«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны

Күні: 28.11.2014 жХимия және биология пәндері бойынша«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыныИнтеллектуалдық ойынның мақсаты:Білімділік: -Оқушылардың биология және химия пәндерінен өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау,толықтыру және бекіту. - Оқушылардың білімдерін жүйелеу оны өмірде қолдана білуге үйрету және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Дамытушылық:-Оқушылардың ойлау, есте ұстау қабілеттерін дамыту,ұтымды ой қорыта білуге,шешендікке үйрету,ұйымшылдық пен ынтымақтастықты ныға...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 28.11.2014 ж

Химия және биология пәндері бойынша

«Брейн - ринг» интеллектуальдық ойыны

Интеллектуалдық ойынның мақсаты:

Білімділік:

-Оқушылардың биология және химия пәндерінен өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау,толықтыру және бекіту.
- Оқушылардың білімдерін жүйелеу оны өмірде қолдана білуге үйрету және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық:

-Оқушылардың ойлау, есте ұстау қабілеттерін дамыту,ұтымды ой қорыта білуге,шешендікке үйрету,ұйымшылдық пен ынтымақтастықты нығайту.
Тәрбиелік:

-Оқушыларды зеректікке,өзінің мүмкіншілігіне сене білуге,басқалардың пікірін сыйлап,топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу, тұрмыстық заттарды біліп жүруге үйрету.
Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: компьютерді, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, топпен жұмыс жүргізу.
Пәнаралық байланыс: информатика,химия, математика, тіл сабағы.

Интеллектуалдық ойын сабағының жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі:

а)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
б)психологиялық дайындық.

Ойынның тақырыбы мен мақсатын таныстыру (слайд арқылы).

2.Негізгі кезең:
Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Химия,биология ғылымы жайында

«Брейн-ринг» танымдық ойынын бастаймыз!

Бүгінгі интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - дегендей, бүгінгі сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсыңдар демекпіз.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып алайық:

1. -------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.--------------------------------------------------------------------------------------------------------

3.--------------------------------------------------------------------------------------------------------

4.--------------------------------------------------------------------------------------------------------

5.--------------------------------------------------------------------------------------------------------

Жүргізуші: Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, -ендігі кезек оқушыларда. (Әр топ өз аты және ұранымен таныстырады).

Жүргізуші:

Жақсылық адамдардың тілегі екен
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған
Жобасын сайыскерлер біле ме екен?-

Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық.

Ойынымыз 5 бөлімнен тұрады:

  1. «Зерде » бөлімінде биология және химия пәндерінен сұрақтарға жауап алынады.

  2. «Білгірлер сайысы» бөлімінде тәжірибелік есептер шығару және практикалық жұмыстар көрсетіледі.

  3. «Ойлан тап» бөлімінде топтар кесте бойынша берілген тақырыптарға байланысты 10, 20, 30, 40 ұпайлық ұяшықтар таңдайды.

  4. «Ұлы тұлғалар» бөлімінде берілген тұлғаның өмірі мен ашқан жаңалығы туралы сипаттама береді.

  5. «Жорға» бөлімінде топ жетекшісі берілген уақыт аралығында сұрақтарға жауап береді.

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие,тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға,сол алда.

Кәнекей сайыскерлер, осы уақытқа дейін биология және химия пәндерінен алған білімдеріңізді көрсетіп,ортаға салыңыздар.

І - кезең. «Зерде»
Бұл кезең бойынша сіздерге биология және химия пәндерінен сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға алғыр да тапқырлықпен жауап беру керек. Әр дұрыс жауап үшін топқа « 5 » ұпайдан қосылады.

