- Преподавателю
- Биология
- Сайыс Алтын күз-2015 6-7 класс
Сайыс Алтын күз-2015 6-7 класс
Раздел | Биология |
Класс | 7 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Хайруллина Н.Б. |
Дата | 25.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
«Алтын күз» сайысы. 6-7 сыныптар аралығында.
Мақсаты: білімділік -туған жерге,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,экологиялық білімді қалыптастыру;
Тәрбиелік-табиғаттың алуан сырларын білуге,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, жердің экологиясын қорғауға үлес қосуға тәрбиелеу;
Дамытушылық -табиғатқа деген қызығушылығын арттырып,ой өрісін дамыту.
Көрнекілігі: Қабырға газет, нақыл сөздер, шар,
Жоспар:
1.Кіріспе сөз.
2.Өлең оқу, мақал-мәтел ,тыйым сөздер айту.
3.Тәрбие басы тал бесік(сурет салу)
4.Ой дода.(сұрақ жауап)
5.Егер сен...
6.Қорытынды.
Кіріспе сөз: Адам мен табиғат егіз.Табиғат асыраушың,қамқоршың.Ата-бабамыз «Жер-қазына,су-алтын,мал-байлық»деп тегін айтпаған.Азаматтарға ең бірінші экологиялық білім керек.
Экология-бүкіл адамзат баласының тыныс-тіршілігіне атсалысатын ғылымның жаңа саласы.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті,ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен етене байланысты.Туған жердің тағдыры біздің ата-бабамызды да ерекше толғандырылған.Олар өз ұрпақтарына осыншама кең алқапты анталаған жаулардан аман алып қалған.Оның әрбір ағашын,тасын,бұлағын аялай білген.Табиғатқа аялы алақан,жылы жүрек сезімі,көздің қарашығындай қамқорлық керек екендігіне ерекше мән берген.
1-жүргізуші: О,туған жер,өзен,көлің,тау мен жартас,шатқалың,
Қалың тарих көміп жатыр әр төбенің қатпарын.
Сенен табам тазалықты,сұлулықты, ерлікті.
Айта берем табиғаттың жаратылыс заңдарын.
6-сынып:Ұлағаттың түп- тамыры өзің ұшқан ұяда,
Өскен ұя жетелейді асқар биік қияға.
Ұя деген-құтты қоныс,мекенің,
Ұмытпайық ұя деген Ұлы Отан екенін.
Сол ұядан самғап ұшып биікке
Армандаған мұратыма жетемін.
Жалаң аяқ жүрейікші жолменен,
Ұстайықшы әрбір гүлді қолменен.
Ұйықтайықшы алтын топырақ үстінде,
Алайықшы бір ләззатты көрмеген.
Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғғады.
Еңбегіңді есесімен беретін,
Жақсылықта топырақтан шығады.
7-сынып:О,туған жер,кең пейіл құшағы кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағанышты қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Сен де,тас та қастерлі,аспанда алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар-ау!
Менің мынау өмірге құштарлығым,
Сені жақсы көруде басталған-ау!
Кешірме сен,жаныңды жараласам,
Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.
Мен ел кезіп кетермін отансыздай
Үмітіңді ақтауға жарамасам.
Фариза Оңғарсынова
Жүргізуші:Табиғат байлығының бір тобы,жер бетінің сәулеті,еліміздің дәулеті- жасыл әлем.Өсімдік өлкемізді түрлендіріп тұрған түкті кілем тәрізді.Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оның көздің қарашығындай сақтап келуі ұрпаққа өнеге, үлгі боларлық нақыл сөз,мақал-мәтел арқылы жетіп отырған.Енді мақал мәтел мен даналық сөздерге кезек берейік.
1)Орман-ел дәулеті... (жер сәулеті)
2)Сулы жер... (нулы жер)
3)Ағаш ексең аялап..(Басыңда болар саябақ)
4)Ақыл дария алсаң да таусылмайды,
Жер қазына... (саусаң да таусылмайды)
5)Сөз анасы-құлақ...(су анасы-бұлақ)
6)Бабасы еккенді...(баласы орады)
7)Алтын болмаса зергер қор болар...(Жер болмаса диқан қор болар)
8)Диқан еккенін жейді...(Жылқы тепкенін жейді)
9)Бағбан болсан бақ өсір...(Балама деп бақ өсір)
Жұмбақтар:
1)Дауылға нық күшті
Ағаштың мықтысы (Қарағай)
2)Дүние жүзіндегі ең биік ағаш (эвкалипт)
3)Мәңгілік жасыл ағаш(шырша)
4)Көктемге ақ гүлге оранды,
Күзде қолға доп болып оралды (Алма)
5)Сиреп бара жатқан,жер бетінде құрып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер тізімі тіркелген арнаулы кітап (Қызыл кітап)
6)Қандай өсімдіктерді жыртқыш өсімдіктерді дейді? (шыбынжұт,шықшылдық)
7)Сабағы тәулігіне бір метрге дейін өсетін өсімдік? (Бамбук)
8)Өсімдік бір жерден екінші жерге қалай таралады? (жел,су,жан-жануарлар арқылы)
9)Қағаз қандай өсімдіктен алынады? (шырша,көктерек)
10)Майды қандай өсімдіктен алынады? (күнбағыс,зығыр,мақта)
11)Ешкімнен қорықпайды,бірақ қалтырайды (терек)
12)Мысық қандай өсімдікті жақсы көреді,осы шөптен қандай аурудың алдын алуға болады (шүйіншөп,жүрек ауруы)
13)Қандай өсімдіктің жемісі бетті ағартады және ажарландырады? (Бүлдірген)
Біз «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша үгіт насихат жүргізіп келеміз.Көктем келгенде әркім өз ауласына ағаш отырғызып,гүл егіп көгалдандыру керек.Табиғаттың көркін ажарландыратын - гүл.
1.Қорқыт атаның қандай өсиет сөздері : «Қара тауларың құламасын,саяялы ағаш сынбасын» дегені -айналадағыны аялай біл дегені.
«Қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым,
Үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым» деген өлең жолдарында үлкен мән бар.
1.Егер сен ақын болсаң...
2.Егер сен суретші болсаң...
3.Орман-тоғайға байланысты тыйым сөздерді айт.(Ағашты кеспе,орманды өртеме,шөпті таптама,т.б.)
4.Ауаға,суға байланысты тыйым сөздерді білесің бе. (Суды лайлама,суға түкірме,ауаны ластама,су ішкен құдығыңа түкірме,т.б.)
5.Аң-құстарға байланысты тыйым сөздерді білесің бе (Аққуды атпа,құмырсқаның илеуін бұзба,
Жарқанат пен жапалақты өлтірме,т.б.)
Балалар,мына қызылды,жасылды гүлдерге табиғатқа байланысты сұрақтар бар.Қалаған гүлдеріңізді таңдап,ішіндегі сұраққа жауап беріңіздер.
Қорытынды: Қай топтың жеңгендігі жайлы қорытындыланды.
Оқушыларды табиғаттың алуан сырларын білуге,қоршаған ортаны қорғауға, Жер-ананы күте біуге, жердің экологиясын қорғауға үлес қосуға шақыру.