Биология пәні бойынша Жасуша ядросы

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология пәні бойынша Жасуша ядросыБиология пәні бойынша Жасуша ядросыБиология пәні бойынша Жасуша ядросы«Бекітемін»

____________________

«____»__________2015 ж.

Биологиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі: Далеуова А.А.

3 cабақ

Тобы

Күні

КИПиА-11


КИПиА-12


Сабақтың тақырыбы: Жасуша ядросы

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік

Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының ядросының

құрылысымен,атқаратын қызметімен,құрамы сонымен

қатар ядроның тірі ағзалардың дамып,көбеюіндегі маңызы

зор екендігін түсіндіру

2) Дамытушылық

Оқушылардың танымдық қабілетін,ойлау қабілетін,есте

сақтау қасиеттерін,өз бетінше жұмыс істеу, біліктері мен

дағдыларын дамыту.

3) Тәрбиелік

Оқушылардың білімге деген қызығушылығын

қалыптастыру,табысқа жету жолында үздіксіз

ізденудің,бірін-бірі сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақта қолданылған әдістер: Түсіндіру, тірек-сызбалары, венн

диаграммасы, тест сұрақтары.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, плакат, оқулық

Пән аралық байланыс: Генетика

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов «Жалпы биология» 11 сынып

  2. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеп,

оқулықтарын тексеріп, назарларын сабаққа

аудару:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ілініп тұрған шардағы карточкілерге жауап

беру. Карточкілердегі берілген сұрақтардың

жауаптарын тауып, арнайы қойылған

«мембраналы органоид» және «мембранасыз

органоид» деген қорапшаға салу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жасушаның ішкі органоидтарының жалпы құрылысы:



Ядроның ішкі және сыртқы құрылысы

Биология пәні бойынша Жасуша ядросы

Ядроның құрылысы мен атқаратын қызметтері





Хромосоманың сыртынан қарағанда, екі буыннан тұрады. Бірінші буынды центромералы буын деп атайды. Бұл буынмен ахроматин жіпшелерінің бір ұшы байланысады. Центромералар хромосоманы екі ашаға бөледі, осыған байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.

  1. Метацентрлі хромосома-центромера хромосоманың дәл ортасында орналасып тең екі ашаға бөледі.

  2. Субметацентрлі хромосомалар-центромера хромосоманың ортасынан сәл оңға немесе солға қарай орналасып, хромосоманы тең емес екі ашаға бөледі.

  3. Акроцентрлі хромосома-центромера хромосоманың бір ұшына жақын орналасып, хромосоманы тең емес екі ашаға бөледі, бір ашасы ұзын, екіншісі қысқа болады.

  4. Телоцентрлі хромосомалар-центромера хромосоманың ұшында орналасады.

  5. Спутникті хромосомалар-кейбір хромосомаларда екінші буын өте ұзын болады да хромосоманың аз бөлігін негізгі бөлігінен бөліп тұрады.


р/с

Тірі ағзалар

Хромосома саны

1

Адам

46

2

Жылқы

66

3

Бақа

26

4

Дрозофила шыбыны

8

5

Жүгері

20

6

Бұршақ

14

ІV. Қортындылау. Венн диаграммасы арқылы өсімдікпен жануар жасушасының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

V.Бекіту. Жануар жасушасының органоидын анықтап тұсына жазу.

Тест сұрақтары:

1. Ядросыз ағзалар қалай аталады?

А) Эукариоттар

Ә) Прокариоттар

Б) Бөлінбейтін ағзалар

В) Гетеротрофты ағзалар

2. Ядро мембранасы қай органоидпен жанасып жатады?

А) Митохондрия

Ә) Гольджи жиынтығы

Б) Эндоплазмалық тор

В) Лизосома

3. Омыртқалы жануарлардың қай мүшесінің жасушалары көп ядро болады?

А) Өкпе, қолқа

Ә) Бауыр, сүйек

Б) Қан, тері

В) Жүйке, ішек

4. Дрозофила шыбынының хромосома саны?

