Бақылау жұмысы 7 сынып

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология. 7 - сынып.

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тоқсан бойы алған білімдерін тексеру

Сабақтың міндеті:

1. Білімділік: Оқушылардың тоқсан бойы алған білімдерін тексеру

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім, білік дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: тест тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Тест тапсырмаларын орындау

III. Үйге тапсырма беру.

IV. Қорытынды сөз.

Сабақтың барысы:

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.

II. Тест тапсырмаларын орындау

I. Сөйлемдердің дұрыс не қате екенін анықтаныз, қате болса дұрыс нұсқасын жазыңыз:

1. Қарапайымдылардың денесі бір жасушадан тұрады.

2. Жануарлар әлемін зерттейтін биология ғылымының бір саласын цитология деп атайды.

3. Жануарларды жіктеудің негізін швед ғалымы Карл Линней қалады.

4. Қарапайым амеба жалғанаяқтылар класына жатады.

5. Кірпікшелі кебісше талшықтары арқылы қозғалады.

II. Дұрыс жауапты белгілеңіз:

1. Қарапайымдар бір жасушалы _____________ жатады.

A) өсімдіктерге

B) жануарларға

C) саңырауқұлақтарға

D) вирустарға

E) балдырларға

2. Жасыл эвглена ______________ класына жатады.

A) кірпікшелілер

B) жалғанаяқтылар

C) талшықтылар

D) сорғыш құрттар

E) таспа құрттар

3. Сорғыш құрттар класын грек тілінде ____________ деп атайды.

A) трематодтар

B) нематодтар

C) аннелидтер

D) нереида

E) актиния

4. Гидра жыныссыз жолмен ____________ арқылы көбейеді.

A) жасушалары екіге бөліну

B) бүршіктену

C) аналық және аталық жасушалар

D) жасушалары сегізге бөліну

E) жыныссыз көбеймейді

5. Жұмыр құрттар типінің __________ жуық түрлері бар.

A) 3000

B) 5000

C) 15000

D) 20000

E) 10000

III. Белгілерді сәйкестендіріңіз:

1. Жалғанаяқтары арқылы қозғалады а) ішексорғы

2. Денесін кірпікшелер қаптаған б) қарапайым амеба

3. Талшықтары арқылы қозғалады в) ақ сұлама

4. Қарапайым көзшелері бар г) кірпікшелі кебісше

5. Аскаридоз ауруын тудырады е) жасыл эвглена

IБақылау жұмысы 7 сыныпV. Артық суретті белгілеңіз:

Бақылау жұмысы 7 сыныпБақылау жұмысы 7 сыныпБақылау жұмысы 7 сынып



А) В) С) D)

V. Сөйлемдерді толықтырыңыз:

1. Құрттар 3 типке жіктеледі: ________________________________________

2. Үшкірқұрт ___________________ ауруын тудырады.

3. Ішекқуыстылардың дернәсілі _______________ деп аталады.

4. Қолайсыз жағдайда қарапайымдардың денесін __________________ қаптайды.

5. Жұмыр құрттар типін латын тілінде ________________ деп атайды.

VI. Суретте берілген қандай құрттың тіршілік циклы екенін жазыңыз:

Бақылау жұмысы 7 сыныпБақылау жұмысы 7 сынып

1. 2.

3. 4.

Бақылау жұмысы 7 сыныпБақылау жұмысы 7 сынып





III. Үйге тапсырма беру.

IV. Қорытынды сөз.









© 2010-2022