Как ухаживать за домашними цветами

8 простых правил, как правильно ухаживать за комнатными растениямиВесной цветы требуют обновления земли: молодые растения нуждаются в пересадке ежегодно, а взрослые – раз в два-три года в более вместительный горшок. Вот 8 простых правил, как правильно сделать эту непростую процедуру и как после нее ухаживать за комнатными растениями.Как пересаживать комнатные растения1. Первое, что я делаю при пересадке своих любимых растений – выбираю горшок. Сейчас много пластиковых разноцветных дешевых горшко...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күтімді қажет етпейтін өсімдіктер

Өсімдіктер де тіршілік иесі. Олар да өзін жақсы көргенді сезеді. Көңіл-күйіңе байланысты өсіп, жетіледі. Кейде бір нәрсені уайымдасаң, солып қалады. Олармен өзара сыр шертісіп, әңгімелессең, жайқала түседі. Дегенмен, гүл өсіруді жаңадан бастаған адамдар алдымен ерекше күтімді қажет етпейтін өсімдіктерді еккені жөн.

Аспидастра. Бұл өсімдік тек қана ыстық күн мен дымқылдылықты ұнатпайды. Оның үстіне, аспидастра қайта отырғызуды ауыр көтереді, сондықтан мұны жылына екі-үш рет қана жасаған жеткілікті.

Как ухаживать за домашними цветами

Традесканция әрқашан балалық шақты еске түсіреді. Қыста бұл өсімдік салқын бөлмеге керемет үйлеседі. Дегенмен, оған жеткілікті жарық түсіп тұруы қажет. Ал суға келсек, традесканция оны өте үнемдеп жұмсайды.

Как ухаживать за домашними цветами

Ал Амазонка тропикалық ормандарынан келген лиана немесе монстер ылғалдылығы жоғары жылы және қараңғы бөлмелерде жақсы өседі. Дегенмен, жарық көп түсетін жерде оның жапырақтары әдемі болып өседі.

Как ухаживать за домашними цветами

Хлорофитум бөлмедегі ауаны жақсы тазартады. Ол жарықта да, көлеңкеде де жақсы өседі. Тамырында судың ұзақ сақталуының арқасында, ол тұрақсыз суаруды жақсы көтереді.

Как ухаживать за домашними цветами

Тағы бір суккулентті өсімдік, халық арасында маймыл не ақша ағашы деп аталып кеткен жасаңшөп (толстянка) те төзімді және күй таңдамайды. Оның жапырақтары қалың және сабағы қатты, ағаш тәрізді. Оның күтімі өте қарапайым. Қыста ол үшін 6-10С температура жеткілікті. Сәйкесінше, судың да қажеттілігі азаяды. Бұл өсімдікке құрғақ ауаның зияны болмайды. Жазда да олардың күтімі қиындамайды, олар таза ауада жақсы өсе береді.

Как ухаживать за домашними цветами

Сіздің терезе алды тақтайыңызға каланхоэ өте жағымды қонақ болып табылады. Бұл төзімді өсімдіктің түрлі түсті ашық гүлдері оған ерекше көркемдік береді. Оның күтімі де қарапайым. Оған қыста салқындық, жыл бойы қажетті мөлшерде су, және жеткілікті жарық қажет.

Как ухаживать за домашними цветами

Таза ауамен тыныстағыңыз келсе...

Бөлме гүлдерін таңдарда олардың тек әдемілігіне ғана емес, сонымен қатар үйдің ауасын тазартудағы маңызына да назар аударған жөн. Ауаны шаңнан, микробтар мен токсиндерден тазартатын, жихаздардан бөлінетін формальдегид, фенол сияқты улы заттарға, жылу құбырлары мен көгілдір газдан шығатын ксиллен, трихлорэтилен, бензол тәрізді денсаулыққа зиянды газ бен ауыр металдарға қарсы қауқары бар гүлдерді өсірген абзал. Барлық гүлдерде осы қасиет белгілі бір дәрежеде болады.

Біз сіздерге күтімі жеңіл әрі жоғары дәрежеде бөлменің ауасын тазартатын бес түрлі бөлме гүлін өсіруге кеңес береміз.

