• Преподавателю
  • Биология
  • «Демалыс бағының адам денсаулығын жақсартудағы және жергілікті жердегі табиғи процестерге әсері » ғылыми жұмыс

«Демалыс бағының адам денсаулығын жақсартудағы және жергілікті жердегі табиғи процестерге әсері » ғылыми жұмыс

Экология проблемасы бүгінгі күні маңызды фактордың бірі болып отыр.Соған байланысты өз өлкесінің экологиялық проблемаларын қарастыра отырып, оны шешу жолдарын іздестіруді қолға алып отыр. Оқушы өзі білім алатын мектеп ауласын Жәнібек стационарында өсетін ағаштары және бұталарымен көгалдандыра отырып эстетикалық талғам мен өсуіне,оның қоршаған ортамен қарым-қатынасының экологиялық тиімділігін дұрыс таңдай білген. Жалпы өсімдіктер түрін көбейту. Көпжылдық гүлдерді көбейту орталығы болу арқылы елді...
Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Көксу ауданы

«№12 орта мектебі» КММ






«Демалыс бағының адам денсаулығын жақсартудағы және жергілікті жердегі табиғи процестерге әсері » ғылыми жұмыс


Тақырыбы:

«Демалыс бағының адам денсаулығын жақсартудағы және жергілікті жердегі табиғи процестерге әсері »





Жоба авторы: 7 сынып оқушысы

Сейсекулова С.Е

Жетекшісі: Джебетаева.А.И

Биология пәнінің мұғалімі







2014-2015 оқу жылы






Мазмұны


Аннотация .......................................................................................................................3

І. Кіріспе...........................................................................................................................4

ІІ. Негізгі бөлімі

  1. Көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері ................................................6

  2. Көгалдандыру жұмыстарының экологиясы...................................................8

ІІІ. Қорытынды..............................................................................................................13

Қолданылған әдебиеттер............................................................................................14








Аннотация

Экология проблемасы бүгінгі күні маңызды фактордың бірі болып отыр.

Соған байланысты өз өлкесінің экологиялық проблемаларын қарастыра отырып, оны шешу жолдарын іздестіруді қолға алып отыр. Оқушы өзі білім алатын мектеп ауласын Жәнібек стационарында өсетін ағаштары және бұталарымен көгалдандыра отырып эстетикалық талғам мен өсуіне,оның қоршаған ортамен қарым-қатынасының экологиялық тиімділігін дұрыс таңдай білген.

Жалпы өсімдіктер түрін көбейту. Көпжылдық гүлдерді көбейту орталығы болу арқылы елді мекендер мен мекемелерді көгалдандыруға шақырады.

Қазіргі уақытта қалыптасқан күрделі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстар айтып, мектеп оқушыларының экологиялық көзқарасын,сауаттылыққа тәрбиелейді.

Бұл проблемаларды шешу арқылы оқушы болашақ өміріміздің проблемасын жояды деп, кішіден бастап үлкен проблемаларды да шешуге ат салысады деп ойлаймын.

Бұл жұмысты жүргізу бірнеше жылды қамтитыны белгілі. Зерттеу кезеңінде оқулықтарды оқи отырып,оқушының ашқан жаңалығы: туған өлкеге деген сүйіспеншілігін оятады. Әлі де болса туған жеріміздің зерттелу қажеттілігі,біздің ел бойынша еш зерттеудің жоқтығы. Әлі де болса туған жеріміздің картасының жасалғандығы, табиғаттың қатал кездерінде адамдардың қорғана білу дағдылары, табиғатта өзгерістерге қарсы тұру дағдыларының жетік білуге шақырады.





Кіріспе


XX ғасырда адам алғаш рет өз планетасын ғарыштан көрген болды.Бұл, әрине, Жер-адамдардың болмысы, іс-әрекеттері,шығармашылығы, өнерімен емес,оның кескіні бұлт,мұхит,топырақ және өсімдіктер әлемі күрделі құрылымы мен нәзік шер болып көрінеді. Міне, осы өзгермелі құрылым мен адамның өзінің іс-әрекеттерін үйлестіре алмау қабілеті, планетадағы жүйелердің түбегейлі өзгерісіне алып келеді. Мұндай өзгерістердің барлығы жерде тіршіліктің жойылуына қауіп төндіреді. Бұл реалды шындық.Біз одан құтыла алмаймыз,сондықтан оны танып бақылауға тиіспіз.

Біздің бақытымызға бұл шындық XX жұзжылдық пен келген жаңа жұзжылдыққа тән құбылыстарға сәйкес келіп отыр. Ғылыми-техникалық прогресс табиғат жүйелерінің сырына терең үңілуге,оның құрылымдары мен қызметін ашуға мүмкіндік берді. Адамзат табиғат заңдарымен өзінің іс әрекеттерін үйлестіріп оны дамытуға, өркендетуге мүмкіндік алды.Ақпаратты тез беруге үйренді. Адам және табиғат мәселелері бойынша ғалымдардың бірі Н.А. Головкинский былай деп жазды: «Адам табиғат тіршілігін құрайтын құралдардың бірі...Адамзат жалпы тіршіліктің жоғарғы сатысы...»

