Организмдердің жеке дамуы (10 сынып)

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Организмдердің жеке дамуы.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылар организмнің жеке дамуы кезінде болатын биологиялық ерекшеліктермен танысады.

2.Организмнің даму кезіндегі бөлшектену, гаструляция, органогенез, постэмбрионды даму кезеңдегі ерекшеліктерді сипаттай білуге білім, білік дағдыларын қалыптастырады және оқушы белсенділігі артады. 3.Оқушылардың табиғи - ғылымдық дүниетанымын ағзалардың жеке дамуы туралы білім негізінде қалыптастыру және ұйымшылдыққа, өз беттерімен жұмыс істеуге, қорытынды шығара білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары. Топтық жұмыс

Сабақтың пән аралық байланысы: Өсімдіктану, Жануартану, Математика.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа, слаид, плакат, моделдер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу

І. Оқушы қызығушылығын ояту. «Менен сұрақ, сізден жауап»

ІІ. Мағынаны таны. «Білгенге маржан»

ІІІ. Ой толғау. «Бәрін білгім келеді»

Бағалау . «Бейнет түбі зейнет»

Үйге тапсырма

І. Оқушы қызығушылығын ояту. «Менен сұрақ, сізден жауап».

Үй жұмысын сұрау.
Көбею дегеніміз не? Организм қандай жолдармен көбейеді?

Топпен жұмыс. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар таратылады.

  1. Топ. Жынысты көбею. Партеногенез. Мейоз. Мейоздың биологиялық маңызы.

  2. Топ. Жыныс жасушаларының дамуы. Сперматогенез. Овогенез. Ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

  3. Топ. Гүлді өсімдіктердің ұрықтану ерекшеліктері. Қосарлы ұрықтану

«Ыстық орындық» әдісі арқылы әр топтан бір оқушыдан шығарып сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын бекіту.

Сергіту сәті: слаидпен билеу

ІІ. Мағынаны таны. «Білгенге маржан»

Оқушылар Б, Г, Н әріптері бойынша екінші рет топқа бөлінеді.

Жаңа сабақ. Ағзаның жеке дамуы. Слаид арқылы түсіндіру.

1. 1 жасқа дейін - нәресте

2. 1-3 жасқа дейін алғашқы сәби шақ.

3. 4-7 - бірінші балалық шақ.

4. 8-11-ересек шақ.

5. 12-16 жас - жасөспірім шақ.

6. 16-21-бойжеткен, бозбала

7. 21-60-кемелденген шақ.

8. 61-71-мосқал тартқан шақ.

9. 72-90 жас - кәрілік, қарттық.

10. 90 жоғары - ұзақ жасаушылар.

Онтогенез-зиготадан бастап тіршілігін тоқтатқанға дейінгі кезең, ағзаның жеке дамуы

Эмбриология ғылымы организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым. Негізін салушы Ресей Ғылым академиясының академигі К.Бэр. «Жануарлар тарихының дамуы», «Ұрықтық ұқсастық» еңбектері бар. Орыс ғалымдары А.Ковалевский мен И.Мечников зор үлес қосты. Неміс ғалымы Ф.Мюллер мен Э.Геккель биогенетикалық заңды ашты. Биогенетикалық заң - онтогенез филогенездің қысқаша қайталануы.

Онтогенез үлкен екі кезеңнен тұрады.

1. эмбрионалды - зиготадан бастап дүниеге келгенше

2. постэмбрионалды- дүниеге келгеннен бастап,тіршілігін тоқтатқанша. ұрықтанған соң зигота митоз жолымен бөлінеді.

Организмдердің жеке дамуы (10 сынып)

Ұрықтың даму сатылары: бластула, гаструла, нейрула. Топқа бөлінген әріптер бойынша Б-бластула, Г-гаструла, Н- нейрула тақырыпшаларын оқып менталды карта толтыру, оны қорғау. Ұрықтың дамуы моделін қолдану.

1.Бластула - бөлшектену нәтижесінде көпжасушалы ұрықтың түзілуі. Шар тәрізді, бір қабатты іші қуыс ұрық.

2. Гаструла - ұрық дамуының екінші сатысы, бластула қабырғасының ойыстанып, нәтижесінде қос қабатты ұрық пайда болады. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Сыртқы эктодерма, ішкі энтодерма қалыптасады. Содан соң үшінші - мезодерма қабаты пайда болады. Гаструляция - кезінде ұрық жапырақшалары пайда болады.

Экто және энтодерма, мезодерма пайда болады. Клетка өспейді, жіктеледі ұлпалар пайда болады. Лимфоцит-антидене. Бұлшықет-миозин

3. Ұрықтың гаструладан кейінгі сатысы нейрула деп аталады. Бұл кезеңде жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми мен жұлын дамиды.

ІІІ. Ой толғау. «Бәрін білгім келеді». Сабақты қорытындылау бөлімі.

Бейне ролик көру. Ағзаның дамуы.

Топпен жұмыс: Постэмбрионды даму:

Тура даму, түрленіп даму /шала түрленіп даму, толық түрленіп даму/

Бекіту. Сәйкестік тест /слаид арқылы/

Зигота

2 қабатты ұрық сатысы

Бластула

Ұрық мүшелері дамитын заты

Гаструла

Тірі ағзаның туғаннан өмірінің соңына дейін дамуы

Нейрула

Ұрықтанған жасуша

Эмбриогенез

1 қабатты ұрық сатысы

Постэмбриогенез

Дене жасушаларының бөлінуі

Онтогенез

Ұрықтың іште дамуы

Митоз

Ағзаның жеке дамуы

Бейнет түбі зейнет "- Бағалау

Үйге. Оқу, мүшелердің түзілуіне кесте толтыру. Қоршаған орта жағдайларының ұрыққа әсері. /өз ойлары/

эктодерма

энтодерма

мезодерма


ШҚО, Зайсан ауданы

Қарабұлақ ауылы

Организмдердің жеке дамуы (10 сынып)Организмдердің жеке дамуы (10 сынып)



© 2010-2022