1. Хлорофитум - бөлменің ауасын тазартуда ең басты орын алатын ғажайып гүл. Ол оттегі, фитонцид бөлуімен бірге, ауадағы зиянды бактериаларды жояды. 10-12 шаршы метрлік ас бөлмесінде газ окисі мен жағымсыз иістерді керемет деген ауа тазалағыш құралдардан жақсы әрі тиімді тазалайды. Антибактериялық қасиеттері жоғары болғандығынан болар, хлорофитум ешқашан зиянкестермен зақымданып ауырмайды. Күтімі, көбейтілуі өте жеңіл. Хлорофитум бізге осындай пайдалы қызмет жасауы үшін, жапырақтарына күнделікті су бүркіп ылғалдандырып әрі шаңнан тазартып тұру керек. Суды топырағын кептіріңкіреп барып, молынан суғару керек. Алакөлеңкеде өседі. Мұртшаларының ұшындағы балапандарын ылғалды топыраққа батырыңқырап қадап қойса, тез тамырланып кетеді.

Как ухаживать за домашними цветами

2.Фикус. Фитонцидтік қабілеті өте жоғары. Ауаны токсиндерден жақсы тазартады, сондықтан да оны ас бөлмеге немесе терезесі автокөліктер көп жүретін жол жаққа қараған бөлмеге қойған дұрыс. Жапырақтары ауадағы зиянды заттарды, шаңды бойына сіңіріп алуымен бірге бөлмені ылғалдандыра алатындығымен ерекше бағалы. Ол бізге жақсы қызмет етуі үшін күнделікті су бүркіп немесе жұмсақ матамен жуып, сүртіп жапырақтарын таза ұстау керек. Үлкен, жылтыр, жалпақ жапырақтары еш қиындықсыз жуып, сүрткенге ыңғайлы. Күннің көзі тік түспейтін жарық немесе алакөлеңке жерде жақсы өседі. Суды топырағын кептіріңкіретіп барып, молынан суғару керек. Қыста күнделікті су бүркіп тұрған жағдайда, айына бір рет суғарса жетеді.

Как ухаживать за домашними цветами

3. Қазтамақты жатын бөлмеге орналастырған жөн. Одан бөлініп шығатын пайдалы қоспалар мазасыздықты жеңуге көмектеседі. Ауаны стафилококк, стрептококк бактерияларынан залалсыздандырады. Оны тексеру үшін ғалымдар стафилококк бактериясының 1-2 тамшысын қазтмақтың жапырағына тамызғанда, үш сағатта бактериялар өліп қалған. Сонымен қатар шыбын-шіркейлер қазтамақ бар жерден қашады. Бөлмені жаман иістерден тазартады. Сондықтан ас бөлмеге де қазтамақтың пайдасы зор. Күтімі жеңіл. Жарықсүйгіш. Жазда молынан, қыста суғаруды азайтады. Күшті бактерицидтік қасиетінің арқасында, аурулар мен зиянкестерге ұшырамайды.

Как ухаживать за домашними цветами

4. Дәмжапырақ мәңгіжасыл бұталы өсімдік. Жапырағының құрамындағы эфир майының иісі адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болуына әсер етеді. Дәмжапырақтың антисептік, бактерицидтік, вирусқа қарсы қасиеттері инфекциялы тыныс ауруларына қарсы көмектеседі. Тәбет ашатын қасиеті үшін, жапырақтарын тағамға қосады. Күтімі жеңіл, шыдамды, ауруларға шалдыға бермейді. Ағаш секілді үлкен болып кететіндіктен, сабақтарын кесіп, бойының биіктігін белгілі бір қалыпта ұстап тұруға болады.

Как ухаживать за домашними цветами

5. Жүзжылдық. Түнде оттегін бөліп, көмірқышқыл газын сіңіреді, сондықтан оны жатын бөлмеге орналастырған абзал. Ауадағы зиянды бактерияларды жүзжылдық бөлетін фитонцидтер, сарымсақтың бөлетін фитонцидтерінен қарағанда тезірек жойып, бөлме атмосферасын тез арада залалсыздандырады. Шырынында бактерицидтік қасиет жоғары болғандықтан, медицинада үлкен қолданыста. Күтімі өте жеңіл. Суккулентке жататындықтан, артық суғарғаннан шіріп кету қаупі бар.

Как ухаживать за домашними цветами





Как ухаживать за домашними цветами

Как ухаживать за домашними цветами

Как ухаживать за домашними цветами



© 2010-2022