Елбасымыздың жолдауындағы «Жасыл ел» бағдарламасында таза ауаны, суды, топырақ құнарын, ылғалдылығын сақтау мәселелерікөзделген. Табиғат адам бойында қуат, көңіліне шабыт, шапағат ұялататын сұлулық пен әсімдік әлемі. Табиғат ресурстарының құрамдас бөліктерінің бірі - өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Әр аймақта өзіне тән өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрі кездеседі. Осы алуан түрлерін сақтап қалу, яғни біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Сондықтанда, әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылық пен сақтау, қамқор болу басты міндеттеріміздің бірі болып табылады.


Жобаның мақсаты:

Мектеп ауласында өсетін ағаштар және бұталарымен көгалдандыра отырып оқушылардың эстетикалық талғам мен өсуіне, еңбекқорлық пен оның қоршаған ортамен қарым-қатынасының экологиялық-экономикалық тиімділікте жұмыстана білуге тәрбиелеу.

Жалпы өсімдіктер түрін көбейту. Көпжылдық гүлдерді көбейту орталығы болу арқылы елді мекендер мен мекемелерді көгалдандыруға атсалысу.

Қазіргі уақытта қалыптасқан күрделі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстар айту. Мектеп оқушылардын экологиялық көзқарасын,сауаттылықты жетілдіру

«Гүлдене бер, ауылым» акциясының алғашқы бастамасы ретінде, мектеп ауласында көгалдандыруды тиімді жүргізу. Мектеп ауласында және сыныптарда гүл өсіруді үйрену. Мектеп оқушыларының бұл жөнінде мәліметі мол болу үшін осы жоба арқылы білімін толықтырып, күнделікті көріп жүрген өсімдік туралы мағлұмат алып отыруы маңызды мәселелердің бірі деп ойлаймыз. Сонымен қатар жас ұрпақтың бойына қоршаған ортаға деген жауапкершілік қатынасын қалыптастыру, өсімдік әлеміне деген қызығушылsғын арттыру.

Жобаның міндеті:

Мектеп ауласының қажетті деңгейде көгалдандырылуы оқушының эстетикалық талғамының өсуіне, еңбекқорлық пен оның қоршаған ортамен қарым-қатынасының жақсы болуына үлкен ықпалын тигізетіні белгілі. Сонымен қатар көгалдандырудағы дұрыс талғам оқушылардың ой-өрісінің кеңеюіне ықпал етеді. Кеңес үкіметі кезінде әр мектеп ауласында көкөністер бақшасы болған. Осы бақшаға оқушылар көкөністер егіп, күтіп-баптай жүріп, ауылшаруашылық саласынан хабардар болып өсетін еді. Бүгінгі күні заманға сай мектеп ауласына ботаникалық бақ жасау жас өспірімдер үшін мектеп бағдарламасындағы ботаника сабағындағы тәжірбиелік құрал. Осы ботаникалық бақ арқылы балалар бүкіл оқу жылындағы процесте ағаштар, қылқан жапырақтылар және бұтақты өсімдіктер мен көпжылдықты гүлдердің құрылысын, ерекшеліктері мен олардың күтімін үйреніп шығады.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері

Қазіргі кезде экологиялық жағдайы тәуір деп айтарлықтай аймақ Қазақстан жерінде жоқ десе,артық айтқандық болмас. Алайда, олардың ішінде экологиялық шырғалаңның шырмауына мықтап түскен Арал өңірі бәрінен де оқшау тұр. Бұл аймақтың экологиялық жай- күйінен хабардар болу үшін Арал теңізінің кепкен табанынан үздіксіз көтеріліп тұратын миллиондаған тұз аралас шаң-тозаңды , әр түрлі химиялық заттарымен қаныққан суы ішуге жарамсыз, Сырдариясын, аппақ сары бұрқыраған егістік, шабындық, жайылымдық жерлерін айтсақ та жеткілікті. Ия салыстырмалы түрде шынында да Арал өңірі экологиялық жағдайынан қолайсыз аймақтардың бірі. Біздің туған өлкемізде де экологиялық проблемалар жетерлік.

Осы орайда экологиялық хал-ахуалды жақсартудың шұғыл шараларын ұйымдастырудың керек екнін де түсінеміз. Экологиялық мәселелерге келгенде, жастар да қарап қалмай өз үлестерін қосу керек деп есептеймін. Себебі экологиялық проблемаларды шешу бұл жаппай халықтық іс.

