План урока на тему: Асқазанда астың қорытылуы (8 класс)

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«______»__________201____жыл

Сынып:8

Сабақ тақырыбы: Асқазанда астың қорытылуы. Асқазан сөлі ферменттерінің нәруыздарға әсері. Ұйқыбез сөлі мен бауырдан бөлінетін өттің әрекетінен астың ұлтабарда қорытылуы.

Мақсаты: Асқазанда астың қорытылу процесі туралы білім беру, осы физиологиялық процестегі ферменттердің, ұйқыбез сөлі, өттің тамақ қорытудағы рөлін, асқазан ферменттеріне алкоголь мен никотиннің кері әсерін түсіндіру; тамақ ішу ережелерін қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: тамақ ішу ережесін сақтауды, өзін-өзі бақылауды әдетке айналдыру, тамақтың сапасын, сақталу мерзімін және ыдыстың таза болуын бақылау. Санитарлық -гигиеналық дағдысын қалыптастыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылған әдіс: сұхбат, әңгіме-сұхбат, өзіндік жұмыс, көрнекіліктер көрсету, бейнеролик көру, Pisa тапсырмаларымен жұмыс

Көрнекілік: Слайд, плакаттар, адам моделі, ЭО, Бейнеролик «Асқазан»

Пән аралық байланыс: валеология, медицина, химия

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Түгелдеу

«Қазақстан-2030» мемлекеттік даму бағдарламасында «Азаматтардың денсаулығын, білімін және ырысын жақсарту» бөлімі бар. Онық мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ана мен баланы қорғау, нашақорлық, есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу, тағамның сапасын жақсарту, балалардың денсаулығын нығайту, қоршаған ортаны сақтау.

ІІ. Өтілген тақырып бойынша білімді жүйелеу және өзектеу

Сұрақ: қандай тақырып өттік? Қандай мүшелер жүйесін өтіп жатырмыз?

Ендеше ауыз қуысының құрылымынан бастаймыз. Ауыз қуысының құрылымын талдау.

Оқушыларды 2 топқа бөлу: 1-топқа тапсырма: 1. Асқорыту мүшелерінің орналасу реттілігін дұрыс табу 2. Ұғымдардың мағынасын жазу

2-топқа тапсырма:Асқорыту жолдарының суретін талдау.Тістің құрылысын жіктелуін талдау.

«Білім биржасы» ойыны. Сыныптағы оқушыларды топқа бөлемін. Тақтаға түсті конверттер ілінеді. Әр конверттің ішіне деңгейлік сұрақтар салынған. Сұрақтарға берілген жауаптары толық болмаса үшбұрыш, дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап төртбұрыш, дұрыс негізделген жауап бесбұрыштар беріледі.

І деңгей сұрақтары.

1. Ересек адамның тісінің саны қанша? (32)

2. Үстіңгі жақ сүйекте неше күрек тіс бар? (4)

3. Астыңғы жақ сүйекте неше ит тістер болады? (2)

4. Астыңғы жақ сүйекте неше кіші азу тістер болады? (4)

5. Астыңғы жақ сүйекте неше үлкен азу тістер болады? (6)

6. «Баланың тісі жетіде түседі» деген нақыл сөз нені аңғартады? (6-7 жастан бастап сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер шығады)

7. Үстіңгі жақ сүйектегі үлкен азу тістердің неше түбірі болады? (3

8. Тістің құрылыс қандай ? (қаптамасы, мойыны, түбірі)

9. Тістің сүйекке ұқсас тығыз затын не дейді ? (дентин)

10. Сілекей бездерінің қандай түрлері бар? (2 шықшыт, 2 тіл асты, 2 жақ асты)

ІІ деңгей сұрақтары.

