Биология пәні 8-сынып. Қысқа мерзімдік сабақ жоспары

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология пәні 8 сынып

3-ші сабақ жоспары


8-сынып


Биология


сәуір

Сабақтың тақырыбы:

Тері аурулары және олардың алдын алу.

Дереккөздер:

Жоспар, liveinternet.kz/, презентациялар, «video.yandex.k» « Биология және салауаттылық негіздері» әдістемелік журнал

Жалпы мақсаттар:

Мақсаты:

Оқушылар өздері білетін тері ауруларының түрлерін атайды. Тері ауруларының түрлерін сипаттап,мысалдар келтіреді.Тері ауруларына әсер ететін жағдайларды анықтайды, себептерін іздейді.Тері ауруларын бір-бірімен салыстыра отырып, қорытынды жасайды. Тері аурулары туралы қосымша мағлұматтарды ақпараттық құралдардан іздейді. Тері гигиенасына қойылатын талаптарды ұғынады, соны өзінің күнделікті өмірінде пайдалана алады.

Оқытудағы әдіс-тәсілдер:

СТО-әдісі.

1.Топқа бөлу.

«Ой толғау» бөлімі

2. а) «Өз жартыңды тап» ойыны.

Б) № 12 зертханалық жұмыс. Зерттеушілік әңгіме

« Мағынаны тану» бөлімі

3. «Кубизм» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

4. «Ментальді карта» дайындау. Кубик лақтырып, санына сәйкес «Блум таксономиясының» деңгейлеріне сай тақырыптарға дайындалу. Оны қорғау.

5. Негізгі 2 сөзбен қорытындылау, терминдермен жұмыс.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

1. Тері ауруларының түрлерін ажырата біледі.

2. Тері аурулары не себептен болатындығын біледі.

3. Ақпараттық құралдардан қосымша материалдармен танысады.

4. Тері гигиенасын сақтау және ауруларынан сақтану жолдарын ұсынады.

5. Топпен жұмыс жасауға үйренеді.

Негізгі идеялар:

Тері аруларына мыналар жатады: безеу, саңырауқұлақ тудыратын аурулар (теміреткі), қышыма қотыр, теріде болатын түзілістері: сүйелдің түрлері, қалы туралы түсініктер. Аурулардың болатын себептерін анықтау, олардың алдын алу жолдарын ұғындыру. Тері ауруларын зерттейтін ғылым саласы- дерматолог деп аталады. Интернетпен жұмыс. «Тері гигиенасын сақтау -денсаулық кепілі»

Дәйексөздер:

Эпидермис, дерма, мүйізді қабат, қайызғақ, дерматолог, қалы, сүйел, гиподерма, шел қабаты, қантамырлары, жүйке тамырлары, шаш, тырнақ, түктер.

Орындалатын іс-әрекеттер:

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1.Топтарға бөлу. Жеміс түрлері бойынша.

«Ой толғау» бөлімі

2. а) «Өз жартыңды тап» ойыны.




Б) № 12 зертханалық жұмыс. Зерттеушілік әңгіме


3.«Кубизм» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға сұрақтар қою. Сыни тұрғыда ойлау арқылы.

Топқа бөлінеді.

Оқушыларға тері туралы карточкалар беріледі. Музыкамен өз жартысын тауып алу керек. Карточкадағы сөздер: Тырнақ және шаш ,су мен тұздың артық мөлшерінің сыртқа шығуы, дерматолог, Эпидермис, дерма,дәнекер, «Д» дәрумені, шаштың түбірі орналасады, терінің беткі қабаты, дерма қабатында,терінің туындылары,тері ауруын емдейтін дәрігер, терінің үстіңгі қабатының ұлпасы, теріде түзілетін дәрумен түрі, зәр бөлу немесе терлеу, нағыз тері қабатының ұлпасы. Осы сөздерді таратып, тез уақытта бірін-бірі тауып алу керек.

Оқулықтағы зертханалық жұмысты дәптерге жазады. Зерттеушілік әңгіме жүргізеді. Лупа арқылы :«Неге қолдың үстіңгі бетінде емес, алақанда рецептордар көп болады? Дәлелдеу керек? оқушылар өз ойын айтады.

Сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты ашады.

«Мағынаны тану»

4. «Ментальді карта» дайындау. Кубик лақтырып, санына сәйкес «Блум таксономиясының» деңгейлеріне сай тақырыптарға дайындалу. Оны қорғау.

Ментальды карта жасау.

Оқулықтағы мәтін арқылы, топпен бірлескен түрде ментальды карта жасау. Сұрақтары: «Блум таксономиясына негізделген.

1-топ. Біліңіз-Тері аурулары туралы жалпы мағлұмат.

2-топ. Түсіндіріңіз.-Не себепті тері аурулары пайда болады?

3-топ. Қолданыңыз.-Тері ауруларын суреттеп бер.

4-топ Жинақтаңыз-Тері ауруларын болдырмауға реклама жаса!

5-топ. Талдаңыз.- Әртүрлі ауру түрлеріне талдау жаса

6-топ. Бағалаңыз. -«Тері-ағзаның айнасы» деген ұғым қаншалықты дұрыс деп ойлайсың?

«Толғаныс» бөлімі.

Негізгі 2 сөзбен қорытындылау.

Бағалау

Топ мүшелерін бағалау.

Оқуға арналған тапсырмалар:

56- тақырып. Тері аурулары және олардың алдын алу туралы қосымша материалдар оқу. Шаш және тырнақ күтімі.



© 2010-2022