• Преподавателю
  • Биология
  • Биология пәнінен ашық сабақ 7 сынып. «Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік ету дағдысы. Сыртқы құрылысының және мінез – құлығының ерекшелігі.»

Биология пәнінен ашық сабақ 7 сынып. «Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік ету дағдысы. Сыртқы құрылысының және мінез – құлығының ерекшелігі.»

Биология пәнінен ашық сабақ + флипчарт: «Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік ету дағдысы. Сыртқы құрылысының және мінез – құлығының ерекшелігі«Бұл материалда модульдік технологиялар орын алып отыр: оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, дарынды балалармен жұмыс, ИКТ пайдалану, бағалау, сын тұрғысынан ойлау атты технологиялары кең пайдаланылғанын көруге болады.Сабақта бағалау модуліне көп көңіл бөлінген: мұғалімнің оқушыларды бағалауы мен оқушылардың бір - бірін бағалау. Ол формативті бағалау мен «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы енгізіліп...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

21.01.14

Пән мұғалімі: Косанова Айжан Умиткалиевна, биология пәнінің мұғалімі.

7 сынып

Сабақ тақырыбы: Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік ету дағдысы. Сыртқы құрылысының және мінез - құлығының ерекшелігі.

Сабақ мақсаты:

1. Кенелердің көптүрлілігі менсыртқы құрылысының ерекшелігімен танысу.

Паразиттік жәндіктер екеніне көздерін жеткізу

2. Өздігінен және топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Өзін және өзара бағалау, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру.

3. Табиғатқа сүйіснешілік сезімін оятып, пәнге қызығушылықты арттыру. Топтық жұмыс істеу барысында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: әңгіме, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жартылай ізденіс.

Сабақ көрнекілігі: флипчарт, үлестірме материал, бейнеролик

Сабақ барысы:

\

Сабақ кезеңі

Мұғалім іс - әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Түгелдеу. Назарын сабаққа аудару.

Амандасу. Кезекші жауабы.

1 мин.

Үй тапсырмасын тексеру

1 тапсырма «Өрмекшінің құрылысын жазып шық »

2 тапсырма. «Тіршілік әрекеттерін орнына қой»



А) Қантарату жүйесі - ашық

Ә) Зәр шығару жүйесі - сатанбез немесе мальпигий түтігі

Б) тыныс алу - өкпе қапшағы мен демтүтік

В) Жүйке жүйесі - түйінді

Г) Көбею - дара жынысты, іштей ұрықтанады

2 мин

3 мин

3 тапсырма. «Өрмекшітәріздестер класына жататын өкілдерін теріп шық»

Формативті бағалау. (жұлдызша үлестіру арқылы)

Шаршылы өрмекші, дәуіт, құршаян, өзеншаян, инелік, кене, көбелек, циклоп, асшаян, құсжегіш өрмекші.

3 мин

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын ашу үшін, жұмбақтар жасырылынады.



Презентация қарау арқылы танысу:









«Екі жұлдыз, бір тілек»

(өзара бағалау)

Топ басшысы бағалау парағы арқылы топтың жұмысын қорытады.

Сергіту сәті.

1.Кішкене ғана түйме тас,

Атан түйе тарта алмас.

Кене

2.Аспаннан ұшып түсті жатқан тері,

Қалың тоғай ну жыныс жатқан жері. Кене


Сабақ мақсатын құру.

Топтарға тапсырма:

1 топқа тапсырма - «Кенелерге жалпы сипаттама жасау» (қосымша материал арқылы кластер жасау)

2 топқа тапсырма:

«Кенелердің негізгі өкілдері» (қосымша материал арқылы постер құру)

3 топқа тапсырма «Кене энцефалиті» (қосымша материал арқылы кластер құру)

Таныстырылым жасау.

Оқушылар қарсы топтарды ауызша бағалайды.



Бүкіл сынып қатысады

1 мин



0,5 мин

10 мин





7 мин

1 мин



1 мин

Бекіту

1. «50 де 50»

«Жұптық тапсырма »















2. «Қара жәшік»

А) Тайгалық кене энцефалит ауруын жұқтырады.

Ә) Мамықкене құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ ауыруын туғызады.

Б) Қышыма кене - мал денесінде жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады.

В) Берішкене түрлі өсімдіктердің шырынын сорады.

Г) Нәзікбас кнелер - пироплазмоз ауруын туғызады.

Д) Қатты затпен қоректенетін кененің аузы - кеміруші, сұйық затпен қоректенетіндерде шаншып - сору қызметін атқарады

Ж) Кенелер дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреулері тірілей туады.

З) Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады.

И) Дернәсіл жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфаға айналады.

К) Нимфа - қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі.

Л) Кенелердің дернәсілі қуыршақсыз түрленіп, ересек кенеге айналады.

А) Кене энцефалиті - кене арқылы тарайтын, ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде Кене энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп те атайды.

Ә) Нимфа - Қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі.

Б) Мамықкене - Бұл кенелер құстардың денесінде мекендеп, тауық саусағының қимылдата алмауына әкеліп соғады.

В) Алма кенесі - тұрқы бір милиметрге жетер - жетпес ұсақ жәндік. Ол алма, алмұрт, шие, кейде, алмұрт ағаштарына зиян келтіреді.

8 мин















4 мин

Қорытынды

Мен бүгінгі сабақта......

Тақтада ілініп тұрған конвертке оқушылар өз әсерін қағазға жазып қалдырады

Әр оқушы жауабы

2 мин

Бағалау

Оқушылар жиынтық түрде бағаланады

Бағалар айтылады

1 мин

Үй тапсырмасы

215 бет, оқу, 3 сұрақ дайындау

Күнделіктеріне жазу

0,5 мин



© 2010-2022