7 сыныптарға арналған тест тапсырмалары

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары

7 сынып

Теориялық тур

1.Еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құртты көрсет:

А. Ақ сұлама В. Бауырсорғыш

С. Цепень D. Таспақұрттар

2.Ішекқуыстыларда жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келу процесін ата?

А. Регенерация В. Гермафродит

С. Планула D. Обелия

3.Өзіндік асқорыту мүшелері жоқ, паразиттік жолмен өмір сүруге бейімделіп, паразиттік жолмен тіршілік ететін құрттар қалай аталады?

А. Кірпікшелі құрттар В. Сорғыш құрттар

С. Таспа құрттар D. Жалпақ құрттар

4.Гидраның атпа жасушалары қандай қызмет атқарады?

А. Тыныс алу В. Қорғаныш

С. Қозғалу D. Көбею

5. Ұрықтың дамуы кезінде аралықжасушалы қабат қалай аталады?

А. Мезодерма В. Эктодерма

С. Эндодерма D. Эпителий

6. Кірпікшелі кебісшедегі кіші ядроның атқаратын қызметі:

А. Қоректену В. Көбею

С. Қозғалу D. Зат алмасуға қатысады

7. Хлоропластары бар жәндікті ата:

А. Амеба В. Эвглена

С. Трипаносома D. Полиптер

8. Қарапайымдыларда қолайсыз жағдай туғанда түзілетін қабатты көрсет:

А. Эктодерма В. Энтодерма

С. Циста D. Вакуоль

9. Қантышқақ ауруын тудыратын жәндік қалай аталады?

А. Дизентерия амебасы В. Амеба

С. Лейшмания D. Трипносома

10. Көптеген қарапайымдылардың денесін сыртынан қаптайтын, өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабаты қалай аталады?

А. Храматофор В. Пелликула

С. Кокцитоз D. Лимфа

11.Талшықсыз, жалған аяқты, тұрақты дене пішіні болмайтын біржасушалы жәндік?

А. Саркодиналар В. Гидра

С.Полиптер D. Сцифоидтар

12. Жасыл эвгленаны ұзаө уақытқа қараңғы жерге жіберсе не байқалады?
а) түссізденеді б) жасыл түс қоюланады с) хлорофилл пайда болады д) тіршілігін жояды
13. Адам ағзасында малярия паразитінің тіршілік орны:
а) ішек б) өкпе с) қан д) бауыр
14. Қарапайымдылардың қандай класы болмайды?
а) плазмалылар б) кірпікшелілер с) талшықтар д) цисталылар
15. Макро және микронуклеус жасушаның қай бөлігі:
а) ядро б) вакуоль с) пластид д) митохондрия
16.Сиыр цепенінің финкасын жою жолы - сиыр етін:
A. толық пісіру B. тұздау

C. шала пісіру D. жуу

17. Ағзаларға қосарлы атаутізім беруді ұсынған ғалым:
A. Ч. Дарвин B. К. Линней

C. Р.Гук D. Махмұд Қашқари

18.Ғаламшарда жойылып біркен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру қалай аталады?:
A. Жоспарлау

B. Жіктеу

C. Топтастыру

D. Жүйелеу

19.Ең алғаш тек ішекқуыстылардан бастап қана байқалған жүйені белгіле:
A. Жүйке жүйесі (жүйке торы)

B. Қан айналым жүйесі

C. Зәр шығару жүйесі

D. Ас қорыту жүйесі

20. Көптеген қарапайымдылардың денесін сыртынан қаптайтын, өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабатын ата:
A. Циста

B. Пелликула

C. Планула

D. Эктодерма

21. Ішекқуыстылар типіне жататын ағзалар:
а) бірқабатты б) екіқабатты с) үшқабатты д) төртқабатты
22. Гидраның бүршіктенуі:

а) жынысты көбею б) жыныссыз көбею

с) регенерация д) гидраның өсуі
23. Гермафродит ағзаларға тән белгі:
а) аналық ағза б) аталық ағза с) қосжынысты д) даражынысты
24. Гидраның қозғалуына көмектесетін жасушалар:
а) апта жасушалары б) асқорыту жасушалары

с) аралық жасушалары д) тері - бұлшықет жасушалары
25. Су астына ішекқуыстылардың қаңқа үйіндісінің түзілістері:
а) рифтер б) бүрмелер

с) планулалар д) табақшалар
26. Гидра құрылысында капсула мен жіпшеден тұратын жасушалар:
а) апта жасушалары б) асқорыту жасушалары

с) жыныс жасушалары д) тері - бұлшықет жасушалары
27. Рефлекс қасиетінің жүру жолы:
а) қозу, тітіркені, жауап беру б) жауап беру, тітіркену, қозу
с) тітіркену, қозу, жауап беру д) тітіркену, жауап беру, қозу

28. Параподия қызметі:
а) зәр шығару б) асқорыту с) зат алмасу д) қозғалу

29. Жалпақ құрттардың жүйке жүйесі:
а) түтікшелі б) шашыранды - түйінді с) екі бағана тәрізді д) миы, жұлыны болады

30. Пелликула дегеніміз не?
а) цитоплазма б) вакуоль с) сыртқы қабат д) көзше








Жауаптары

1 А

2 А

3 С

4 В

5 А

6 В

7 В

8 С

9 А

10 В

11

12

13

14

15 С

16 А

17. В

18.D

19. А

20.С


7 сыныптарға арналған тест тапсырмалары

© 2010-2022