А) 23

Ә) 16

Б) 8

В) 12

5. Көбеюге қатысатын органоид

А) Ярошық

Ә) Рибосома

Б) Ядро

В) Гольджи жиынтығы

6. ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын ядроның бөлігі

А) Ядро шырыны

Ә) Ядрошық

Б) Хромосома

В) Ядро қабықшасы

7. Хромосома неше буыннан тұрады және бірінші буынын не деп атайды?

А) 3 буыннан центрлі буын

Ә) 2 буыннан цетромералы

Б) 4 буыннан центрифугалы

В) буыны жоқ

8. Центрмера хромосоманың ортасынан сәл оңға немесе солға қарай орналасса, оны қалай атаймыз?

А) Акроцентрлі хромосома

Ә) Субметацентрлі хромосома

Б) Метацентрлі хромосома

В) Спутникті хромосома

9. Адам жасушасында қанша жұп хромосома болады?

А) 20 жұп

Ә) 18 жұп

Б) 22 жұп

В) 23 жұп

VІ. Бағалау:

VІІ. Үй тапсырмасы: Жасушаса ядросын оқу, түсінік айту. Жасушаның барлық органоидтарынан сөз жұмбақ құрастыру. «Органоидтар» тақырыбына

Жасуша құрамындағы органикалық заттар. Олардың құрылысы мен атқаратын қызметі Органикалық қосылыстар тірі организм жасушасының 20-30%- ын құрайды. Оларға биологиялық полимерлер - нәруыздар, нуклеин қышқылдары және кемірсулар, майлар мен бірқатар маңызды молекулалар - дәрумендер,гормондар, пигменттер, органикалық қышқылдар, аминқышқылдары, нуклеотидтер, спирттер, т.б. жатады. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроағзалардың органикалық құрамы жағынан айырмашылықтары бар. Мысалы: өсімдіктер жасушасында күрделі көмірсу - полисахарид, жануарларда - нәруыз бен майлар, ал микроағзаларда нәруыздар басым болады. Осылай бола тұрса да, өр түрлі жасушаларда осы органикалық заттар тобы өзара ұксас қызмет атқарады.

Көмірсулар. Көмірсулар немесе сахаридтер - жалпы формуласы Сn2O)n болатын органикалық заттар. Көптеген көмірсулардың құрамындағы сутек атомдарының саны оттек атомдарынан екі есе кеп болады, сондыктан да бұл заттар көмірсулар деп аталған. Жануарлар жасушаларында көмірсулар мөлшері көп емес, 1-2%-дан 5%-ға дейін (бауыр жасушаларында) болады. Өсімдік жасушалары көмірсуларға бай, олардың құрғақ салмағының 90%-ын көмірсулар құрайды (жүзім жемісі, карбыз). Көмірсуларды қарапайым және күрделі деп бөледі. Қарапайым көмірсулар моносахаридтер деп аталады. Молекуласындағы кеміртек атомының санына байланысты моносахаридтер триоза (3 атом), тетроза (4 атом), пентоза (5 атом) және гексоза (6 көміртек атомы) деп аталады. дәрумендер[өңдеу]

Биология пәні бойынша Жасуша ядросы

Дәрумен.

Дәрумен (Витамин)- адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. дәрумен (латынша vіta - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.

дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.

дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағы да басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағы да басқа дәрумені мол азық беру керек. Мал азығындағы дәрумен мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумен препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.

Биология пәні бойынша Жасуша ядросы

Құнарлы тағамдар

дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пенжеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағы да басқа аурулар себеп болады. дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда ағзада дәрумен жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. дәрумен жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. дәрумен жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төлнашар өседі. Мысалы, В дәрумені жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D дәрумені жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.[1]

А дәрумені[өңдеу]

А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың,тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.

D дәрумені[өңдеу]

D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел(рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.

Суда еритін дәрумендер[өңдеу]

С дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.

Тағамдық өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары[өңдеу]

Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы дәрумендер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С витамині жойылып, В тобындағы дәрумендердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы дәрумендерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып сүрлемелеу әдісін қолданады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4°С температура аралығында өңделеді. Азық-түлік өнімдерін тез арада тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы дәрумендер толығымен сақталады.

Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы дәрумендер азаяды. Тұздау кезінде дәрумендер сақталады. дәрумендерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарын пайдаланады.[2][3][4]

В1 дәруменi[өңдеу]

В1 дәруменi (тиамин ) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. Ор ганизм тиаминге зәру болған жағдайда нерв жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 дәруменін көп қажет етеді.

