Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»

Сабақтың тақырыбы:    «Бақытты сәт»                           Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  биология  пәніне қызығушылығын оята отырып,                                                        білімдерін  тиянақтау .                                                   Сабақтың міндеті: а) биология пәнінен алған білімдерін нақтылау,еске түсіру, естерінде  қалдыру;                                                ә) экологиялық және эстетикалық тәрбие беру; б) күнделікті өмірде өсімдіктің алар орны ...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып,

білімдерін тиянақтау .

Сабақтың міндеті:

а) биология пәнінен алған білімдерін нақтылау,еске түсіру, естерінде қалдыру;

ә) экологиялық және эстетикалық тәрбие беру;

б) күнделікті өмірде өсімдіктің алар орны мен маңызын терең түсіндіру

Сабақтың түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: мақал -мәтел сөздер,слаид,үлестірмелі материалдар

Барысы. Сәлеметсіздерме ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер 9 сынып оқушыларының ««Бақытты сәт»» атты танымдық ойынын ұсынғалы отырмыз. Ойынымыз сайыс түрінде өтеді.
Биология пәнінен алған білімдеріңді, қосымша өздерің оқыған материалдардан білгендеріңізді бүгін ортаға салмақпыз.

Ал енді ойын шартымен таныс болыңыздар.

  1. Таныстыру

  2. Зерде

  3. «Ой жүйрік»

ІV. «Даналар дәрісі»

V. Жұмбақ «Мен қай өсімдікпін»

VI. Ойлан тап

VII. Бәйге

Алдымен ортаға бүгінгі сайысымызға қатысушыларды ортаға шақырайық:

Басқарушы: Ойынның бағасын беруші әділ-қазылар алқасын сайлап алсақ.

Әділ-қазылар алқасы таныстырылады.
Олай болса, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Басқарушы:

Бәйгіге түсіп жарыспай
Жүйріктің жаны жанар ма,
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік, сол алда-дегендей ой мен білім сайысын бастаймыз.

Сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар.
1-кезең: таныстыру.
Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім - кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтарды таныстырып өтейін:
І - топ - «Алғырлар» тобы
ІІ - топ - «Тапқырлар» тобы
ІІІ - топ - «Ойшылдар» тобы
ІV - топ - «Зеректер» тобы


Жүргізуші:
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды - деп сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастасақ

II кезең. Зерде

(Дұрыс жауапқа 4 ұпай беріледі).

1 топ.

1.Цитоплазма органоидтарын ата?

2.Адам жасушасындағы ұлпалар саны қанша?

2. топ.

1.Сезім мүшелері ата?

2.Тыныс алу жүйесінің мүшелерін ата?

1. 3 топ.

1.Адамның дене жасушаларындағы хромосоманың саны қанша?

2.Ми бөлімдерін ата?

4-топ

1. Қанның құрамы,қызметі қандай?

2.Сүйектің түрлері?

ІІІ кезең. Ой жүйрік (Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)

Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»

Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»

Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»

Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»

Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»

Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»



Жауаптары:

1.70-75 рет( жүректің соғуы)

2.46-23( сомалық және жыныстық хромосомалар саны)

3.1300-1400г( мидың салмағы)

4.200-ден астам (қаңқадағы сүйек)

5.120 күн (эритроциттердің тіршілік ұзақтығы)

6.55-60%(қандағы плазманың мөлшері)

ІVкезең. «Даналар дәрісі» .Мақал - мәтел сыңарын табу.

(Дұрыс жауапқа 8 ұпай)

  1. Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі

  2. Тазалық - саулық кепілі.

  3. Денсаулық - байлық кепілі.

  4. Саулық - ұлт болашағы.

  5. Ұрпақ тәрбиесі - қоғам байлығы.

  6. Гигиена - тазалық кепілі.

  7. Білімі жоқ ұл - жапырағы жоқ гүл.

  8. Қорада малың болсын, көшеде талың болсын.

  9. Дала көркі - мал, өзен көркі - тал

  10. Көлдің көркі құрақ,

Таудың көркі бұлақ.

V. Жұмбақ «Мен қай өсімдікпін» ( Дұрыс жауапқа 20 ұпай)


Мен қай өсімдікпін?

