Биология 8 класс Анализаторлар

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: _________

Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері және олардың маңызы. Көздің құрылысы мен қызметі.

Сабақтың мақсаты: Анализатор ұғымының мағынасын ашу, анализаторлардың өзара әрекетін қарастыру, көру анализаторының және көздің өткірлігін сақтау үшін оның гигиенасын сақтау қаншалықты маңызды екенін көреді.

1.Білімділік: оқушыларға анализаторлардың, соның ішінде көздің құрылысы мен қызметі, оның бөліктері, көздің қоршаған әлемді қабылдау ерекшеліктері мен көру гигиенасы туралы білім алады.

2.Тәрбиелік: өзінің денсаулығына дұрыс қарауды, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиеленеді.

3.Дамытушылық: оқушылардың негізгі ұғымдарды бөліп қарастыру, салыстыру біліктіліктерін дамыту; оқыту барысында өз бетінше жұмыс істеуді қалыптастырады.

Сабақ типі: аралас сипатта

Көрнекіліктер: көру, есту, иіс сезу және дәм сезу анализаторлары» көрнекі кестелері, көздің үлгісі, электронды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша білімді өзектеу.

Жүйке ж/ң сомалық және вегетативті бөлімдерінің ерекшеліктерін салыстырыңдар.


Салыстыру көрсеткіштері

Сомалық бөлім

Вегетативті бөлім

Орталық және шеткі бөлімдерінің болуы

Жүйкелендіретін мүшелермен байланысы (тікелей не түйіндер арқылы)

Осы бөлімдер жүйкелендіретін мүшелер

Қызметтері

Еріктілік

Сәйкестігін табыңдар:

1. Сомалық ж.ж. 2. Вегетативті ж.ж. 3. Парасимпатикалық ж.ж. 4.Симпатикалық. 5.ОЖЖ

А.Ақ және сұр заттан тұрады.

Ә.Тізе және басқа да қозғалыс реф/н жүзеге асырады.

Б.Қаңқа б.еттерінің ерікті қимыл-қозғалысын жүзеге асырады.

Г.Ішектің еріксіз қимылын жүзеге асырады.

Ғ.Қанайналымды реттейді.

Д. «Автономды жүйке жүйесі» деп те аталады.

Е.Бозартады (қорыққан жағдайда терідегі қан тамырларының тарылу рефлексі).

Ж.Жүрек қызметінің еріксіз күшеюін тудырады.

З.Вегетативті ж.ж/не жатады.

IІІ.Жаңа материалды оқып-білу.

Сезім мүшелері және олардың маңызы. Сезіну - қоршаған әлем мен ішкі ортаның заттарының және құбылыстарының мүшелерге әсер ететін қасиеттерінің тікелей көрінуі.

Анализаторлар - үлкен ми сыңарлары қыртысындағы сәйкес аймақтардан және өткізгіш жолдарынан тарайтын белгілі бір рецепторлардан тұратын бірегей жүйе. Мысалы, иіс сезу анализаторы рецепторларынан, и.с.жүйкелерінен және үлкен ми сыңарларындағы иіс сезу аймағынан тұрады. Өмірде шынайы тұрғыда бар заттар мен қоршаған әлемді құбылыстар сезім мүшелеріне әсер етеді. Мүшелерде п.б.жүйке имп/рі ж.талшықтарының бойымен ү.ми с/ғы қыртыстың белгілі бір аймағына жетеді де, сезінуді немесе түйсік тудырады.

Көз - көру анализаторының шеткі бөлігі. Рецепторлардан, қосымша бөліктерден тұрады, олар тітіркендіргіштің белгілі бір түрін қабылдап, оны күшейтуге әсер етеді және қорғаныш қызметін атқарады.

Көз - адам организміндегі ең қозғалғыш мүше болып табылады. Ол үнемі қимыл үстінде болады. Көздің әртүрлі қимыл-қозғалыстарын, яғни оңға-солға, жоғары-төмен қозғалуын көз бұлшық еттері қамтамсыз етеді. Көз бұлшық еттерінің саны - 6.

  1. Көрудің маңызы, көздің және оның бөліктерінің құрылысы.

  2. Құрылысы мен қызметінің арасындағы өзара байланыс.

  3. Оқулық мәтінімен, суреттерімен, көздің үлгілерімен, кестелермен жұмыс.

  4. Кестені толтыру.

    Көру мүшесінің құрамдас бөліктері

    Құрылысы

    Қызметі


  5. Кесте бойынша «Көздің жітілігін анықтау» зертханалық жұмысы.

  6. Көру тітіркендіргіштерін қабылдау механизмі. Көру қызметінің бұзылуы (Мұғалімнің баяндауымен қатар сұхбаттасу, «Ойланып, жауап беріңдер» бөлімінің тапсырмаларын орындау).

  7. Көру қызметінің гигиенасы. Көру мүшесінің жарақаттануы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. (Мұғалімнің немесе мектеп дәрігерінің баяндауы).

ІV. Бекіту кезеңі. «Көру анализаторы» кестесін пайдалана отырып, анализаторлар туралы білімді бекіту. Сұрақ:

  1. Көру анализаторының басқа рефлекстерден айырмашылығы неде?

  2. Көз қандай жағдайда тезірек талады - көзге жақын орналасқан ұсақ заттарды қарағанда ма, әлде қашық орналасқан ірі затқа қараған кезде ме?

  3. Неліктен жұмыс орнына жарық жақсы түсіп тұруы қажет? Қарайтын затқа жарық қалай, қай жақтан түскені дұрыс?

  4. Теледидарды көруга қатысты қандай ережелер бар?

V. Үй тапсырмасы. §19-20. Параграф материалдарын оқу, сұрақтарға жауап беру.


© 2010-2022