Зоология ғылымы. Жануарларды қорғау шаралары. 7 сынып

Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Кіріспе. Зоология ғылымы . Жануарларды қорғау шаралары

Жалпы мақсаты : Оқушылар зоология -жануарлар туралы ғылымы , көптүрлілілігі, таралуы,жабайы және үй жануарлары ,олардың табиғи бірлестікте алатын орны мен ролі туралы мағлұмат алады.Жануарларды қорғау шаралары туралы біледі.

Сілтеме : Биология оқулығы . Қ.Қайым. Р. Сәтімбеков.Жұмыс дәптері.

Оқу нәтижесі :1.Зоология ғылымы.Жануарлар әлемі .Тіршілігі. көптүрлілігі. Жануарлар мен жәндіктердің, жануарлардың өсімдіктерден айырмашылығын білу.ХТҚО, Қызыл кітап туралы мағлұмат.

Түйінді идеялар :1.ынтымақтастықпен жұмыс жасау. Топтық бірлесе жұмыс жасауға дағдылану.

2. Бірін-бірі тыңдау, құрметтеу.

3.Өзін,өзгені бағалай білу.

Сабақта қолданылған материалдар:презентация,венн диаграммасы,смайликтер,стикерелр

Оқыту әдістері : СТО,бір қалам әдісі,топтық жұмыс, АКТ

Дерек көздері : Жануартану ,зоология оқулығы

Оқуға арналған тапсырмалар . Жануарларды жіктеу тақырыбын оқу . Үй тапсырмасын қайталау.

Сабақ оқу барысы

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

І кезең.

Ұйымдастыру.

Сергіту «кел , билейік»

Топ құру.Сандар арқылы. Топ ережесімен таныстыру. Сыншыл досты анықтау.

Ырғақты қимыл.

Топқа бөліну.

ІІ кезең

Білімдерін жан-жақты тексеру

1 тапсырма

Өсімдіктер мен жануарлардың бір-бірінен ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасына салыңдар

Екі топ мүшелері бірін -бірі толықтыра отырып,ұқсастығы мен айырмашылығын айтады.

ІІІ кезең. Қызығушылығын ояту.

Миға

шабуыл

Сұрақ . Жер бетінде жануарлар көппе ,әлде өсімдіктер көппе?

Жабай және үй жануарлары туралы не білесіңдер?

Табиғаттағы маңызы , адам өміріндегі пайда зияны туралы әңгіме құрастырыңдар.

« Бір қалам « әдісі арқылы әр оқушы өз білімін параққа түсіреді. Топ басшысы оқып, басқа топпен ой бөліседі.

ІҮ кезең.

Мағынаны тану





Презентация

Зоология ғылымы -өте ертеден белгілі ғылым. Оның негізін грек ғалымы Аристотель қалаған. Зоология грекше :зоон-жануар,логос-ғылым \-жануарлар туралы ғылым. Ол жануарлардың құрылысын, дамуын, түр құрамын, таралуын,шығу тегін, табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын зерттейді.

Жануар сөзі парсының «джан-джанвар»деген сөзінің екінші бөлігінен алынған.Қазақша баламасы - жануарлар әлемі ,яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлық -тар. «джанвар»-«тірі жаны бар»деген мағынаны білдіреді. Омыртқа жотасы болмайтын мақұлықтар- жәндіктер, ал омыртқасы жотасы немесе желісі бар мақұлықтар - жануарлар деп аталады. Қазір ғаламшарда 1,5 млн жануар түрі бар. Жәндіктер- дің түрінің өзі 1млн асады.

Табиғаттағы маңызы 1.топырақ құрамын өзгертіп,құнарландырады.\кемірушілер, шұбалшаңдар, көртышқандар

2.өсімдік тұқымын таратады\құстар ,жанкарлар\

3.тозаңдандырады\бунақденелілер\балара,көбелек\

4.табиғат тазалықшысы \көмбекей, қорқау, күшіген, құмай\

5.түскен жапырақты қорегіне жаратады

6. табиғат тепе-теңдігін сақтайды\күшті жануарлар\

Таралуы.

Мекен ету ортасы : құрлық, су , ауа

Қалыпты тіршілігіне іәсер етуші орта жағдайлары .

Өлі табиғат әсері, тірі табиғат ісері,адам әрекеті әсері

Өлі табиғат әсері : температура ,жарық, ылғалды- лық,жел, жер бедері т.б

Тірі табиғат әсері: қоректік тізбек

Жануарларды қорғау. Халықаралық табиғат байлықтарын қорғау одағы \ХТҚО\1966 жылы құрылып, арнаулы Қызыл Кітапты ұйымдастырды.қазақстандада ұйымдастырылып, оғансирек кездесетін , жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер тіркелінді.Қорықтар туралы мағлұмат беру.

Оқушылар тыңдайды, ой бөліседі.

Ү кезең

Ой толғаныс



1 топ жануарлар туралы аңыз әңгімелер, жұмбақтар .

2 топ . жануарлар туралы мақал мәтелдер

Мысалы:» мал өсірсең , қой өсір, өнімі оның көл көсір» « нар түйеден, тұлпар -биеден», « Нәсілі жаман сиырдан өлі бұзау туады» « Құстың алғанынан салғаны қызық»

Постерге түсіреді.

ҮІ кезең Қорытындылау. Рефлексия



Сыншыл достың пікірін тыңдайық

« Бүгінгі сабақ ұнады ма?»

Бағалаушы сыншыл дос оқушылардың белсенділігі, сабақта өз білімдерін дәлелдеуі ,қатысуы туралы өз бағасын айтады.



© 2010-2022