Біз бұл жобада қолайлы экологиялық жағдай жасау мақсатында көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктерін айтқымыз келеді. Жұмысымыздың негізгі мақсаты мектебіміздің аулаларын көгалдандыру болғандықтан, негізгі обьекті ретінде өз мектебімізді алдық.

Мектеп территориясының көгалдандыру мәселесінің маңызы зор. Себебі балалар 6-жасынан мектепке келіп, 11-жыл өмірін осы жерде күнделікті өткізеді. Осы жерде білім алып, күніне 5-6 сағат осы мектеп территориясында болады. Демек, мектеп территориясында көгалдандыру жұмыстарын дұрыс жүргізу арқылы, қолайлы экологиялық жағдай жасаудың маңызы арта түспек. Міне бүгінгі жобамыздың өзектілігі де осында.

Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде төмендегі мәселелерді ескеру керек. Олар:

1. Жергілікті жердің табиғи климат жағдайы .

2. Жердің географиялық орны .

3. Топырақ құнарлығы.

4. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.

5. Өсімдіктердің экологиялық ерекшеліктері.

6. Өсімдіктердің үйлесімділігі.

7. Жергілікті жердің экологиялық жағдайы.

8. Көгалдандырудың эстетикалық жағдайы. (аспектісі)

Жергілікті жердегі өсімдіктер.

1-Қайың, 2-Қарағай, 3-Емен, 4-Қарағаш, 5-Терек, 6-Түймедақ, 7-Жусан, 8-Изен

Жобаның бір ерекшелігі біз көгалдандыру тек жергілікті жердегі өсімдіктерге тоқталуды жөн көрдім. Себебі олардың жергілікті жерге жақсы өсіп өркендейтіні белгілі.Ал сырттан алынған өсімдіктердің біздің жердің экологиялық ерекшеліктеріне байланысты жерсінуі қиын болады.Жергілікті жердегі таңдалынып алынған өсімдіктердің атауларынан байқауымызға болады.


  1. Көгалдандыру жұмыстарының экологиясы

Ал енді адам денсаулығына қолайсыз экологиялық факторларға тоқталсақ оларды мына төменнен көруге болады.

Қолайсыз жағдайлар:

1. Шаң-тозан

2. Шу

3. Қатты соққан суық және ыстық жел

4. Атмосферадағы микробтар

5. Түтін

6. Улы газдар

Зерттеу жұмысымның барысында мектебіміздің және де басқа көптеген мектептердің, мекемелердің, шағын территориялардың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми тұрғыдан жүргізу керек екендігі айқын келеді.

Көгалдандыру мақсатында отырғызылатын ағаштар мен бұталарды таңдағанда алдымен олардың адамға пайдасын, әсерін ,сәндік мақсатта отырғызылатын орны, биологиялық және экологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Әр ағаш әр түрлі болып келеді.Ағаштардың тіршілік ету ерекшеліктеріне байланысты оларды біз мынандай топтарға бөліп тастадық:

Топырақ - ауыл шаруашылығының, өсімдіктердің негізгі тірегі болғандықтан оны ластандырудан сақтау басты міндетіміз. Топырақты халықтың «Қара алтынға» теңеуі бекер емес. Сондықтан оны сақтау, үнемі үстінен қорек беру, тыңайтқыштармен байыту, қопсыту және қайта түлеу бүгінгі күннің талабы.

Жалпы ауданамыздағы судың негізгі қорлары болып - жер асты мен жер үсті сулары болып табылады. Халқымызда ежелден-ақ ел ауызында айтылып келе жатқан «су бар жерде өмір бар», «су - табиғат ажары», «су - өмірдің басы» деген нақыл сөздер бекер айтылмаған.Ал, осынау тіршілік көзі - суға тапшылығын, сапасының өте көп мөлшерде ластанғанын біз де сезініп отырмыз. Тұщы суды тұрмыстық қажетке жұмсау мөлшері күннен - күнге артуда. Ал, алдағы уақытта егерде тұщы су бітер болса, қалай өмір сүрмекпіз?

Қазір өзендердің экологиялық жағдайы жылдан - жылға нашарлап баруда.Содан осы су соңын да бізге жетіп жатыр.Мысалға,бөгеттің қалдық суларымен біз малдарымызды, бақшаларымызды суарудамыз.Ал,мұның соңы неге әкеліп соғатыны бізге мәлім. Дегенмен, оны ескеріп жатқан біз жоқ! Егер бұл мәселені ғылыми тұрғыдан қарайтын болсақ, биологияның заңына сәйкес азықтану тізбегі бойынша адам, құрамында улы заттар бар, мал, бау - бақша өнімдерін пайдаланғанда уланып қалу қаупі тән.