  1. Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: хлорофилл

  2. Адамның қол сүйектері: тоқпан, кәрі жілік ,алақан

  3. Сыртқы ұрық жапырақшасы эктодерма

  4. Қазақстанда «Қызыл кітаптың» үшінші басылымы қай жылы жарыққа шықты? 1996

  5. Бүйрек үсті безінен бөлінетін гармон адреналин

  6. Ақуыз қайда синтезделеді? рибосомада

  7. 9 сынып биология оқулығының авторлары кімдер? М.Гильманов, А.Соловьева, Л.Әбшенова

  8. Мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеген ғалым: Н.И.Вавилов

  9. Атомның планетарлық моделін ұсынған ғалым Резерфорд

  10. Металдардың бұзылуы коррозия

  11. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті аллотропия

  12. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады? Силикаттар

  13. Қазақстанның қазба байлықтарының картасын жасаған кім? Қ.Сәтбаев

  14. Ауа құрамында оттектің мөлшері 21%

  15. Ең ауыр металл осмий

  16. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл йод

  17. Туберкулез ауруын тудыратын бактерия кох таяқшасы

  18. Арқа омыртқаларының саны: 12

  19. РНҚ-ның құрамына кіретін көмірсу түрі: рибоза

  20. Қан қысымын өлшейтін құрал: тонометр

  21. Саңырауқұлақтарда не болмайды? пластид

  22. Қан ұйымайтын ауру: гемофилия

  23. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі: нефрон

  24. Электр тогын өткізетін қышқыл, тұздар ерітінділері қалай аталады?

Электролиттер

Жүргізуші: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын, - дегендей,

ІІ - кезең. «Білгірлер сайысы» бөліміне кезек береміз. Мұнда тәжірибелік есептер шығару және практикалық жұмыстар жазбаша орындалады (барлық топқа 5 минут уақыт беріледі).

Тапсырмалар:

Топтың №------- мектебі: --------------------------------------

Биология пәні бойынша

Органикалық зат және оның қызметі арасындағы сәйкестікті орнатыңыз.

(әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан, барлығы 5 ұпай)

  1. Саңырауқұлақтардың жасушалық қабырғасының компоненті А. Крахмал

  2. Өсімдіктердің жасушалық қабырғасының компоненті Б. Гликоген

  3. Бактериялардың жасушалық қабырғасының компоненті В. Целлюлоза

  4. Өсімдіктердің қосымша полисахариді Г. Муреин

  5. Саңырауқұлақтардың қосымша полисахариді Д. Хитин

1- Д , 2- В , 3- Г , 4- А , 5- Б .

Химия пәні бойынша

Реакция теңдеулерін жазыңыздар. (әрбір дұрыс теңдеуге 1 ұпайдан, барлығы 5 ұпай)

С«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыныu CuО CuCl2 Cu (OH)2 CuO CuSO4

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір кеш болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.
ІІІ - кезең. «Ойлан тап». Бұл бөлімде топтар кесте бойынша берілген тақырыптарға байланысты 10, 20, 30, 40 ұпайлық ұяшықтар таңдайды.

(ұпайы аз топ бастайды. Жауап бере алмаса басқа топтардың жауап беру мүмкіндігі бар)

Өсімдіктер әлемі:

10-ұпайлық сұрақ: Өсімдіктерді зерттейтін ғылым. Ботаника

20-ұпайлық сұрақ: Қант, спирт, бояу, лакмус алуға қолданылатын өсімдік қына

30-ұпайлық сұрақ: берілген суреттен гүлдің құрылысын атаңыз

«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны1-гүлсағақ, 2-гүлтабан,3-гүлсерік,4-тостағанша, 5-күлте, 6-аталық (а-тозаңқап, б-жіпше),7-гүланалық (в-аналық аузы, г-мойны,д-жатыны).




40-ұпайлық сұрақ: ....не... .неден...... шығады, дана - көптен шығады. Мақалды толықтырыңыз ( дәрі шөптен шығады)

Жануарлар дүниесі:

10-ұпайлық сұрақ: Қанның иісін 0,5 шақырымнан сезетін балық акула

20-ұпайлық сұрақ: Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым герпеталогия

30-ұпайлық сұрақ: Жануарлар мен өсімдіктердің аралық формасы жасыл эвглена

40-ұпайлық сұрақ: Бұл жәндікқоректілердің тіршілігі сумен тығыз байланысты ұзынша тұмсығы бар аң. Аяқтары қысқа, саусақтарының арасында терілі жүзу жарғағы болады. Денесінің ұзындығы 18-21 см, ал құйрығының ұзындығы 17-21 см. Танау тесіктері тұмсығының ұшында орналасқан. Құлақ қалқаны болмайды, құлағын терілі қатпар жауып тұрады. Ол Қазақстанда тек жайық өзенінің арнасында кездеседі. Жұпартышқан

«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны


Химия өндірісте:

10-ұпайлық сұрақ: Медицинада сүйек сынғанда таңууға пайдаланылатын

қосылыс. Гипс

20-ұпайлық сұрақ: Қандай галоген жетіспесе, тісте қанқұрт пайда болады?

