Урок по биологий на тему Өзеншаянының құрылысы және тіршілігі (7 класс)

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Өзеншаянының құрылысының ерекшеліктері. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбейуі.

Білімділік: Оқушыларға өзен шаяны, тіршілік ортасы, көректенуі, тыныс алуы, көбеюі туралы жалпы ұғым беру.

Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу,білім-біліктілігін дамыта отырып, оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастырып, логикалық ойлау, биологиялық тілмен сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Саяхат сабақ

Әдісі: Сызбанұсқа , түсіндіру, жұптық т.б.

Көрнекілігі: Шаяндардың құрылысының суреті, слайд, сөзжұмбақ т.б.

Пәнаралық байланыс: география , технология

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Жоспармен таныстыру.

Саяхаттап жүрген шаяндардың бір баласы адасып қалады. Адасқан шаян баласына көмек көрсету арқылы өз отбасына жеткізу.

Ол үшін біз шаян баласына көмек көрсету үшін қандай жолдармен өтетінімізді картадан көріп алайық

А. «Бунаяқтылар типі» аялдамасы

Сұрақ -жауап.

  1. Неліктен буынаяқтылар деп аталады?

  2. Буынаяқтылардың түрлерін атаңдар?

  3. Буынаяқтылар неше класқа жіктеледі?

  4. Буынаяқтылардың құрылыс ерекшелігі қандай?

  5. Буынаяқтылар немен тыныс алады?

  6. Буынаяқтылар қалай көбейеді?

  7. Буынаяқтылардың былқылдақ денелілерден қандай айырмашылығы бар?

  8. Хитин деген не?

Ә) «Сандар» аялдамасы. Берілген сандарға анықтама беру.

1000000, 3, 4, 80

Б) «Құрлысшылар» аялдамасы.

  1. Өзеншаянының құрылыс ерекшелігне тоқталу. Дене бөліктері айқын білінбейді.

  2. Желбезек арқылы тыныс алады.

  3. Теңізде, мұхитта, тұщысулы су қоймаларында мекендейді.

  4. 25-30 мыңға жуық түрі бар.

  5. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан басындағы екі жұп мұрты, желбезек арқылы тынысалуы және жұмыртқадан дамуы арқылы ерекшеленеді.

Шаяндардың денесі 2 бөліктен құралады. Баскөкірек және құрсақ.

Қоректенуі: 3 жұп жақ аяқтарымен қармап, жақтарымен ұсақтайды.

Ауыз - жұтқыншақ - өңеш - күйіс қарын - сүзгіш қарын- ішек аналь тесігі.

Тыныс алуы: Желбезектер арқылы тыныс алады.

Шаянның сезім мүшелері күшті дамыған.

Шаян тәрізділер жұмыртқа арқылы көбейеді.

Өзен шаяны дара жынысты жәндік.

Қан айналымы: Тұйықталмаған ашық жүйелі.

Зәр шығаруы: Қосалқы бездер және мальпиги түтікшелері.

В) «Менің туыстарым» менің туысыма жатпайтын жәндікті тауып сызып тастауымыз керек.

1.Сүлік, өзен шаяны, дафния, асшаяны.

2.Таңқышаян, циклоп, қырықаяқ, каракатица

3. Басқатырғы. Егер басқатырғыны дұрыс шешсеңдер менің туыстарымның аты шығады.

Г) «Менің үйім» Сөз жұмбақты дұрыс шешсеңдер шаян баласы әкесімен қауышады.

Үйге тапсырма:§46 оқуға. Өзен шаянының құрылысы тіршілігі, көбеюі


© 2010-2022