Биология Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі. 8 сынып

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: биология

Сыныбы: 8ә

Мерзімі: 18.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларды ас қорыту жүйесімен таныстыру және олардың білім деңгейін жетілдіру.
2.Дамытушылық: оқушылардың биологиялық танымын ойындар ойнау арқылы, логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелілік: оқушыларды өз ойын еркін жеткізе білуге,дұрыс тамақтанудың маңызын біле отырып,өзінің тамақтану тәртібіне сын көзбен қарауға үйрету, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: топтық жарыс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, логикалық тапсырмалар
Сабақтың пән аралық байланысы: математика, химия
Сабақтың көрнекілігі: сурет «Ас қорыту жүйесі»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Қорытынды
V. Бекіту
VI. Үйге тапсырма
VII. Бағалау
I.Амандасу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындау.
II. Басбармақ әдісі бойынша 1-2 топтарға бөлу
I топ тест
1.Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді?
А.2 Ә.3 Б.4
2.Мұрын қуысының ішкі беті:
А.100 см2 Ә.500 см2 Б.1500 см2
3.Дыбыс түзу қызметін қаандай мүше атқарады?
А.мұрын қуысы Ә.көмей Б.кеңірдек
4.Кеңірдек қабырғасы неден түзілген?
А.бұлшық ет ұлпасынан
Ә.шеміршекті сақинадан
Б.шеміршекті жартылай сақинадан
5.Кеңірдектің жалғасы:
А.аңқа мен жұтқыншақ Ә.көмей Б.бронхылар
6.Кеңірдек қалай бөлінеді?
А.екі бронхыға Ә.үш бронхыға Б.бронхиолаға
7.Көмейдің ұзындығы ер адамдарда?
А.35 Ә.46 Б.44
8.Ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм болатын қай тыныс алу мүшесі?
А.кеңірдек Ә.көмей Б.өкпе
9.Мұрын қуысының барлық ішкі беті шамамен,
А.50 см2 Ә.80см2 Б.100 см2
10.Кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер?
А.өкпе Ә.көмей Б.кеңірдек

II топ тест
1.Тыныштық күйде тыныс алу көлемі қандай?
А.500 мл Ә.1500 мл Б.3500 мл
2.Тыныс орталығы қайда орналасқан?
А.өкпеде Ә.мишықта Б.сопақша мида
3.Тыныс қозғалыстарына не қатысады?
А.көкет Ә.қарын бұлшық еттері Б.қабырғааралық бұлшық еттер
4.Тыныштық күйдегі тыныс алу қозғалыстарының мөлшері:
А.10-12 Ә.16-18 Б.20-22
5.Қан оттекпен қай жерде қанығады?
А.жүректе Ә.өкпеде Б.бүйректе
6.Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу неге байланысты?
А.фагаңитоз Ә.диффузия Б.желдету(вентиляция)
7.Альвеолалардың диаметрі қанша?
А.0,1-0,2 мм Ә.0,2-0,3 мм Б.0,3-0,4 мм
8.Сыртқы тыныс алуды не дейді?
А.ұлпадағы газ алмасу Ә.бауырдағы газ алмасу
Б.өкпедегі газ алмасу
9.Адам құрамында қанша % оттек бар?
А.79% Ә. 21 % Б. 0,03%
10.Тыныштық күйінде, ересек адамға, минутына қанша оттек қажет?
А.400 см2 Ә.300 см2 Б.200 см2
Тест жауаптары
1 топ 2 топ
1а 1а
2а 2а
3ә 3а
4б 4ә
5б 5ә
6а 6ә
7б 7ә
8а 8б
9б 9ә
10а 10ә

Үлгерімі төмен оқушыға тапсырма.
1.Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөлетін күмбез тәрізді бұлшық ет? Көкет
2.Ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді? Комей.
3.Тыныс алу мүшесінің бірі? Мұрын.
4.Өкпенің қай жағы екі бөліктен тұрады? Сол жақ.
5.Өкпе қақпасы арқылы веналармен бірге қандай тамырлар шығады? Лимфа.

ІІІ. Жаңа сабақ ( 2- топқа жаңа сабақтың тапсырмаларын бөліп беру 10- мин, топта талқылап постер қорғайды)
Асқорыту жүйесі қысқаша сипаттама беру
● Асқорыту мүшелері
Ауыз қуысы
Жұтқыншақ
Өңеш
Асқазан
Ашішек
Тоқ ішек
● Сілекей бездері
Сілекей бездері
Бауыр бездері
Ұйқы безі

