Протерозой заманындағы тіршіліктің дамуы

Раздел Биология
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: ______________ Күні: 18.01.2016ж Сыныбы: 11 "Ә"

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Протерозой заманындағы тіршіліктің дамуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға протерозой заманында тіршіліктің дамуы туралы мағұлмат беру

Тәрбиелілік: Оқушыларды протерозой заманында тіршіліктің дамуы туралы білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың протерозой заманында тіршіліктің дамуы туралы ой - өрісін

дамыту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: плакат

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру
II. Үй тапсырмасын тесеру

1. Жер тарихында қандай замандарды ажыратады?

2. Архей заманында жер бетінде қандай өзгерістер орын алды?

3. Фотосинтез прцесінің ерекшелігі неде?

III.Жаңа сабақ

Қандауырша Протерозой заманында тіршілік еткен

Протерозой - Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Архейде пайда болған прокариоттар - көк-жасыл балдырлар және бактериялармен қатар бір жасушалы жасыл балдырлар пайда болды. Бұлар нағыз эукариотты организмдер болып саналады. Протерозой заманында тіршілік еткен организмдердің басым көпшілігі - теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулар болды. Бұл заманның соңында хордалылар пайда болды. Олардың бір өкілі қандауырша (ланцетник) осы күнге дейін тіршілік етеді. Протерозой заманындағы хордалылардың пайда болуы ең ірі ароморофоздық құбылыс, өйткені ароморфоздың ерекшеліктері:

  • бұлшық еттері бекіну үшін тірек болатын хорданың пайда болуы;

  • түтік тәрізді орталық жүйке жүйесінің болуы жануарлардың белсенділік қабілетін арттырады;

  • суда тыныс алатын желбезектің дамуы.

Бұл күрделі ароморфоздық белгілер хордалылардың жаңа кластарының пайда болуына себепші болды. Протерозой заманында табылған жыныстардан фотосинтезпроцесінің нәтижесінде су мен атмосферада оттектің көп жиналғандығы анықталды. Бактериялар мен бір жасушалы балдырлардың тіршілік әрекетінен су жағалауларында топырақ түзілу процестері байқала бастады.

Протерозой (гр. πρότερος - алғашқы, аға, гр. ζωή - тірлік) - прекембрийді құрайтын үш бөлімшенің (1. хадейнемесе приской , 2. архей, 3. протерозой) соңғысы (осыдан шамамен 2500-542 млн жыл бұрын).

Протерозойды 3 геологиялық заман құрайды (ертелеуінен жаңалауына атап өткенде):

  1. Палеопротерозой;

  2. Мезопротерозой;

  3. Неопротерозой.

Ең елеулі оқиғалары бұлар:

  • Мезопротерозойда оттегі сіңген атмосферасының құрылуы;

  • Соңғы Неопротерозойдың Криоген кезеңінде бірнеше рет мұздықтар құрылуы;

  • Эдиакарий кезеңі (635-542 Ma) жұмсақденелі көпжасушалы организмдердің өрбуімен сипатталады.

Жер тарихында археозой мен палеозой аралығындағы эра және сол заманда қалыптасқан қабаттар. Бұл терминді ғылымға америкикалық геолог Э.Эммонс енгізген ('1888). Протерозой бұдан 2000 (кейбір тұжырым бойынша 2500) - 570 млн. жыл бұрын, ұзақт. 1500 млн. жылға созылған эра. Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі Протерозойды Р.Борукаев, Ю.Зайцев, В.Королев, т.б. зерттеген.

  • Протерозойдың бірінші жартысы (2,2 млрд. жылға дейін) геократтық жағдайларда өткен. Қыртыстың салқындау процесі нәтижесінде қатаң және морттық қасиеттерге ие болған литосфера жарылып, суперконтинентте рифт ойпаңдары мен айырылымдар пайда болған.

  • Бастапқы Протерозойдың екінші жартысында бұл процестер күшейіп, суперконтинент көлденеңі жүздеген және мыңдаған км болатын блоктарға (микротақталарға) жіктелген. Олар жұқарып (рифтинг) және толық айырылып (спрединг), ал айырылған блоктар арасын терең сулы алаптар басқан.

  • Протерозойдың соңында шөгінді және жанартаулық тау жыныстарымен толған бұл алаптар, деформацияға, метаморфизмге, граниттенуге ұшырап, қайта жабылған. Бастапқы Протерозойда организм қалдықтары өте сирек. Қалдықтарының қалыңдықтары кей жерлерде жүздеген метр болатын көк-жасыл балдырлар түзіліп, олардың қарқындыфотосинтездеуші әрекетінен ауаның құрамы өзгере бастады. Ол таза оттекті көбейтіп, тіршілік әлемінің өркендеп дамуын тездетті. Даму бастапқы-ортаңғы рифейде қарқындады.Бактериялар, балдырлармен қатар қарапайым бір клеткалы организмдер - эукариоттар пайда болды. Темір, мыс, алтын, көптеген бейкентас шикізаттары шоғырларының пайда болуы Протерозоймен тығыз байланысты.

IV. Бекіту

1.Протерозой грекше қалай аталады?

2. Протерозойды неше заман құрайды?

3. Протерезойдың ұзақтығы?

V. Қорытынды

Протерозой (гр. πρότερος - алғашқы, аға, гр. ζωή - тірлік) - прекембрийді құрайтын үш бөлімшенің (1. хадейнемесе приской , 2. архей, 3. протерозой) соңғысы (осыдан шамамен 2500-542 млн жыл бұрын).

Протерозойды 3 геологиялық заман құрайды (ертелеуінен жаңалауына атап өткенде):

  1. Палеопротерозой;

  2. Мезопротерозой;

  3. Неопротерозой.

Протерозой бұдан 2000 (кейбір тұжырым бойынша 2500) - 570 млн. жыл бұрын, ұзақт. 1500 млн. жылға созылған эра. Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі Протерозойды Р.Борукаев, Ю.Зайцев, В.Королев, т.б. зерттеген.

VI.Үйге тапсырма

§34 Протерозой заманындағы тіршіліктің дамуы

VІІ.Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау


© 2010-2022