Рабочие программы на тему Биоценоз

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№5 сабақ

Сыныбы: 8а,к

Сабақтың тақырыбы: Биоценоз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға биоценоз туралы жалпы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларға биоценоз тақырыбын түсіндіре отырып ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Биоценоз тақырыбын түсіндіре отырып оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тактадан суреттер көрсету.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Биосфера туралы жалпы түсінік?

2.Биосфераның географиялық заңдылықтары?

Жаңа сабақ: Биоценоз

Биоценозды зерттеуші ғылым саласы - биоценология деп аталады. Ал, биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғаттың біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы биологиялық бірлестіктер - кез келген популяциялар мен биотоптардан тұратын кішігірім жәндік інінен бастап, мұхиттардың биотасын қамтитын табиғи бірлестіктер. Ең үлкен биологиялық жүйе биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлық тірі организмдерімен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды.

Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде «Экожүйе» термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген. Шын мәнінде, екі ұғымға бірдей мағынаны білдіреді, ірі бірін -бірі толықтыра түседі.

Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты - автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Егерде биогеоценоз ұғымы көбінесе зерттелетін объектінің құрамына сипаттама берумен шектелсе, ал экожүйе ондағы атқаратын функциясын көбірек сипаттайды.

Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар. Қоректік қарым-қатынастарды ғылымда - биотикалық фактролар деп атайды. Яғни, биотикалық факторлар дегеніміз - тіршілік барысындағы организмдердің бір - біріне тигізетін әсері немесе ықпалы. Аталған факторлар біртүрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен, өсімдік - өсімдік қоректі организм үшін ең қажетті роль атқарғанымен, кезегінде фитофагтар да өсімдіктің өнімділігін азайтып қолайсыз жағдай туғызады. Сол сияқты гүлді өсімдіктер үшін оны тозаңданатын аралар, т.б жәндіктер үлкен роль атқаратын. Осының бәрі биоценоз құрылымының күрделілігін және ондағы тірішілік иелерінің бір - біріне тәуелді, пайдалы немесе кері әсер ете отырып үнемі даму үстінде екендігін көрсетеді.

Сабақты бектіру:

Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар. Қоректік қарым-қатынастарды ғылымда - биотикалық фактролар деп атайды. Яғни, биотикалық факторлар дегеніміз - тіршілік барысындағы организмдердің бір - біріне тигізетін әсері немесе ықпалы. Аталған факторлар біртүрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады.

Үйге тапсырма: § 5



© 2010-2022