

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

(5 минут)

Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарының әзірлігін тексеру

Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады,3 топқа бөлінеді

1. - Онтогенез

2 . -Мейоз

3.- Митоз

Қызығушылықты ояту

(15 минут)



Мағынаны тану

(20минут)

Өткен материалдарды еске түсіру

Кім жылдам?

Сәйкестендіру тесті

Тест

Созжасам

Электронды оқулықпен жұмыс.

3 топ өздеріне тиісті міндеттеріне бөліп, топтық жұмыс жасайды.

1.Генетика ғылымы

2.Генетика ғылымының дамуы

3. Ғалымдар

Топпен орындайды



Әр топтан бір-екіден шығып өз жұмыстарын қорғап ,сұрақтарға жауап береді, постер қорғайды





2 минут

1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері

2. Маңызды өмірлік даналық

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

4.Сергіту сәті. «.........»

5. Тест

Бағалау.

Әр топ өзіне берілген мәтінмен танысып, оны талдап,түсіндіреді, жаңа сөздермен жұмыс жасайды.

Оқушылар топпен орындайды

Бейнебаяннан көрген дене қимылдарын қайталайды.

Оқушылар жеке жазады

Рефлексия

(5 минут)

«Екі жұлдыз бір тілек» тәсілі арқылы арқылы оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтқызу

Күнделікке баға қою

Әркім өз ойын ашық айтып білдіреді.







© 2010-2022