Мерекелік қойылым Қарбыз тобы

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Алтын күз» мерекелік кешіндегі қойылым

«Қарбыз»тобы

Таныстыру

Сахнада қауын-қарбыздар жатады (шардан боялған).

Ананди шығып көк қарбыздардың арасынан сары қарбызды көріп жылай жаздайды.

  • Апа, Жагдишия, ой Құдай ана! Мынаған не болған, бұл неге сарғайып кеткен? Енді не болады? Ой Құдай ана! Біздің қыздар осы жерге жиналып тестіге дайындалушы еді. Қыздар келіп осы қауындарды шертуші еді. Сонда кімнің қарбызы бірінші жарылса, сол жоғары балл жинап, оқуға түсетін. Былтыр Аяука мен Арланның қауындары бірінші жарылып еді-ау. Тек Алмастікі ғана сарғайып кетіп еді. Енді не болады?

/Басқа балалар келеді\

  • Ананди саған не болған? Неге жылап тұрсың?

  • Неге жыламайын! Салтанат мұғалімнің еңбегі еш кететін болыпты. Барлық қарбыздар көк ал мынау сарғайып кетіпті. Ені не болады?

  • Ой, досым, сен, жылама, қауын сарғайса - бұл көк қарбыз емес, сары қауынның әбден піскені деген сөз. Ал қарбыз-қауынның піскені - бұл биылғы жыл жемісінің піскені, сарыла күткен «Алтын күздің» келгені, береке-байлықтың келгені, деген сөз.

  • Биылғы күз жақсы болса, онда келесі жыл берекелі, мерекелі жыл болады деген сөз.

  • Биылғы оқу жылының көктемі, түлектердің де көктемі, қарбызды шертіп жаратын кез де алда!

  • Шіркін-ай! Қарбызымыз бір шерткеннен жарылса ғой. Онда біз шертіп жүріп қалаған оқуға түсіп алар едік - ә!

  • Қыздар! Қараңдар! Мына жердегі қарбыздың бәрі де пісіп үлгеріпті. Ендеше, биыл мектеп бітіретін түлектердің бәрі де оқуға түседі екен!

  • Қуанайық! Алақай!

(Каляни келеді)

  • Балалар қауынның сарғайғанынан қорқатын дәнеңе жоқ. Күз - ол өсімдік атаулының пісіп жетіліп, әбден кемеліне келген кез. Табиғат - ана көктемде балауса болып өскен өсімдік атаулыны өсіріп, баптап, күзде бақшасынан атттандырады.

  • А, енді түсіндім. Табиғат ана да біздің мектеп - анамыз сияқты екен ғой!

  • Қалай сонда?

  • Қалайы, қалай, табиғат ана жаз бойы қауындарды өсірді ме? - өсірді. Ішін қып-қызыл қып пісірді ме? - пісірді. Енді оларды өз бақшасынан әрбіреуімізге аттандырғалы тұр. Қарбыздың бәрі кетеді де, мұнда тек қурап арам шөбі мен қураған сабағы ғана қалады.

  • Әй Ананди! Сен не бәрі кетіп арам шөбі мен қураған сабағы деп мені айтып тұрсың ба?

  • Жоға, әже! Менің олай дегім келген жоқ.

  • Сонымен;

  • Биылғы күз - біздің күз

  • Келер жылғы көктем - біздің көктем!

  • Піскен қауынның жарылатын күні - біздің күніміз!

  • Бақшадан аттанатын кезек - біздің кезек!

  • Ендеше әнге кезек берейік

  • Тоқтатыңдар, менің немерем Жагдишия өлеңді сендерден де жақсы оқиды.

  • Ой, бұлар тағы шулап ән айтқалы жатыр ғой. Тіл көзім тасқа! Өз басымды қорғап, бұл жерден кетіп қалайыншы.

  • Әже, тұра тұрыңыз! Сіздің басыңызды уқалап берейін.

  • Қыздар қауындарымызды жарайық ендеше!

\ «Жалғыз гүл» әнінің әуенімен\

1.Алтын күз келді тағы да,

Береке байлық әкеп.

Сыныптың бәрі жиналды,

Сыйлады шаттық гүлін,

Қарбыз болып келдік біз,

Соңғы «Алтын күзге» де-о-о-оу

Қайырмасы

Күзде қауын, қарбыз,

Қызыл қарбыз піскен де.

Шаттанып, қуанып,

Оны жейміз біз күнде.

Алтын күзге бүгін

Қарбыз болып келгенде,

Көрермен қуанып,

Қол соғыңдар біздерге.

2.Соңғы күз, соңғы «Алтын күз»,

Мұңайтады жанымды.

Қоштасып бүгін сахнамен,

Ұядан ұшамыз біз де

Қол соғыңдар біздерге,

Ән сыйлаймыз сіздерге.