Еліміздегі су көздерінің ластануының басты факторлары ол - органикалық заттар, мал қораларының қалдықтар, улы химиялық заттар болып табылады. Су көздерінің химиялық ластануы әртүрлі химиялық заттар мен қоспалардың түсуінің нәтижесінде болады. Олар көптеген зиянды пестицидтер.Ал осы пестицидтердің зиянды әсерінен түрлі аурулар таралуда. Ал су арқылы таралған аурулардың қоздырғыштары суға ірі қара малдардың зәрі арқылы түседі. Ал егерде аудандағы жалпы ірі қара мал санының көптігіне байланысты бұндай қоздырғыштар қазіргі кезде өте көп мөлшерде таралуда. Суғарғыш арналардың суларымен шомылған кезде немесе кір жуған кезде жұғады. Себебі бұл қоздырғыш кілегейлі қабат арқылы және терінің жарақаттары арқылы ағзаға енеді. Сонымен қатар ағзаға ауру туғызатын микробтардан басқа құрттардың жұмыртқалары да түседі. Мысалы,бауырдың қабынуы ауруының негізгі себебі тұщы су сапасының нашарлығынан және санитарлық тазалық нормаларының бұзылуынан түзілуде. Міне осы айтылған себептердің барлығы аулымыздағы тұтынатын су тазалығын сақтауға қайшы келтіріп отыр. Сондықтан жер асты су көздерін қорғау үшін олардың ластанбауы үшін жердің беткі қабатын бүлінуден сақтау қажет немесе қорғау аймақтарын ұйымдастыру қажет. Сонда ғана халыққа берілетін су тазаланып, газ тәрізді хлормен немесе әкпен заласыздандырады. Сөйтіп тазартудың осындай кезеңдерінен өткен суды қорықпай пайдалануға болады. Сондықтанда өміріміздің басты тіршілік көзін ластамай таза қалпында сақтай білсек біздің өміріміз қауіп - қатерден, яғни жоғарыда айтылып кеткен аурулардан алшақ болар еді.









ІІІ. Қорытынды

Табиғатты аялаудың өзі - имандылықтың белгісі. Сондықтан айналамызды гүлдендіру, қоршаған ортамызды таза ұстау, жастарды ағаш егіп, гүл мәдениетіне баулу, олардың болашағына бағыт-бағдар беру гүл мәдениетіне тәрбиелеу. Кішкентайынан гүлді жұлмай оны аялап күтіп баптай білетін балаға табиғат-ана ізгі жүрек, мол мейірім, шуақты мінез сыйлайды. Халқымыз ерекше қастерлеп, талай ғасырлар бойы қамқорлық жасап келген табиғат байлағының бірі - өсімдіктер әлемі. Өсімдік - табиғат қазынасы, халықтың байлығы тіршілік негізі. Халық өсімдікті қорғауға ерекше көңіл бөлген «мың шыбық шаңшып өсірсең, халқыңа орман салғаның, өзіңе қорған салғаның» деген мақал осының айғағы. Аяусыз кесілген ағаш, шашылған қоқыс қала мен ауыл аймақтың сәнін бұзып адамның өз қолымен жасалып жатқан экологиялық дағдарыс. Ботаникалық бақта өсірілген ағаштар мен алуан түрлі гүлдер ауаның тазарып еліміздің шағын бір ауылын жасыл желекке орануына өз үлесін қосары анық. Көгалдандыруды іске асыра отырып оны қазіргі заман талабына сай өзінің әдемілігін айналасындағы сан адам көрсін деген гүлдерді экономикалық қаржы көзіне айналдырып одан тапқан табыс мектептің басқа бөліктерін мәңгілік баққа айналдырамын деген бала арманы іске асып жатса ұрпақ үшін қуанатын мектеп ордасына айналатыны анық.

Елбасымыздың жолдауындағы «Жасыл ел» бағдарламасында таза ауаны, суды, топырақ құнарын, ылғалдылығын сақтау мәселелері көзделген. Табиғат адам бойында қуат, көңіліне шабыт, шапағат ұялататын сұлулық пен әсімдік әлемі. Табиғат ресурстарының құрамдас бөліктерінің бірі - өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Әр аймақта өзіне тән өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрі кездеседі. Осы алуан түрлерін сақтап қалу, яғни біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақ - ол біз! Сондықтанда, әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылық пен сақтау, қамқор болу басты міндеттердің бірі.






Қолданылған әдебиеттер:

  1. М. Сәрсенбаев «Елді мекендерді көркейтудегі жасыл желектердің маңызы»,

География және табиғат, 2005, 3 - 27 бет.

2. В.П. Фомин, Г.Г. Невзоров Туристік - өлкетану экспедициясы - оқушылардың экологиялық тәрбиесінің бір түрі. Орал - 2002 жыл

3. Гүлстан журналы 2008 - 2010 жылдар аралығындағы


© 2010-2022