Мастер - класс «Биологияға алғашқы қадам»

Шеберлік сыныбы «Биологияға алғашқы қадам»   Дайындаған:  биология ұстазы Жиентаева А.С   -Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер! Кездескеніме қуаныштымын! Сіздермен бүгінгі шеберлік  сыныбында бірлесе жұмыс атқарамыз деп ойлаймын.   Сергіту сәті. «Мен елімді сүйемін». -Егер сіздің үйіңізде мысығыңыз болса, басыңызды сипаңыз. -Егер сіз, құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созыңыз. -Егер сіздің досыңыз болса, көршіңіздің басын сипаңыз. -Егер елімізді жақсы көрсеңіз, қолыңызды соғыңыз!   Атсалысып ...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шеберлік сыныбы

«Биологияға алғашқы қадам»


Дайындаған: химия, биология ұстазы Жиентаева А.С


-Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер!

Кездескеніме қуаныштымын! Сіздермен бүгінгі шеберлік сыныбында бірлесе жұмыс атқарамыз деп ойлаймын.

Сергіту сәті. «Мен елімді сүйемін».

-Егер сіздің үйіңізде мысығыңыз болса, басыңызды сипаңыз.

-Егер сіз, құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созыңыз.

-Егер сіздің досыңыз болса, көршіңіздің басын сипаңыз.

-Егер елімізді жақсы көрсеңіз, қолыңызды соғыңыз!

Атсалысып қатысқандарыңызға рахмет. Енді шеберлік сыныбын бастайық.

-Табиғат! Әрдайым осы сөзді естігенде көз алдымызға әртүрлі бейне елестейді. Қазір алдарыңыздағы шығармашылық қағаздарына өздеріңіздің ойларыңызға келетін бейнелерді жазуды ұсынамын.

-Сонымен бізде не пайда болды?

-Ал енді, тапсырмаларымызды көрсетеміз. (Бір-екеуіне оқытқызамын).

Топтастыру әдісі.

-Біреулер үшін табиғат деген ол, тау,тас, орман, бау-бақша, жасыл желек.

Кейбіреулеріне табиғат дегенде, таңғажайып құстардың әуені, өзендер мен сулардың сарқырамасы елестейді.

-Ал біздің планетамыз несімен ерекшеленеді?

(Біздің планетамызда тіршілік бар).

-Табиғат дегеніміз не деген сұраққа қалай жауап берер едіңіздер?

Биологиядан энцеклопедиялық сөздігінен мына анықтаманы алдым.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

-Алдарыңыздағы айнаға қарауды өтінемін. Одан кімді көріп тұрсыздар?

«Айна» тәсілі.

-Дұрыс, адам табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан да біз табиғатпен үйлесімді қарым-қатынаста болу үшін, оның құпияларын білуге тырысамыз.


  • Дүние жүзіндегі ең кішкене құс- Балара пішінді калибри.

  • Ең жылдам ұшатын құс- Сұрқарлығаш

  • Ең биікте самғап ұшатын құс- Бүркіт

  • Ең жыртқыш тотықұс- Кеа

  • Әлемдегі ең үлкен құс- Африкалық түйеқұс. (Салмағы 90кг)

«Ең-ең» тәсілі.

Бұл тізімді болашақта биологияны оқыған кезде толығырақ қарастырамыз. Қазір құстар айлығы жүріп жатқандықтан, мысалдарға негізінен құстарды алдым.

-Биологияның да, басқа ғылымдар сияқты зерттейтін нысандары бар.

Деңгейлік тапсырмалар.

А деңгейі:

Ол қандай нысандар? Назар аударамыз, мына нысандардың ішінен артығын табу керек:

Тас - саңырауқұлақ - су - бұлт

Қызғалдақ - қайың - бидай - қолтырауын

Ине - кітап - вирус - орындық

Бактерия - ауа - өзен - қар

Қоян - ит - алма - арыстан

«Төртінші артық» тәсілі

- Не себепті олай ойлайсыздар, түсіндіріп көріңіздерші?

В деңгейі:

-Сонымен не пайда болды?

(Біз тірі табиғат дүниесінің өкілдерін жинап алдық).

- Қалай ойлайсыздар, не себепті олар биологияның зерттейтін нысандарына жатады?

-Сонымен биология нені зерттейді?

Жауап: Аталған барлық нысандар тірі, ендеше тірі ағзалар туралы ғылым- биология.

С деңгейі:

Осы ғажайып ағзаларды, қандай белгілеріне сүйене тірі ағзалар деп айта аламыз?

Жауап: тірі ағзаларға тән белгілер:

өседе

көбейеді

қоректенеді

тыныс алады

жасушадан тұрады

қозғалады

Осы жерде кейбір жануарлардың қозғалуына тоқталып кетейін.

-Алдарыңызға үрлемелі шар және қағаз парақтары берілген.

Тапсырма: Үрлемелі шарды үрлеңіз, ал қағаздан ұшақ жасаңыз.

Ал енді ұшырыңыз. Не байқадыңыздар?

-Экранға назар аударамыз. Тірі ағзалардың нысандары берілген. Оларды сіздердің үстелдеріңіздегі заттармен не байланыстырып тұр?

-Олар қозғалады.

-Қалай қозғалады.

-Әртүрлі.

-Мысалы, медузаны үстелдегі қай нысанмен салыстыруға болады?

-Үрлемелі шармен.

-Ия, дұрыс. Не себепті?

-Олардың қозғалуы бірдей. Энергия сығылады, сосын босатылады.

-Дұрыс, яғни екеуі де реактивті қозғалады.

-Келесі бүркіт. Қалай ұшады?

-Самғап ұшады, біздің мына қағаз ұшақтар сияқты.

-Дұрыс.

«Қарапайымнан күрделіге өту» тәсілі.

Осы қарапайым тәжірибелер арқылы мен оқушыларға, яғни бүгінгі әріптестеріме күнделікті көріп жүрген нысандарды пайдалана отыра, алғашқы биологиялық ұғымдарды қалыптастыруға болатындығын көрсеткім келді.

Рефлексия.

Бүгінгі күннің естелігі ретінде маған сіздердің шығармашылық қағаздарыңыз қалады. Мына гүлдерді салыстыруды өтінемін. Менің қолымда жасанды гүл және тірі гүл. Осы гүлдердің қайсысы сіздерге шаттық сезімін тудырады?

-Әрине тірі гүл.

-Ендеше бұл биология ғылымның адамға берері мол.

-Менімен бірлесе жұмыс істегендеріңізге рахмет. Мына гүлді бүгін белсенді атсалысқан әріптесіме сыйлаймын. Сау болыңыздар!




© 2010-2022