Балықтардың кәсіптік маңызы 7 сынып биологи

Сабақтың тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға балықтардың кәсіптік  маңызы туралы мәліметтер беру Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа,табиғатты аялауға,тірі ағзаларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.  Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: жаңа материалды игерту Көрнекілігі: электронды оқулық, слаидтар, кесте  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі   ІІ. Үй тапсырмасын сұр...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып биология

Сабақтың тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға балықтардың кәсіптік маңызы туралы мәліметтер беру

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа,табиғатты аялауға,тірі ағзаларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту

Көрнекілігі: электронды оқулық, слаидтар, кесте

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Тестік жұмыс арқылы үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ кезеңі

Слайдтарды пайдалана отырып, баяндау әдісімен түсіндіріледі.

Қазіргі таңда сүйекті балықтардың 20000 - нан астам түрі бар. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Кеуде бөлімінде - екі көзі, жұп танау тесігі бар. Терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналар сияқты сызықтар болады, осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратады. Желбезектері жұп - көкірек және құрсақ, тақ - арқа, құйрық және аналь желбезектер:

Сүйекті балықтардың қаңқасында майда сүйектер өте көп болады. Қаңқа бөліктері шеміршекті балықтарға ұқсас. Желбезектенің сырты желбезек қақпағымен жабылған. Ауыздары бас бөлімінің алдыңғы жағында орналасады. Жқсүйектерінде тістері орналасқан. Ауыз қуысы -- көлемді жұтқыншақ -- қысқа өңеш -- қарын -- аш ішек -- тоқ ішек -- тік ішек -- аналь тесігі. Бауыр мен ұйқыбез өзектері аш ішектің алджыңғы бөліміне ашылады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше - торсылдақ пайда болған. Ол балықтың дене салмағын өзгертуге, кейде түрлі дыбыстар шығаруға қатысады. Су түбінде тірішілік ететін сүйекті балықтарды торсылдақ болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалысымен байланысты. Қантарату жүйесі шеміршекті балықтармен ұқсас.- - екі қуысты жүрек, бір қанайналым шеңбері. Зәр шығару жүйесі - -екі бүйрек, екі несепағар жүйесі. Алғаш рет қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік өз алдына жеке ашылады. Миы шеміршекті балықтармен салыстырғанда кіші әрі қарапайым. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бір - бірімен түрлі дыбыстар шығару арқылы байланысады. Иіс сезу, дәм сезу, бүйір сызықтары шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтар негізінен дара жынысты, тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аналық бездерінде аналық жұмыртқа жасушасы - уылдырық , ал аталық безде сперматозоидтар - шоғал дамып жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, суға өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кейбір балықтар көбею үшін өрістейді, мысалы, теңізден өзенге, кейде керісінше. Кәсіптік маңызы бар балықтарды қолдан көбейтіп, өсіреді.

Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар:

Сәулеқанаттылар , негізгі отрядтары -

  • бекіретәрізділер

  • майшабақтәрізділер

  • албырттәрізділер

  • сетінектер

  • көзауықтар

  • тұқытәріздестер

  • Қалаққанаттылар , негізгі отрядтары -

  • қостынысты балықтар

  • саусаққанатты балықтар (латимерия)

Қазақстанда 180 - дей балықтар түрі тіршілік етеді. Оның 16 түрі сирек кездесетіндіктен Қызыл Кітапқа тіркелген.

Маңызы: - Қара ,қызыл икра алу

- "Балық майы" емге пайдаланады.

- Тағамдық маңызы зор,түрлі дәрумендерге бай ,теңіз тағамдарының

85 %-зын құрайды

- Сәндік үшін өсіру "Аквариум балығы"

- Демалыс кешендерінде мысалы "Думан"

- Қаңқасынан түрлі сувинерлер жасалады

ІУ. Сабақты бекіту

  1. А және В тапсырмаларын ауызша түрде орындаймыз.

  2. №1 кестені орындаймыз.

  3. Үлестірме қағаздармен жұмыс

У. Сабақты қорыту

УІ. Үйге тапсырма

  1. С тапсырманы жазбаша орындау

  2. №1,2 тапсырмаларды жазбаша орындау.

УІІ. Оқушыларды бағалау

.





© 2010-2022