Фтор

30-ұпайлық сұрақ: Аммиактың судағы 4-6 пайыз ерітіндісін не деп атайды?

Мүсәтір спирті

40-ұпайлық сұрақ: Жүрек тамырларының тарылуын азайтатын жарылғыш зат.

Нитроглицерин

Жүргізуші: Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай шешу жолын табыңдар. - дегендей, келесі

ІV-кезең. «Ұлы тұлғалар» бөліміне де келіп жеттік. Берілген ұяшықтарды таңдайсыздар.Онда берілген тұлғаның кім екенін тауып, өмірі мен ашқан жаңалығы туралы сипаттама беріңіздер.

«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны

Николай Иванович Вавилов. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын ашқан(7 орталық бар)

«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны

Мендель Грегор Иоганн (22.7.1822, Австрия-Венгрия, Хейнцендорф - 1884, қазіргі Словакия, Брно) - белгілі табиғат зерттеуші, тұқым қуалау заңдылықтарын алғаш ашқан ғалым, генетиканың негізін салушы.

Мендель бұршақ өсімдігіне ұзақ уақыт бойы (1856 - 1865) жүргізген зерттеу тәжірибелерінің нәтижесінде Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер деген еңбегін жариялады. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашты. Кейін бұл Мендель заңдары деп аталды.

«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыныГиппократ (Ἱπποκράτης) - ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған.

Дәрігер - табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды.

«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыныДмитрий Иванович Менделеев - орыс химигі. Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876). 1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген. Санкт-Петербург Бас педагогикалық институтын бітірген (1855). Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты жалпы химия, химиялық технология,физика, экономика, ауыл шаруашылығы, метрология, т.б. салаларға арналған. Ол изомерия құбылысын зерттеп (1854 - 56), сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал - ареометр құрастырды (1859). "Органикалық химия" деген алғаш орыс тілінде оқулық шығарды (1861). Сұйықтардың қайнауының абсолют температурасын (1860), гидраттық теорияны (1865 - 87), жаратылыстың негізгі заңдарының бірі - периодтық заңды ашты (1869). Сонымен қатар молекуланың массасын табудың Клапейрон - Менделеев теңдеулеріншығарды. Мұнайдың ауыр металдар карбидтерінен түзілу гипотезасын (1877), көмірді жер астында газға айналдыру идеясын (1880) ұсынды. Менделеев 1907 ж. 20-қаңтарда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Менделеевтің құрметіне жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент менделевий аталды.



Ломоносов Михаил Васильевич (1711-1765 гг.)

«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны1711 ж. қарашаның 19 - 1765 ж. сәуірдің 15 (53 жаста)

Ломоносовтың шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерт- теулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды.

М.В. Ломоносов химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңының (1756 ж.) жалпы негіздік сипатына назар аударды;

(1741-1750 ж.) өзінің корпускулалық (атом-молекулалық) ілімінің негізін жариялады, ол тек 100 жылдан кейін ғана дамыды;

Қаныш Сәтпаев«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны

31 наурыз (12 сәуір) 1899, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы, 31 қаңтар 1964 (64 жас) қайтыс болған. Жезқазған кен орнын ашуы, Металлогения ғылыми мектебінің негізін қалаушы, Қазақ ҒА негізін қалаушы және оның тұңғыш Президенті

Жүргізуші: Саналы ұрпақ санасын саралайтын,

Біліммен даналығын даралайтын,

Ғылымның сан-санасын оймен әрлеп,

Жаңалықты кең шалып бағалайтын - деп,

V-кезең. «Жорға» бөлімінде топ басшылар сайысын тамашалайық.