В2 дәрумені[өңдеу]

В2 дәрумені ( рибофлавин), басқа да дәрумендер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг дәрумені нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. дәруменыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.

В6 дәруменi[өңдеу]

В6 дәруменi (пиридоксин) белоктардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 дәруменінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезімін е тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. Вб дәрумені мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл дәрумен ағзада жеткілікті болады. В6 дәруменін молырақ қажетсіну ағзаның өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.

В12 дәрумені[өңдеу]

В12 дәрумені (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ағзада қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 дәрумені анағұрлым аз.

В15 дәруменi[өңдеу]

В15 дәруменi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.

Е дәруменi[өңдеу]

Е дәруменi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері түқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқалар, сүттің құрамында бар.

К дәруменi[өңдеу]

К дәруменi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты капуста, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К витамин жоқ.

Р дәруменi[өңдеу]

Р дәруменi (биофлавоноидтер) - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С дәруменімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р дәрумені шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.

РР дәрумені[өңдеу]

РР дәрумені (никотинамид, никотин қышқылы) ағзада биологиялық қышқылдану процестерінің жүзеге асуы үшін қажет. Жеткілікті мөлшерде бауыр мен бүйректе, ашытқыла, ет пен сүтте, сонымен қатар бұршақта, ірі бұршақта, бидай ұнының құрамында бар. РР витамині әсіресе қарақұмық ұнтағында және саңырауқұлақта көп. Өсімдік өнімдерінен гөрі, мал өнімдеріне!! жасалған тағамдардың құрамындағы витаминдерді адам ағзасы жақсырақ сіңіреді.

Гормондар[өңдеу]

Гормондар. Гормондар көп жасушалы ағзадағы маңызды тіршілік қызметтерін реттейтін химиялық заттар. "Гормон" термині грек тілінен аударғанда "хормао" - коздырамын, қозғалыска келтіремін деген мағынаны білдіреді. Осы терминді 1904 ж. У.Бэйлис пен Э.Старлинг енгізген.

Гормондардың әсерін зерттеу - қазіргі биологияның ең басты мәселелерінің бірі. Қазіргі кезде гормональды сигналдың жүзеге асырылу механизмі анықталған. Ең алдымен, белгілі бір қабылдағыштар гормонды тануы керек және мұнда аралық сигналды заттар - мессенжерлер немесе екінші реттік гормондар міндетті түрде қатысады. Гормональды сигналдың жүзеге асуы олардың телімділігіне жөне сезімталдығына әрі сигналдар иерархиясына байланысты. Жоғары қатардағы гормон төменгі қатардағы гормонның (мессенжер) пайда болуын тудырады, ал төменғі қатардағы гормондар жоғары қатардағы гормондарға әсер ете алмайды. Гормональдық сигналдардың кеңістікте бытыраңкы болуы - міндетті шарт. Гормондық сигналдардың тасымалдануы қаскадтық (эстафеталық) жолмен жүреді. Әрбір эстафетаны тасымалдауда сигнал шифрі (пароль) өзгеріп отырады. Сондықтан да бірінші сигнал тек бір бөлімді қоса алады, басқа сигналдарды қоса алмайды.

Гормональды сигналдардың жүзеге асуын карастырайың. Гипофиз - мида орналасқан ішкі секреция безі. Гипофиз адренокортикотропты гормон беледі, ол қанға түсіп,қан арұылы бүйрек үсті безінің қабылдағышына әсер етеді. Осыған жауап ретінде бүйрек үсті безінде адреналин өндіріледі. Адреналин қан арқылы бауырға түсіп, бауыр жасушаларының кабылдағыштарына өтеді. Адреналиннің бауыр жасушаларына өтуі гликогеннің глюкозаға айналуын тездетеді. Ғалымдар адреналиннің бірмолекуласының әсер етуінен қанда глюкозаның миллион молекуласы пайда болатынын есептеп шығарған. Нәтижесінде ағзада ерекше күш-қуаттың жиналатыны байқалады. Адреналин қорку және қатты қуану сәтінде түзіледі.


© 2010-2022