1. Тіс қаптамасы немен қапталған? (жылтыр кіреукемен немесе эмальмен)

2. Шайнау дегеніміз не? (тағамды механикалық өңдеу)

3. Шайнау қандай әрекет? (рефлекстік)

4. Тістің түбір аймағы немен жабылған? ( цементпен)

5. Эмаль қандай қызмет атқарады? (тісті үйкеленуден сақтайды, бактериялардың енуінен сақтайды)

6. Шықшыт безінің өзегі қай жерге ашылады? (ұрттың сілемейлі қабығына)

7. Жақ асты және тіл асты бездерінің өзегі қай жерге ашылады? (тіл астына)

8. Жануарлардың сілекей бездерінің қызметін кім зерттеген? (И.П.Павлов)

9. Сілекей дегеніміз не және құрамы қандай? (тұтқыр, түссіз сұйықтық және 98-99% су, 1% органикалық және бейорганикалық заттар )

10. Ас қорыту процесінде шайнау қандай рөл атқарады? (ас ұнтақталады,

майдаланады, сілемеймен дымданады, ас түйіртпегін қалыптастырады)

  1. топқа:

Pisa тапсырмалары: Сілекейде екі фермент: крахмалды мальтозаға дейін ыдырататын птиалин/амилаза/ және дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдырататын мальтаза бар. Сілекей ферменттерінің белсенділігі жоғары болғанымен ауыз қуысында крахмал толық ыдырамайды. Келесі сұрақтарға жауап бер.

  1. Ауыз қуысында ас аз ғана уақыт болады иә/жоқ

  2. Крахмал ыдырамай қанға сіңіріле алады. иә/жоқ

  3. Сілекей ферменттері сілтілік ортада, ал асқазан қышқылдық орта иә/жоқ

2-топқа:

  1. Күшікті тек сүтпен қоректендіреді. Егер оған етті көрсетсе, онда сілекей бөліне ме?Түсіндір.

А. Сілекей бөлінбейді, себебі күшікте ет жеуге рефлекс қалыптаспаған.

В. Сілекей бөлінеді, себебі күшік иттің ұрпағы, ал иттің жабайы тегі-қасқыр

С. Сілекей бөлінеді,себебі жануарларда тағамға деген шартсыз рефлекс қалыптасқан.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Ауыз қуысында астың қорытылу схемасын сызу. 2 топ сызып қорғайды.

ІҮ. Жаңа тақырыпты оқу.

  1. Слайдтағы сурет бойынша жаңа сабақты хабарлау, жаңа сабақ меңгеру кезеңі.

  2. «Адам моделі» бойынша асқазан, бауырды орналастыру.

2.Асқазан туралы бейнероликтен мағлұмат алу

3.Оқушылар «Тыңдап отырған үштік» әдісі бойынша оқулық мәтінімен танысады. 1-шешен түсіндіреді. 2-тілші пікірін айтып толықтырады, 3- хатшы жазып түртіп отырады.1-топқа тапсырма: қарын сөлі бойынша -1 абзац. 2-топқа тапсырма: қарын сөлі бойынша -2 абзац

Талдап болған соң: 1-топқа тапсырма: бауыр бойынша 1-абзац 2-топқа тапсырма: бауыр бойынша 2-абзац

Ү. Өтілген тақырып бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау

Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жалпы сұхбат.

  1. Ауыз қуысына тамақ түскен кезде асқазан сөлі бөліне бастайды. Шартты -шартсыз рефлекс

  2. Тамақ ішуге дайындалу, тағам туралы әңгіме, оның иісі мен түрі ферменттерге бай, қышқыл асқазан сөлінің бөлінуіне әсер етеді. Шартты -шартсыз рефлекс

  3. Pisa тапсырмалары: Ауру адамның бір мүшесін алып тастағанда, оның зәрінен қант табылған. Егер сау адамның асқорыту жолына баратын осы мүшенің өзегін уақытша бітегенде, асқорыту бұзылған, бірақ зәрдің құрамында өзгеріс болмаған. Сұрақ: Әңгіме адамның қай мүшесі туралы?

ҮІ. Рефлексия. «Менің қоржыным» Осы сабақтан не алып қоржыныңа не салып әкетіп барасың?

ҮІІ.Бағалау.бес бұрыш, төрт бұрыш, үшбұрыштарды санау

1-тапсырма

2- тапсырма Деңгейлік сұрақтар

3-тапсырма

Pisa тапсырмалары

Схема сызу.

Бекіту тапсырмалары

Бес бұрыш, төрт бұрыш, үшбұрыштарды санау


Қорытынды бағасын шығару.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: §47, реферат: 1-қабілетті оқушыға: күрделі рефлекстік сөл бөліну. 2-қабілетті оқушыға:нейрогуморальдық реттелу





© 2010-2022