«Бір әуен аясында» / экраннан суреттер көрініп турады/

/ол сен емес/ әнімен

Ауылға із салып күз келді

Сыйымен қуантып біздерді

Табиғат өзгертіп көйлегін

Айнала біртүрлі түрге енді

Күз десек сап-сары айнала

Жапырақ шашылған қайда да

Сәкен де ұнатат күзгі айды

Әнімен тербейді жай ғана

/сөзбен айтылады/

-Ол Сәкен емес мен ғой

/әнмен/

-ол сен емес

Ол сен емес

Сәкен айтқан ертелі-кеш

Ол сен емес

Ол сен емес

Жадыңда ұста мұны әркез

/сөзбен айтылады/

-Күз деген бір керемет әсерлі мезгіл ғой. Мысалы мына мен күз айында дүниеге келіппін. Әкем мен шешем мені Күзгүл деп атамақшы болыпты.сонда көпті көрген әжем :

-Әй,күз айында қайдағы гүл, одан да өзі сап-сары екен жапырақжан деп қойыңдар деп таласып ақыры еркелетіп Жанерке деп қоя салған ғой.

/сурет: бала жапырақ астында , баланың жылаған даусы, әже айтады/

Мамам қайда дейсің -ау

Әкем қайда дейсің-ау

Кетті десем тоғайға

Маған өкпелейсің-ау

/жапыраққа жасырынған ана/

Анаң сенің тоғайда

Былай болса тоңбайд та

Суықтан да қорғайд та

/ Заттыбектің «Әдемі» әнінің әуенімен /

Ауылыма күз келгені әдемі

Бір келгенде 100 келсе де әдемі

Шөпті үйіп түсіріп-ап уайымсыз

Мал қорамыз малға толса әдемі

/Ж.Айжанованың дауысымен көк алма тасыған машина суреті/

Берекелі ауылға қайран күзім

Бірге әкелді өзімен жердің сызын

Қуат аға камазы босағанша

Жигулимен тасиды көрмей тыным

Айым бекен-ай

Күнім бекен-ай

Өзі толы,өзі көп

Кімнің бағы екен-ай

/ «қызыл өрік»әуенімен/

Жасыл алма, жасыл алма

Алмасынан қапы қалма

Еңбектенбей жатып алма

-Осы мен күзді күні келе жатып жыным келедіғой.

- Неге?

-Бір үйдегі тірліктен қашып шығып тыныштықта таза ауада дем алайыншы деп шығасың ғой

-иә,не бопты?

-жапырақтар-шы. Демалауға мұрша бермейді ғой шіркін.сықыр-сықыр, тысыр-тысыр шашылып жатқаны.

-жоқ , достым олардың да осындай күйбең тіршіліктен шаршағанда демалуға пайдасы бар. Міне, былай / сурет: Ит , мысық/

/ «Қос қарлығаш» әнімен/

Адамдардың тірлігінен шаршаған

Жатып алып рахатты аңсаған

Шаршағанда жапыраққа тығылып

Жатқандарын қараңдаршы мәссаған.

Қос хайуан күздерде

Рахмет айтып біздерге

Ал иесі шығады екен

Мұны іздеуге

Ана жақтан таба алмай

Мына жақтан таба алмай

Табады екен жапырақты жүріп аралай

-Біз сахнаға шығып, риза көңілмен «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз. Ал ана сахна сыртындағы күзетшіміз Қарбызбек не ойлауда екен?

Күзетші Қарбызбектің ойы : /күзетші Қарбызбектің суреті/

-бұлар неғып көп айланды ә! Әлде 1-орын алып, мені ұмытып мерекелеп жатыр ма екен?

-жоқ, жоқ мені ұмытпауға тиіс. Өйткені мектепте болған күзгі жәрмеңкеде Оразбек аға «Біздің жұмыс осындайда жанданады» деді ғой Себебі ме? Себебін Оразбек ағаның өзінен сұрайық.

/күзетші суреті/

-Әй,әй балалар -ай . әр сынып өзінің тұрған жерін жинау керек емес пе еді? Бұдан да мектеп маңайында көп ағаш отырғызамыз деп жатыр ғой. Соның сары жапырағын сыпырғаным жақсы еді.

Ай-ай-ай -ай жапырақ

Сыпыруға өзі-ақ мені шақырады

Жапырақ

Сыпыруға өзі-ақ мені шақырады

-ой, мына тышқандардың не шаруасы бар.

-Астық еді тірегіміз,

Мол шыққанын білеміз біз

Қырманнан түк таппаған соң

Остаткы іздеп жүреміз біз

Жарқын құшақ жайған айым

Ниетіңе сай болайын

Жем жинаған қоймалардың

Иесінен айналайын

/соңында/

Жылама күзім, құлама күзім

Кеткенің бізге ұнамас күзім

Егінді орып,шөпті де жидық

Рахметті айтар, мереке бүгін.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылы,

«Өкпеті» орта мектебі

Сынып жетекшісі Қошыманова Салтанат

© 2010-2022