№1 оқушыға

1. Саңырауқұлақтардың ағаш тамырымен селбесуі: Микориза
2. Тыныс алуға қажетті газ оттек
3. Дизентерия ауруын тарататын: Шыбын, тарақан
4. Ең жеңіл элемент сутек
5. Жануарлар жасушасында болатын қабықша: хитин

6. Сілтілік металл натрий

7. Өрік өсімдігінің тұқымдасы: Раушангүлділер тұқымдас

8. Химиялық индикатор лакмус

9. Құстың тісінің қызметін атқаратын мүше: Етті қарын

10.Күкірт қышқылының формуласы Н2 SO4

11. Денесінде бақалшағы бар біржасушалы қарапайым жәндік: Арцелла

12. Тұз тудырушылар галогендер
13. Балдырдың өсімді бөлігі: Таллом

14. Периодтық жүйені жасаған кім? Менделеев

15. Жасушаның көбеюіне қатысады: Ядро
16. Элемент атомының ядро құрамы протон, нейтрон

17. Жіп тәрізді көп жасушалы балдыр: Спирогира

18. Периодтық жүйеде неше элемент бар? 109

19. Қарапайымдыларды кім ашты? А. Левенгук

20. Алтынның грекше атауы аурум

№2 оқушыға

1. Лейкопластардың қызметі: Қор затын жинауға қатысу

2.Темекі құрамындағы қышқыл никотин

3. Жануарлар ағзасындағы ұлпалар саны: 4

4.Пышақпен кесуге болатын металдар натрий, кальций

5. Қанның құрамына кіретін ақ түсті жасушалар: Лейкоциттер

6. Бөлінбейтін ең ұсақ бөлшектер атомдар

7. Адамның қол сүйектері: Тоқпан жілік, кәрі жілік, саусақ

8. Мыстың латынша атауы купрум

9. Адамдағы сүйек саны 200-ден астам

10. Ұйқы безі қандай гормон бөледі? инсулин

11. Биология ғылымы зерттейді: Тірі ағзаны

12. Ең жеңіл металл литий

13. Тері ауруларын зерттейтін ғылым: Дерматология

14. Натрий неше валентті? 1

15. Г.Мендельдің екінші заңы: ажырау

16. Бактерияларды өлтіретін галоген хлор

17. Бұлшықет сүйекке не арқылы байланысады: Сіңір

18. Иод тапшылықтан болатын ауру түрі: зоб

19. Қанның ұюына қатысады: Тромбоциттер

20. Дені сау адамның асқазанындағы қышқыл Тұз қышқылы

Жүргізуші: Жастарына сынға түсіп келген бүгін,

Ақылмен білімдерін теңдер бүгін.

Әділ-қазы алқасына сөз берейік,

Жеті өлшеп,әділдікпен бір кесетін.

Сөз кезегі әділ-қазылар алқасы өздеріңізде.

Жүргізуші: Химия және биология болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлемге жаңалығын тастайды.
Бүгінгі көріп тамашалаған интелектуальды ойынымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!









Тапсырмалар:

Топтың №------- мектебі: --------------------------------------

Биология пәні бойынша

Органикалық зат және оның қызметі арасындағы сәйкестікті орнатыңыз.

(әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан, барлығы 5 ұпай)


  1. Саңырауқұлақтардың жасушалық қабырғасының компоненті А. Крахмал

  2. Өсімдіктердің жасушалық қабырғасының компоненті Б. Гликоген

  3. Бактериялардың жасушалық қабырғасының компоненті В. Целлюлоза

  4. Өсімдіктердің қосымша полисахариді Г. Муреин

  5. Саңырауқұлақтардың қосымша полисахариді Д. Хитин

1- Д , 2- В , 3- Г , 4- А , 5- Б .

Химия пәні бойынша

Реакция теңдеулерін жазыңыздар. (әрбір дұрыс теңдеуге 1 ұпайдан, барлығы 5 ұпай)

С«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыныu CuО CuCl2 Cu (OH)2 CuO CuSO4

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------





© 2010-2022