Урок по биологи 10 класс

Қазіргі кезде мәдени өсімдіктердің шығу тегі мен систематикалық орнын салыстырмалы морфологиялық ж\е биохимиялық зерттеулердің негізінде, сол сияқты генетикалық ерекшеліктеріне, яғни хромосомаларынын кұрылымы мен гендердің кұрамына қарай анықтайды. Үй жануарларын да мәдени есімдіктер сияқты шығу орталықтарынан таратура болады. . Мысалы, индонезиялық-үндақытайлық, орталықта алғашқыда ұсақ жануарлар — ит, шошка, тауық, қаз, үйректер қолға үйретілген деген болжам бар. Сол сиякты Алдыңғы Азияда қой,...
Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәдени өсімдіктің жабайы өсімдіктен айырмашылығы неде екенін,мәдени өсімдіктерсіз адам өмір сүре алмайтынын меңгерту.Оқушылардың дүниетанымын ойындар ойнау арқылы,логикалық танымын,биология пәніне деген қызығушылығын дамыту.Қоршаған ортаға деген жанашырлық көзқарастарын қалыптастыру.

Сабақтың типіі: Аралас

Сабақтың әдісі: Дәстүрлі.Ақпараттық технология

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карта, бағалау парағы т.б.

І. Сабақтың барысы: 1.Амандасу

2.Сабаққа әзірліктерін тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары:

250 мыңға жуық жабықтұқымдылардың 3 мыңдайы ғана кезінде белгілі болған. Тағамның 80% -ы негізгі алты мәдени өсімдіктен алынады: дәнді дақылдардан - бидай, күріш, жүгері; крахмалды дақылдардан картоп, батат, маниока. Тамақ үшін ең маңыздылары: қантты - қант қамысы, қант қызылшасы; көкөністер - асбұршақ, картоп; дәнді дақылдар - бидай; майлы -кокос, күнбағыс, соя; жемістер - алма, банан, жүзім, цитрустылар.

Дүниежүзілік тарихи және археологиялық деректерге сүйене отырып Н.И.Вавилов ертедегі мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын жеті топқа біріктірді.

Урок по биологи 10 класс

Оңтүстіказиялық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:


  • Банан

    Күріш

    • Қант қамысы

    Урок по биологи 10 класс

Шығысазиялық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:

соя

шай

қарақұмықУрок по биологи 10 класс

Оңтүстік- батысазиялық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:

бидай

құрма

кофеУрок по биологи 10 класс

Жерортатеңіздік орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:

сәбіз

зәйтүн

орамжапырақУрок по биологи 10 класс

Абиссиналық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:

Дәнді құмай,бананның бір түрінің,майлы ноқат өсімдігі,бидай мен арпаның бірқатар ерекше түрлерінің отаны.

Орталық америкалық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:

Жүгері,ұзын талшықты мақта,какао,бірқатар асқабақ,үрмебұршақ мәдени өсімдіктердің отаны.

Андылық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:

Картоп,дәрілік өсімдіктердің отаны.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Ортаға мәдени өсімдіктің атауы беріледі. Ол сөз «Орамжапырақ» осыдан бірнеше сөздер шығаруы керек.1минут уақыт беріледі.Көп сөз жазған командаға жетон беріледі.

V.Үге тапсырма беру.

§34. оқулықтағы кестені толтыру. 7орталықтан шығатын мәдени өсімдіктер туралы интернеттен мағлұмат әкелу.

VІ. Бағалау.


Рысбаева Гүлмира Бейсенбайқызы

Головацкий атындағы орта мектебінің

Биология-география пәнінің мұғалімі

Панфилов ауданы.






© 2010-2022