Нәруыздар- организмнің негізгі құрылыс материалы болып табылады.Олар ұлпалардың тіршілік әрекеті процесінде жойыған жасушаларды қалпына келтіруге және жаңа жасушалардың түзілуіне қатысады. Өсіп келе жатқан жас организмге өте қажет.
Нәруыз ет,балық,жұмыртқа,сүзбе,бұршақтарда, т.б.болады. Нәруызға тәуліктік қажеттілік 100 г құрайды.
Көмірсулар- организмдегі негізгі энергия көзі. Бұлар өсімдіктекті өнімдерде көп мөлшерде крахмал түрінде болады.Олар картоп,ұн,жарма,қызылша және басқа көкөністер мен жемістерде көп мөлшерде бар. Көмірсуларға деген тәуліктік қажетсіну 400-500 г.
Майлар- құрылыс материалы ретінде жасуша мембранасының құрамына кіреді. Бірақ майлар, негізінен, энергия көзі ретінде пайдаланылады. Кейбір майлар құрамында А, Д, Е, К витминдері болады. Сүт өнімдері, жұмыртқа, ет және өсімдіктекті тамақта майлар көп мөлшерде болады. Майлардың тәуліктік мөлшері 80-90 г.
Витаминдер- алмасу процесетріне белсенді қатысады да, организмнің, әсіресе бала және жасөспірім кезде өсуі мен дамуына күшті әсен етеді. Витаминдер өсімдіктекті және жануартекті тамақ құрамында болады, олардың кейбіреулері адам ішегінде өндіріледі. Витаминдердің жеткіліксіз мөлшерінен организм әлсіреп, әр түрлі аурулар - авитаминоз пайда болады. Организмге милиграммен өлшенетін шамалы мөлшерде витаминдер қажет.
Минералды тұздар-адам организміне тамақпен бірге түседі. Олар сүйек пен тіс құрамына кіреді, зат алмасуға қатысады, тіршілікке маңызды әр түрлі қызмет атқарады.
Су-адам организмінде дене массасының, шамамен, 60-65% -ын құрайды. Су көп мөлшерде қан плазмасында, лимфа, ас қорыту сөлінде болады. Организмде су әр түрлі заттардың еріткіші рөлін атқарады, көптеген химиялық реакциялар судың қатысуына байланысты. Сусыз тіршілік жоқ. Тәулігіне адамға 1,5-2,5 л су қажет.

IV. қорытынды.

"Ғажайып ондық"
Адам организмі үшін тамақтың рөлі қандай?
Қоректік заттар дегеніміз не?
Ас қорыту дегеніміз не?
Ас қорыту сөлі мен ферменттердің рөлі қандай?
Тамақ өнімдері деген не?
Адам организміндегі нәруыздардың рөлі?
Көмірсулар қандай тағам құрамында кездеседі?
Майлардың рөлі қандай?
Балалар мен жасөспірімдер организміне витаминдердің әсері?
Су мен минералды тұздардың ерекшеліктері мен қызметі қандай?
Жауаптары:
1.Адам организмінің қалыпты тіршілік әрекеттері үшін тамақтың рөлі өте маңызды.
2.Қоректік заттар: нәруыз, көмірсу, май, минералды тұз, су, втиамин.
3.Тамақ өнімдерінің организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процестері ас қорыту деп аталады.
4.Тамақтың ыдырау процесінде құрамында әр түрлі ферменттер бар ас қорыту сөлі маңызды рөл атқарады.Ферменттер-нәруыз текті заттар.Заттарды ыдырататын химиялық реакцияларды тездетеді.
5.Тамақ өнімдері: өсімдіктекті өнімдер, жануартекті өнімдер. Өсімдіктекті-нан, тоқаш өнімдері, жармалар, көкөністер, жемістер, жидектер. Жануартекті-ет, сүт, жұмыртқа, балық.
6.Адам организміндегі нәруыздардың рөлі- тіршілік әрекеті процесінде жойылған жасушаларды қалпына келтіруге және жасушалардың түзілуіне қатысады.
7.Көмірсулар картоп, ұн, жарма, қызылша, басқа көкөністер мен жемістерде көп.
8.Майлар негізінен, энергия көзі ретінде пайдаланады. Кейбір майлар құрамында витаминдер болады.
9.Витаминдер бала және жасөспірім кезде өсуі мен дамуына күшті әсер етеді.
10.Сусыз тіршілік жоқ. Су көп мөлщерде қан плазмасында, лимфада, ас қорыту сөлінде болды.Минералды тұдар сүйек пен тіс құрамына кіреді, зат алмасуға қатысады, тіршілікке маңызды.



Биологиялық есеп.

Есеп №1.
Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм тұз жеткілікті болса,әр отбасыға бір айда,бір жылда қандай мөлшерде тұз жұмсалады?
Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады
(6 гр • отбасы саны) •30 =
(6 гр • отбасы саны) •365 =
Есеп №2
Тамақтанған кезде әр адам 1 грамм нанды шығындайды.
150 000 халқы бар қалада бір жылда қанша нан шығындалады?
(1 гр • 4 мезгіл) •150 000 = 600 000 = 600 кг.
600 кг • 365 = 219 000 кг = 219 т
Білгенге маржан...
Адам тамақ ішу үшін өмір сүрмейді,
Бірақ өмір сүру үшін тамақтанады.
Дәрігерлердің жорамалдауынша адам бала кезден ішкен тағамы ми жасушаларының қалыптасуына тікелей ықпал ететіні байқалған.Ол,әрине,бірден білінбейді.Жасы ұлғайғанда ми қызметінің бұзылуы бала кезде ішкен астың жұғымсыз болғанынан көрінеді.
Дәл уақытында ішкен тағам бронхит,эмфизема ауруларының дамуынан сақтандырса,кейбір тағамдар адам бойындағы түрлі бактерияларды,вирустарды дәріден кем жоймайды екен.Жұғымды тағам аллергиялық тұмауды әлсіретеді,кетіреді.
(Мұсылман күнтізбесі.Алматы.2004.)


V.Түйін
"Ылап - ұғпыл некші са,қазғаанс үсткен сат"

"Апыл - ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас.

VI.Үйге тапсырма:

§44."Менің тамақтану мәдениетім" эссе жазып келу.

VII. Бағалау.




© 2010-2022