Ми діңінің құрылысы. Мишық (8 сынып)

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Сарин Жарас

Теміртасұлы

Оқушының саны - 11

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Куропаткино ОМ

3 апта

23.10.2012

4 сабақ 14:20-15:0 география кабинеті

Сабақтың атауы

Ми діңінің құрылысы. Мишық.

Сілтеме

Биология Адам,

8 сынып оқулығы 56-57-беттер және слайдтар

Жалпы мақсаты

Ми діңі мен мишық құрлысымен танысу және қызметтерін түсіндіру

Міндеттер:

1. Бұл жаңа тақырыпты түсінулерін анықтау;

2. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;

3. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2. Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

4. Модельдердің түрлерімен танысу, білімнің алғашқы негізін қалау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену;

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Тапсырмалар

Мидың құрылысын суреттен белгілеу,қызметін сипаттауға және бес жолды өлең құрастыруға тапсырмалар беремін.

Модельдің түрлерімен танысу

Белгіленуге арналған түйінді сөздер: ми бөлімдері(сопақша, көпір, ортаңғы, аралық), мишық және үлкен ми сыңарлары

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу /0,5 мин/

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу


Қызығушылықтарын оятуға дайындық кезеңі

Оқушылардың топқа бөлу. Ойын арқылы сандар айтумен, бірнеше рет әр түрлі сандар айтып, топтастырып топқа бөлу

/2 мин/


Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

І. Қызығушылығын ояту Слайд1,2

Мұғалім: сурет бойынша не айта аламыз? (тақтаға суреттер шығарып, салыстыру, айтқандары бойынша маңызды белгілерін тақтаға жазып отыру) /5 мин/

Жұмбақ шешу (белгілері бойынша нысанды анықтап, суретін салу)

1-топ: Өзі кішкентай, сырты мамық секілді, құлағы ұзын, түсі ақ, кейде

сұр болуы мүмкін. (қоян)

2-топ: Бұл нысан ағаштан жасалған, оның қақпағы және төрт аяғы бар.

(үстел)

3-топ: Үш көзінде жалын - от,

Ал бірақ та жаны жоқ.

Кезектесіп ашылар,

Кезектесіп жұмылар. (бағдаршам)

4-топ: Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су шашып, Телегей
Мұхиттан шықпайды. (кит)

Тапсырма Слайд3

  • Топта белгілері бойынша нысанды анықта. /2 мин/

  • Топта талқылап, суретін сал. /6 мин+4 мин/

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету


ІІ. Мағынаны тану

Мұғалім: Салған суреттеріңе қараңдаршы? Оларды жалпы қалай атасақ болады? Слайд4 /2 мин/

Мәтін тарату


Модель. Графикалық модель

Модель - өмірде нақты түрде кездесетін немесе елестетуге болатын нысандар нұсқасы.

Модельді қалай жасаудың нақты ережелері жоқ. Бала сәбилік шақтан қуыршақ, машина және басқа да ойыншықтармен ойнайды. Ал бұл өмірдегі шынайы нысандар моделі болып табылады. Ал мектепте әр түрлі нысандар және құбылыстар модельдер көмегімен оқытылады. Сурет сабағында түрлі бейнелік нұсқалар қолданылады. Биология кабинетінде аңдардың, құстардың қолдан жасалған тұлғалары бар. Денсаулық саласында да жасанды органдар жиі қолданылады. Оқу орындарында ұшақ, автомобиль және кеме үлгілері де кездеседі. Бұлардың барлығы материалдық модель деп аталады.

Бейматериалдық (материалдық емес) модель - бұл математикалық формулалар, кестелер, мәтіндер және сызбалар жиыны. Олар кез келген нақты заттардың қасиеттерін сипаттайды. Модельде нысанның маңызды белгілері көрсетілуі тиіс.

Адам әртүрлі нысандардың немес құбылыстардың модельдерін жасайды. Адам ақпараттарды қабылдаған соң оны бірнеше түрде көрсете (елестете) алады. Мысалы, ойына келген ән әуендерін сазгер пианинода ойнайды (ақпараттық дыбыстың түрі), содан кейін ноталар көмегімен жазады (ақпараттың символдық түрі). Суретші әуенді бейне түрінде, ал ақын - өлең түрінде, хореограф - би түрінде түрлендіріп, көрсете алады.

Ақпараттарды өрнектеу түрлерінің бірі графикалық модель болып табылады.

Тапсырма Слайд5

  • Мәтінді оқы /5 мин /

  • Анықтамаларды дәптерге жаз /3 мин /

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды

Оқулықтың 56-беті

  • №1 тапсырма: Нысанның белгісі мен моделін салу

/1+4 мин/ Слайд6

  • №2 тапсырма: Аптаның графикалық моделін толықтырып сал

/1+4 мин/ Слайд7

Бағалау түрлері

  • оқушының өзін-өзі бағалауы;

  • топтық өзін-өзі бағалауы;

  • мұғалімнің бағалауы;

  • жалпы бағалау;

  • критерийлер арқылы бағалау


Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні____________________________________

Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

1

2

3

4


-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

Тапсырмалар орындау арқылы аяқтау

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Үй тапсырмасы: Слайд8

Алдыңғы сабақта берілген желкенді сипаттап жазу және бес жолды өлең құрастыру (синквейн) /1,5 мин/

45 мин. Сабақтың соңы

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?

оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: топтардың суреттерді талқылап, салыстыра алуы, жұмбақтар шешу, мәтіндегі анықтамаларды түсініп нәтижесін флипчартта салу, жазу арқылы ғана түсіндіруге болады. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ. Топтар сол сабақ үстінде ойындар арқылы топқа бөлінді.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.

3. Бұл арада мұғалім балаларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш салдым.



© 2010-2022