  • Мен Жорарта теңізінде дүниеге келдім. Мен әртүрлі боламын. Көбінесе Иранда, Жерорта теңізі, Каспий теңізінде жағалауында, Индия мен Қытайда кездесемін. Жемтамырымда өте көп қант бар, оны ешкім білген жоқ. 1747 жылы неміс химигі Маркграф менің құрамымда қант барын тапты, ал 1799 жылы Франц Ахард бірінші рет бірнеше кг қант алды. Одан әрі Ресейге өткізді. Мен қазіргі уақытта сұранысы жағынан үшінші орындамын. Тыныштандыратын дәрі ретінде балалардың жүйке жүйесіне пайдаланыламын (Қызылша)


  • Менің Отаным Индия. Арабша бадиншаш, баданжан деп атайды. Ерте кезде өте ащы болғанмын. Мені ешкім жей алмады. Пісірілген күйімде арабтар тіс ауырғанда емдеу кезінде пайдаланды. Еуропаға УІ ғасырдың аяғында келдім. Мені бағалау үшін 300 жыл керек болды. . (Баклажан)


  • Мен Азияда тудым, бірақ Еуропа мен Африкада тұрамын. Орта ғасырларда мен ібатырлар кеуделеріне тұмар ғып жүрген, өйткені мен әр түрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін. Тіс ауырғанда пайдаланады мені.Өзіме тән исім бар. С дәруменінің көзімін, сондықтан тұмаумен ауырған кезде пайдаланасын мені. (Сарымсақ)

Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде мені «маис» деп атаған және мен осы кезге дейін сол қалпымды сақтадым. Менің алғашқы өкілімді Еуропаға Х.Колумб әкелген болатын. Бұл данамды Х. Колумб корольге сыйға тартқан болатын. Мен біржылдық, астық тұқымдасына жататын, жылу сүйгіш , дара жынысты, бір үйлі өсімдікпін (жүгері)

VI кезең. Ойлан тап.

Цитология бөлімі 10 20 30 40

Генетика бөлімі 10 20 30 40

Ғалымдар 10 20 30 40

Цитология -10

.Жасушаға белгілі пішін мен мықтылық қасиет береді (қабықша)

Цитология-20

Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір желім тәрізді созылмалы қоймалжың зат (цитоплазма)

Цитология -30

Жасушаны энергиямен қамтамасыз етеді

Цитология-40

Жасушадағы көпіршік,түтікше тәрізді органоид

Генетика-10

Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (генетика)

Генетика -20

Генетиканың негізін салушы кім? (Г.Мендель)

Генетика-30

Хромосомалық теорияны жарыққа шығарды(Т.Морган)

Генетика-40

Ген терминін енгізген ғалым

Ғалымдар-10

Вирус терминін 1899 жылы ғылымға негізді (М.В,Бейерник)

Ғалымдар -20

Биосфера туралы ілімнің негізін салған ғалым (В.И.Вернадский)

Ғалымдар-30

Микробиологияның дамуына жол ашқан (Л.Пастер)

Ғалымдар-40

1892 жылы темекі теңбілін зерттеп ,вирусты ашты(Д.И.Ивановский)

VІ тур. Бәйге (Дұрыс жауапқа 2 ұпай)

Білімнің ұшқырлығын танытатын,
Топтағы сайыскерлер жаңылмағын.
Уақыт деген зымырап өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын

Бәйге сұрақтары:

1)Дәрумендер дегеніміз не оны ашқан ғалым(1881 Н.ИЛунин)

2).Тірі ағзаның көбею түрлері?

3). Басыңқы гендерді қалай атаймыз(доминатты)

4).Нәруызды түзетін аминқышқылдардың саны (20)

5).Хромопласт өсімдіктерге қандай түс береді (қызыл ,сары)

6.)Өзіндік құрлысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзалардың бір бөлігі(мүше)

7.) Вегативті мүшелерді атаңдар(тамыр ,сабақ , жапырақ)

8.) Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым (Новашин)

9.) Фогоцитоз құбылысын ашқан ғалым (Мечников)

10) Гормондар денгеніміз қандай заттар(қызметі ерекше тікелей

қанға бөлінетін ақуызды зат)

11) Тірі ағзаның ең кішкене құрамдас бөлігі (жасуша)

12) Бұл балдырды соңғы кездері нан пісіру өнеркәсібінде қолданып

жүр(хлорелла)

13) Көп жасушалы жіп тәрізді жасыл балдырдың ерекше

түрі(улотрикс)

14)Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын

қасиеті(иммунитет)

15)Вирус не деген мағынаны ілдіреді?(у)

16) Ағзалардың құрылысын зерттейтін ғылым(анатомия)

Сөздің кезегін әділ - қазыларға береміз.

Жүргізуші: Сонымен бүгінгі ! «Бақытты сәт» сайысы өз мәресіне жетті.

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады.

Енді кезек марапаттау кезеңіне өтеді

Алда әлі де биік - биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!




© 2010-2022