Тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер

Сынып: 7 Күні: Тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер. Мақсаты: Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктермен таныстыру. Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін, түрлерін түсіндіру. Міндеттері Дамытушылығы:тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту Білімділігі: Ашық тұқымды өсімдіктермен таныстырып, олардың маңызын, ерекшеліктерін түсіндіру, көбею жолдарымен таныстырып, сүрек, ашық тұқымды өсімдіктерге анықтама ... Жүйелі жіктеу 1.Жалпы сипаттама 2.Кәдімгі қарағай Біз енді тұқымды өсімдіктер бөлімімен танысамыз. Спора мен тұқымның айырмашылығы: спора – біржасушалы түзіліс, ал тұқым – көпжасушадан тұрады. Тұқымда қоректік заттар көп болады. Тұқым түзіліп, өсімдіктердің түрлері жер бетінде тұқым арқылы таралады. Сондықтан ашық тұқымды өсімдіктерді тұқымды өсімдіктер тобына жатқызамыз.  Тұқымды өсімдіктер екі бөлімнен тұрады: ашық тұқымдылар, жабық тұқымдылар. Ашық тұқымды өсімдіктердің ең ежелгі тобы. Бұлардың тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық ... Әсер етуші факторлар   ІІІ. Бекіту:  8 зертханалық жұмыс. Қылқан жапырақты өсімдіктердің (мысалы, қарағай) қылқаны және бүрінің құрылысымен танысу.   ІV. Қорытынды: Кесте толтыру. Қылқан жапырақты өсімдіктер Тұрмыстағы және шаруашылықтағы маңызы Қарағай   Шырша   Балқарағай     V. Үй тапсырмасы: 22 параграфты оқып, сұқрақтарға жауап беру.      VІ. Бағалау
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7

Күні:

Тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер.

Мақсаты: Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктермен таныстыру. Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін, түрлерін түсіндіру.

Міндеттері

Дамытушылығы: тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту

Білімділігі: Ашық тұқымды өсімдіктермен таныстырып, олардың маңызын, ерекшеліктерін түсіндіру, көбею жолдарымен таныстырып, сүрек, ашық тұқымды өсімдіктерге анықтама беру.

Тәрбиелілігі: білім алушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық - гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу

Құрал-жабдықтар: кеппе шөптер, нақпішіндер, суреттер, электронды көрсетілімдер, кестелер, сызбанұсқалар

Сабақ типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1.Жалпы сипаттама

2.Кәдімгі қарағай

Біз енді тұқымды өсімдіктер бөлімімен танысамыз. Спора мен тұқымның айырмашылығы: спора - біржасушалы түзіліс, ал тұқым - көпжасушадан тұрады. Тұқымда қоректік заттар көп болады. Тұқым түзіліп, өсімдіктердің түрлері жер бетінде тұқым арқылы таралады. Сондықтан ашық тұқымды өсімдіктерді тұқымды өсімдіктер тобына жатқызамыз. Тұқымды өсімдіктер екі бөлімнен тұрады: ашық тұқымдылар, жабық тұқымдылар.

Ашық тұқымды өсімдіктердің ең ежелгі тобы. Бұлардың тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасқандықтан, ашық тұқымды өсімдіктер деп аталады. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы - сүректі өсімдіктер, яғни бұталар, ағаштар.

Ашық тұқымдылардың өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімге ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша. Бұлар қылқан жапырақты класына жатады. Қылқан жапырақты дейтін себебі - жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кейтүрде ұшы үшкір болады. 600-ге тарта түрі бар.

Кәдімгі қарағай - бірүйлі өсімдік. Ол жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Қылқан жапырақтылар - кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жанама тамырлар тарайды. Ағаш сабағы дің деп аталады. Діннің сүрегі, өзегі қабығы болады. Қылқан жапырақтылардың бір ерекшелігі: көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Сыртқы қабыршағы - жабын, ішкісі - тұқымды деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бір-бірімен тұтасып кетеді. Тұқымды қабыршақта 2 тұқымбастама түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтасып орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлері болады. Бұлар аталық бүрлер.

Әсер етуші факторлар

ІІІ. Бекіту: 8 зертханалық жұмыс. Қылқан жапырақты өсімдіктердің (мысалы, қарағай) қылқаны және бүрінің құрылысымен танысу.

ІV. Қорытынды: Кесте толтыру.

Қылқан жапырақты өсімдіктер

Тұрмыстағы және шаруашылықтағы маңызы

Қарағай

Шырша

Балқарағай

V. Үй тапсырмасы: 22 параграфты оқып, сұқрақтарға жауап беру.

VІ. Бағалау



© 2010-2022